Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2021-07-19 15:42:48 “ТАШРИҚ ТӘКБІРІНЕ” ҚАТЫСТЫ БІЛУ КЕРЕК ҮКІМДЕР

Тәшриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әрбір парыз намаздан кейін айту әрбір ер адамға да, әйелге де, тұрғылықты кісігі де, жолаушы кісіге де бір рет айту уәжіп болады.

Ер адамдар дауыстарын көтеріңкі қалыпты айтса, әйелдер бәсең үнмен іштей айтуы керек.

Тәшриқ тәкбірін айт намазынан кейін де айту керек.

Хайыз немесе нифас халіндегі әйелге бұл тәкбірлерді айтуына болмайды. Оның орнына кез келген зікір түрлерін айтуына болады.

Сондай-ақ, кімде-кім бұл амалды атқаруға мән бермесе, уәжіпті тәрк еткені үшін күнәлі болады.

Егер кімде-кім тәшриқ күндері намазын қаза етсе, тәшриқ тәкбірін сол қаза намазын өтегеннен кейін барып айтуы керек.

Егер кімде-кім парыз намаздан кейін ташриқ тәкбірін айтуды ұмытып кетіп кейін есіне түсірсе, әрі намаз оқыған жерінде және ешкіммен сөйлеспеген болса, онда ташриқ тәкбірін айтуы керек. Алайда, айналасындағылармен тілдескен болса немес дүниелік істермен айналысып кетсе, онда ташриқ тәкбірін тәрк еткен болады.

Әзірлеген: @mihrab_kz

Жазба ұнаса лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіңіздер!

Бұл жазба тек Телеграмда ғана, инста-парақшамызға шықпайды. Сондықтан біздің каналды үзбей қарап жүріңіздер
634 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-17 09:18:21 БІЛІМ САЙЫСЫ @mihrab_kz каналында өтеді. Сонда жазылсаңыздар барлық ақпараттан құлағдар боласыздар!
2.1K views06:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 19:50:21 ​​ Құрметті, Миһраб оқырмандары!

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, парақшамызда БІЛІМ САЙЫСЫ!!!

Сайыстың мақсаты парақша оқырмандарының діни сауатын арттыру, әһлі-сүннет ғұламаларының еңбектерін насихаттау.

Сайыс Youtube арнамызда ұстаз Ерғали Алпысбаевпен өтіп жатқан “Мухтастарул-Қудури” кітабының “Таһарат бабы” бойынша өтеді.

Сайыс шарттары:

Youtube арнамыздағы “Мухтасурл-Қудури” дәрістер жинағынан алғашқы 16 дәрісті тыңдау;
Біздің Youtube, Instagram, Telegram каналдарымызға жазылу;

Сайысқа 12-40 жас аралығындағы еліміздің кез-келген тұрғыны қатыса алады.
ЕСКЕРТУ: Сайысқа діни қызметкерлері, медресе, НМУ шәкірттері мен түлектері қатыса алмайды.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең: 20 сұрақ (тест)
2 кезең: 15 сұрақ (тест)
3 кезең: 5 сұрақ


Уақыты: Құрбан айттың 1-3 күндері.

Жүлде қоры:

50 000 теңге
30 000 теңге
20 000 теңге
Ынталандыру сыйлығы (2 адам) - 10 000 теңге

Жеңімпаздарды 22 шілде күні Instagram желісінде тікелей эфирде анықтайтын боламыз.

Сайысқа қатысты қосымша ақпараттар Телеграм каналымызда жарияланатын болады.

Баршаңызды сайыста күтеміз!
587 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 14:32:54

2.2K views11:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 00:15:12 ​​Afendi Лайфхақ: “Құран жаттағым келеді...”

Әрбір діндар Құран хапызы болуды армандайды. Алайда, бұл кез келгеннің бағына бұйырмас, Райм айтпақшы, қаншама еңбек, қаншама терді қажет ететін белес. Әрісі, Құранды толықтай тек медреседе ғана жаттай аласың деген түсінік қалыптасқан. Жаттау жүйесі де медресе стиліне бейімделген. Әлбетте, бәрінің медресе оқырлық уақыты мен мүмкіндігі жоқ.

Айтпағым мынау. Жоғарыдағы абзац біздің Құран жаттауымызға бөгет болмауы тиіс. Бәлкім, бізге хапыздық бұйырмас, бірақ одан әркім аз да болса үлес алуы керек деп ойлаймын.

Меніңше, әрбір әһли тәжуид ең кемі мына бес сүрені жаттауға ден қоюы тиіс:

Бақара, Әли-Имран, Кәһф, Ясин, Мүлік.

Бұл сүрелердің сенімді хадистерде баяндалған өзіндік ерекшеліктері бар:

- Бақара және Әли Имран сүрелері өзін жаттаушы адамға Қиямет күні шапағат етеді;
- Кәһф сүресін әр жұмада оқығанға нұр нәсіп болып, күнәлары кешіріледі.
- Ясин Құранның жүрегі әрі оны оқу күнәларды кешіреді
- Мүлк сүресін әр түні оқу қабір азабынан сақтайды, жаттаған жанға шапағат етеді.


Осы жерде бір әпендіден “Жаттамай-ақ, оқып жүрсек болмай ма?” деген сұрақ тууы мүмкін.

Қараңызшы, мысалы, Кәһф сүресі жылына ең кемі 52 рет оқылады. 50 жылдың ішінде шамамен 2500-нан аса қайталанады екен. Ендеше, осыншама рет қайталанар сүрені неге жаттап алмасқа?! Әрі бұл бес сүре шамамен Құранның 1/6 бөлігін құрайды!

Ең көп дегенде, аптасына бір бет жаттасаңыз, екі жылда толық меңгеріп шығасыз. Бір айда бір бет жаттасыңыз да не подарок! Бастысы жаттау, қашан бітем емес! Ғұмар сахаба (Алла баласы екеуіне разы болсын) Бақара сүресін 8 жыл жаттаған (мә, саған мотивация)

“Құран жаттаған жігітті үхти мақтаған” демекші, қари бола алмасақ та ақыреттік сауабы бар кей сүрелерді меңгеріп алсақ, бұл да бір өмірлік жетістік болмақ, әпенделерім...

Бақара жаттамаған пақырдың посты деп қабыл алыңыздар
739 views21:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 21:22:57

1.3K views18:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 12:31:19 Әпендінің бүгін көңіл-күйі көтеріңкі. Ұйқысы қанған. Кеше құптаннан соң мен-мен деген мүридтерін жинап алып, мешітте имаммен айқайласып жүретін ахилармен атысқан. Бұл жолы контрда, пабджиден жалыққалы қашан... Стенаның ар жағынан атып, бір-екі ахиды қалпақтай ұшырған. Сол сәті есіне түссе көзі күлімдеп, әндетіп қояды:
- Бәйбішесіз бад ма ғо..
Қалғандары шама-ло

Сағатына қарап еді, бесінге дейін рамен пісер уақыт бар екен. Инстасын ашып, тікелей эфирге шықты.
Әп-сәтте көрермендер саны артып түрлі сұрақтар қоя бастады.
-«Тоқал қалай алсақ болады?»
-«Тариқатқа кіру қанша тұрады?».. «Марафон өткізесіз бе?»..


Сан сұрақтың арасынан «Ұстаз, бұрын уағыз тыңдасам иманым күшеюші еді, қазір мүлдем олай емес. Мұның сыры неде?» деген пікірді көзі шалды. Өтіп кетпекші еді, оқырмандардың «Ухтилерден көзіңді ти», «вайнерлерден отписка жаса», «тек ҚМДБ халал штампы бар окорочка же» деген смстерін көріп, жауап беруге бекінді:

«Мұның кілті мынада мүриджан. Алғаш дінге бет бұрғаныңда сенің рухың уағызға аш еді. Әрбір естіген уағызың, оқыған кітабың саған рухани күш сыйлайтын. Ал, қазір ше? Сенің айналаң уағызға толы. Телефоның толы уағыз. Уатсап ашсаң уағыз, инстаға кірсең уағыз. Кездескенде де айтатын уағыз. Еститінің де уағыз, оқитының да уағыз.

Сен өз жүрегіңді бір литірлік ыдыс деп ойлашы. Енді осы ыдысқа екі литр су құйсақ, қалай болар еді? Асып-төгілмей ме? Қазір сен осы күйдесің. Сенің иманың артық уағыз бен пайдасыз ақпараттан шаршаған. Нәпсің ұзақ уағыз тыңдауға қауқарсыз. Әрі діни ақпарды мәлімет үшін оқисың. Нәтижесінде уағыз өзінің құнын жоғалтқан. Қарынға артық ас зиян болғандай, рухқа артық уағыз да зиян. Так что, күніне әрі кетсе он-он бес минут уағыз тыңдасаң жеткілікті. Бірақ аптасына бір-екі сағаттық дәріс тыңдап қой.

Біл, сахаба Абдолла ибн Масғұд небәрі аптасына бір рет бейсенбі күні айтқан. Әрі жиі айтуын өтінгендерге «сендерге көп уағыз айтып жалықтырып алам ба деп қорқамын. Сол үшін пайғамбарымыз секілді анда-санда қолайлы уақытта ғана айтуды жөн көремін» деген екен...

- Мащ-щщ-Алла, ұстаз!
- Нағыз хақиқи пір екенсіз! деген пікірлер қарша борады.
- Әпендім, тоқал туралы толғай бермей, арасында тақуалық туралы да айтсаңызшы?-деді бір оқырман.
- Эх, тақуалық туралы айтқым-ақ келеді-ау. Бірақ, үйдегі бәйбішемнен ұяламын – деді де уатчына үңіліп еді, рамен пісіп-ақ қалған екен.

- Шіркін, телефонымыз, айналамыз уағыз секілді белгілі бір профессия туралы ақпаратқа толы болса, әлдеқашан он тілде мүдірмейтін полиглот не техниканың майын ішкен мықты инженер/доктор болып кетер едік қой» деп жеңіл күрсінген Әпенді бесін оқуға дайындала бастады...

@apendim
2.2K views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 23:18:26
Құранда Алла Тағала:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا.وَسَبِّحُوهُ بُكْرَةً وَأَصِيلا.
«Әй, иман еткендер! Алланы көп еске алыңдар! Оны (кемшілік атаулыдан) пәксің деп, ертелі-кеш ұлықтаңдар!», - деген.

Жаратушымыз Алла Тағала пенделеріне көп істеуге басқа амалдарды емес зікір етуді яғни Өзін еске алуды айтқан.

Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ:

«Алла Тағала айтады: Егер мені пендем еске алса, мен онымен біргемін.», - деп айтқан.

Демек әрбір мұсылман Алланы жиі еске алып, жүрегін иман нұрымен нұрландыруы керек.

Дұғамыз артықшылықтары, шарттары, қабыл болу орындары, уақыттары бар. Оның барлығын бір жазбамда жазып жеткізе алмаспын.
Сол үшін де сіздерге өзімнің

«Дұғам қабыл болсын десеңіз» -

атты 25.05.2021 күні болатын марафоныма қатысуға шақырамын.

Марафонға тіркелу:
@dugamqabyl_bot
396 views20:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 21:35:58 ​​ Ораза айт намазына байланысты білу керек БЕС НӘРСЕ
 
Айт намазының алдында нәпіл намаз оқылмайды.
 
«Алла елшісі айт намазының алдында ешқандай намаз оқымаушы еді. Ал үйіне оралғанда екі рәкағат намаз оқитын» («Сунан Ибн Мажа»: 1/410)
 
Айт намазының қазасы оқылмайды. Оның орнына төрт рәкәт нәпіл намаз оқу ұнамды саналады.

«Кім айт намазын өткізіп алса, төрт рәкағат оқысын»  (әл-Һайсәми. «Мажмағ-аз- Зауааид»: 2/442)

Ораза айт күні таңда ауыз бекітілмейді. Ораза айт намазына үйден дәм ауыз тиіп шығу, құрма жеу сүннет саналады.

«Алланың елшісі ораза айтында бірнеше тал құрма жемейінше үйден шықпайтын» («Сахих әл-Бухари»: 2/17)

«Пайғамбар ораза айтында үйден дәм ауыз тимей шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын» («Сунан ат-Тирмизи»: 2/426)

Айт намазына дейін пітір садақасын беріп үлгеруі тиіс.

«Алла Елшісі пітір садақасын айт намазына дейінберілуін бұйырды» («Сахих әл-Бухари»: 3/570)

«Кім оны намаздан бұрын төлесе, онда ол – пітір садақасы. Ал кімнамаздан кейін төлесе, онда ол – жай садақалардың бірі» («Сунан Әби Дәуд»: 2/25)
 
Егер айт намазында дәрет бұзылса және дәрет алып келгенге дейін намаз аяқталып қою қаупі болса, таяммум алып жалғастыруға болады.
 
«Жаназа намазын өткізіп алудан қорықсаң және дәретсіз болсаң, таяммум алып оқы» («Нусб ар-Рооя ли Әхаадиис әл-Һидая»: 1/158.)
 
Ескерту: Жаназа және айт намаздары үкім жағынан бір-бірімен ұқсас. Бұл намаздардың қазасы өтелмейді.

Әзірлеген @mihrab_kz

Жазба ұнаса лүпіл басып, бөлісеміз!!!
2.9K views18:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 05:05:22 Өзім практикада жиі қолданатын дұғаларды жинақтап ұсынуды жөн көрдім. Пайдаларыңызға жарайды деген үміттемін! Алдағы уақытта жаңартып отыратын боламын!

@apendim
2.4K views02:05
Ашу / Түсініктеме