Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-09-24 13:13:06 КІТАП ҚАСИЕТІ

Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады.
Адамды аздыратын жаман қылықтар да адамның өзінен шығады. Ол да тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың.
Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап.

Ең бірінші – Құран!
Екінші – хадистер!
Ұлы классиктер.
Қазақтың ұлы ақын-жазушылары.

Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына.
Кітап –өмірсерік.
Кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді.

Бір кем дүние…

Шерхан Мұртаза

@maktubatkz
1.2K views10:13
Ашу / Түсініктеме
2021-09-23 08:11:57 Әссаляму алейкум, құрметті бауырларым!

Алланың қалауымен сіздерге арнап “МҮМКІНДІК” атты кітапты ұсынамыз.


Бұл кітап қиямет күні ең басты сұралатын нәрсеміз НАМАЗ жайлы.
Дін мен психология ұштастырылған, қаншама ғибрат аларлық оқиғалар, таймменеджмент, ұйқы, әдет қалыптастыру т.с.с көптеген тақырыптар қамтылған.

Кітап жазудағы Басты мақсатымыз:

•Қоғамға титтей де болса пайдалы болу;

Намаз оқуға барша ниеттеніп жүрген бауырларымыздың қорқынышынан арылтып, Жаратушы Алланы танып,бұйырған,талап еткен құлшылықтарын,қайырлы қадамдарға бастайтын сауапқа толы ғибадатты орындауына себепші болу;

•Намаз оқитын бауырларымыздың намазына немқұрайлы қарамай,керісінше одан әрі әсемдеуіне;

•Құлшылық,сауапты амал жасауда, Алланың разылығын алуда МҮМКІНДІКТЕРІМІЗДІ тиісінше пайдалану;

•Жаратылудағы басты миссиямызды орындау. Алла Тағала «Зәриәт» сүресінің 56-аятында: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылуы үшін жараттым» деген.

Міне, осы еңбек оқырман жүрегінен орын тауып, ойланып, ой түйеді деген сенімдеміз.

Сізде оқып, пікіріңізді қалдыра өтіңіз
210 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 22:17:16
878 views19:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 22:16:49 Араб тілін үйреніп жүрген әрбір адамға сөздік қордың болу өте маңызды. Бұл тіл үйренудің негізі болып табылады.

Егер сіз араб тілін үйреніп жүрген жан болсаңыз, сөздік қорыңыздың көбейгенін қаласаңыз және сөздік ашудан шаршасаңыз

"Күнделікті қолданылатын етістіктер" кітабы сізге арналған.

Кітаптың артықшылығы:
1) 540 етістік келген. Яғни 540 етістікпен басталатын сөйлем сіз үшін түсінікті болады.

2) Әрбір етістіктің өткен шағы, осы, келер шағы және масдары келген. Бұл сізді қатеден сақтайды.

3) Сөзді ұмытпау үшін мысал келген. Ол арқылы жадыңызға бекітіп, сөзді тез ұмытпайсыз.

4) Мысалдарда келген есімдердің аудармасы бар. Бұл қосымша сөздік қорыңызды тағы байыта түседі.
_________
Кітап Pdf нұсқада. Шығарып алуға кеңес беремін.

Құны: 1490 теңге

Төлем үшін каспий реквизитім:

5169 4971 3910 6805
Номер 778 607 6670
Жансая Қ
__________________
Чекті +7 777 207 2902 номеріне жібересіз!
904 views19:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 11:19:44 Кітапты өртеуден де үлкен қылмыс бар, ол - кітапты оқымау

@maktubatkz
455 views08:19
Ашу / Түсініктеме
2021-09-19 11:50:18 СҮЙІНШІ!!!

Бот қайта іске қосылды!

@maktubatkzbot
1.5K views08:50
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 21:45:02 “Мен әр түні ұйықтар алдын кітап оқуға он минут уақыт бөлемін. Небәрі 10 минут. Бұл әдетімді ешқашан тастаған емеспін. Соның арқасында “Фатхул-Бари”, “Тахзибу әт-тахзиб” сияқты кітаптарды бастан-аяқ оқып шықтым.”

Шейх Ахмад Миабад АбдулКарим (Шариғат ғ.д., әл-Әзһар университетінін хадистанушысы)

Фатхул-Бари 13 томнан тұрады..!

@maktubatkz
1.8K viewsedited  18:45
Ашу / Түсініктеме
2021-09-17 11:01:13 ХХ ғасырдың бас кезінде Мұхаммед Абдуһ дейтін Мысырлық ойшыл, ғұлама өмір сүрген. Сол кісі Париж қаласына барғанда оған бір оқымысты «Әнғам» сүресінің 38 аятына меңзеп: «Сіздер «Кітапта еш нәрсені жібермей (жаздық)» дейсіздер (яғни, Құранда бәрі бар дейсіздер).

Айтыңызшы, 150 килограм бидай ұнынан қанша күлше шығады? - деп сұрақ қояды.

Сонда Мұхаммед Абдуһ наубайшыны шақыртып, одан ана адамның көзінше: «150 килограм бидайдан қанша күлше шығады?, - деп сұрайды. Наубайшы: «пәлен күлше шығады» деп жауап береді.
-Сіз Кітап не дейді, соны айтсаңызшы, - дейді əлгі адам Абдуһтың онысына разы болмай.

Сонда Абдуһ:
- Құранда: «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» делінген. Сол аятқа сай бұл сұрақтың жауабын сол саланың адамынан сұрадым” деп жауап берген екен.

Имам Шаърауидің Құран тәпсірінен

@maktubatkz
2.2K viewsedited  08:01
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 13:17:33 Әлдекімнен “Сенің достарың кім?” деп сұрағанда, “мыналар” деп кітаптарын нұсқады.

“Ал, адамдардан ше?” - деген сұраққа, “сол кітапта баяндалған кісілер” деп жауап берген екен…

Хатиб Бағдади, “Тақийдул-ғилм”,125

@maktubatkz
3.4K viewsedited  10:17
Ашу / Түсініктеме