Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2021-08-19 08:49:09 Ашура әуелгі ізгілер үшін тек ораза тұтатын күн ғана емес, Алланың кеңшілігіі мен берекесіне қол жеткізетін шақ-тұғын.

Ислам ғұламалары әбу Һурайра, Жәбир ибн Абдуллаһ, Абдулла ибн Мәсғуд, әбу Сәйд әл-Қудри, Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһум) секілді бірнеше атақты сахабалардан төмендегі хадисті жеткізеді:

"Кімде-кім Ашура күні отбасына кеңшілік қылса, Алла Тағала оған жыл бойы кеңшілік жасайды"
(Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115; әл-Истизкар, 10/140; Тәнзихуш-шариа, 2/158)

Хадисті жеткізушілер айтады: "біз бұған амал еткен едік, мұның шын екеніне куә болдық" (әл-Истизкар, 10/140)

Атақты табиғин Суфиян ибн Ғуяйна айтады: "Мен бұған 50 не 60 жыл амал еттім әрі әрдайым пайдасына қол жеткіздім" (Ләтәиф-мағариф, 113)

Ендеше, Ашура күні отбасыңызға сыйлық жасаңыз, түрлі тәттілер әкеліп, оларды қуанышқа бөлеңіздер. Ашура күнгі құлшылықтарымыз қабыл болғай!

@nekelim_kz
642 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 19:20:52 ​​ АШУРА ОРАЗАСЫН НЕШЕ КҮН ҰСТАУ КЕРЕК?

Биылғы Ашура күні мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес 19 тамызға сәйкес келеді. Осы орайда, мұсылмандар арасында “Ашура оразасын неше күн тұту керек?” деген сұрақ туындайтыны рас. Бүгінгі шағын жазбабымызда осы тақырыпқа қатысты шариғи дәйектемелерді талқылайтын боламыз.

Ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, Ашура күні ауыз бекіту – мустахаб. (Бәдә'ис-сана', 2/79)

Оған дәлел ретінде, әбу Қатада (рахимахулла) жеткізген танымал хадисте Алла Елшісі ﷺ айтады:

وصيام يوم عاشوراء أحتسب على الله أن يكفر السنة التي قبله

"Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп Алладан үміт етемін."

Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген:

" إِنَّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيَّامِ اللَّهِ فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ وَمَنْ شَاءَ تَرَكَهُ "

"Расында, Ашура Алланың күндерінен болған күндердің бірі. Кім қаласа ораза ұстасын, ал қаламаса, ұстамасын." (Мүслим, 1126)

Жалпы бұл күні ораза тұтуға қатысты үш түрлі көзқарас бар (Фатхул-Бари, 4/246):

1) Тек қана Ашура күні ораза тұту. Ханафи мәзхабы ғалымдарының бір тобының көзқарасы бойынша тек қана Ашура күні ауыз бекіту - мәкруһ (тәнзиһән). (Дуррул-Мұхтар, 2/91).

Бұл пікірді имам Шурунбулали, Бадруддин әл-Әйни, ибн Әбидин, ибн әл-Хумам, имам Хаскафи (рахимахумуллаһ) сынды ханафи мәзхабының таңдаулы фақиһтары таңдаған. Сондай-ақ, атақты "Фатауа әл-Һиндия" (1/202) кітабында да осылай жазылған.

Олардың сүйенген дәлелі, Алла Елшісі ﷺ Ашура жайлы хадистерінің бірінде былай деген:

لئن بقيت إلى قابل لأصومن التاسع

"Егер келесі жылы аман болсам, тоғызы күні де ауыз бекітемін." (Муслим, 1134)

صوموا التاسع وخالفوا والعاشر الیھود

"Тоғызы және оны күні де ауыз бекітіп, яхудилерге ұқсамаңдар!" (Мусаннаф Абдурраззақ, 7839; Сунан әл-Кубра, 8404)

Екінші топ ханафи мәзхабы ғалымдарының пікірінше, тек қана Ашура күні ораза тұту мәкруһ емес. Себебі, бұл күні ораза тұтудың үкімі, жоғарыда баяндағанымыздай, мустахаб. Бұл пікірді ұстанғандар қатарына имам Кәсәни, Әнуар Шах Кашмири, Әбу Зафар Усмани, Абдул-Хақ Дәхләуи (рахимахумулла) секілді атақты фақиһтар мен мухаддистер кіреді.

2) Ашураға кейінгі (тоғызы) не алдыңғы (он бірі) бір күнді қосып ұстау.

Бұл көзқарас яхудилерге ұқсамау туралы жоғарыда баяндалған хадиске негізделеді. Сондай-ақ, Алла Елшісіне ﷺ христиандар мен яхудилердің осы күнді құрметтеп, ораза тұтатыны айтылғанда:

فَإِذَا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ - إِنْ شَاءَ اللَّهُ

"Алла қаласа, келесі жылы біз тоғызы күні де ораза тұтамыз" деген. (Муслим, 1134)

Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) Ашураға дейінгі немесе одан кейінгі бір күнді қосып ұстағаны жеткен, әрі сапарда болса да бұл амалын тоқтатпаған. (Табари, Тәхзиб әл-әсәр, 537)

3) Үш күн қатарынан ауыз бекіту. Бұл ибн Хәжәр Әсқалани, ибн Қаюм әл-Джаузия (рахимахумуллаһ) сынды ғалымдардың көзқарасы бойынша, ең дұрыс пікір осы.

Оған себеп, адам Ашура күнін есептеу барысында жаңылып, бұл күннің сауабынан қол үзіп қалуы мүмкін. Ханбали мәзхабының ғұламасы ибн Қудама (рахимахуллаһ) имам Ахмадтың былай дегенін айтады:

"Кімде-кім ораза ұстауды қаласа, тоғызы және оны күні ауыз бекітсін. Ал, кім күн санаудан жаңылысса, үш күн қатарынан ауыз бекітсін" (әл-Муғни, 1/441).

Десе де, кейбір фақиһтар оны және он бірі күні ауыз бекіту бұдан абзал деп санаған. (Мирқат әл-Мәфәтиһ, 4/1412; Имдәд әл-Фәтәуә, 2/118)

Қорытындылай келе түйіндер болсақ,

Мүмкіндігінше, бұл күні үш күн қатарынан ауыз бекіткен абзалырақ болады, себебі, бұл ғалымдар таңдаған пікірдің ең дұрысырағы. Оған қоса, үш күн қатарынан ауыз бекіткен адам міндетті түрде Ашурамен кездеседі, әрі бірінші пікірде талқыланған келіспеушілікке ұрынбайды, сондай-ақ, кітап иелерінен өзгешелену туралы айтылған хадиске де амал еткен болып табылады, әрі хадистерде баяндалған сауапқа қауышады.

Алла Тағала тұтқан оразаларыңызды қабыл етсін!

Әзірлеген:
@mihrab_kz

Мақала көшірілу барысында сілтеме берілуі тиіс.
1.2K views16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 19:24:17 ​​АШУРА ЖАЙЛЫ АЛТЫ ХАДИС

Ашура күні – Ислам күнтізбесіндегі таңдаулы даталардың бірі. Осы ретте сіздерге Ашура күнінің артықшылығы туралы алты хадис ұсынамыз. Жазба ұнаса лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіңіз.

Әбу қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп үміттенемін" (Муслим, 2738)

Әбу Қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза жыл бойы тұтқан оразаға сай келеді" (Сахих ибн Хиббан, 3631)

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте "Кімде-кім Ашура күні отбасына жомарттық жасаса, Алла Тағала жыл бойын оның отбасына береке, молшылық нәсіп етеді" (Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115-116)

Жәбәлә жеткізеді: Бірде табиғин ибн Шиһаб әз-Зуһримен сапарда болғанымда ол Ашура оразасын ұстады. Жанындағылар "Сіз Рамазанда сапарда болсаңыз ораза ұстамайтын едіңіз ғой" – дейді. Сонда әз-Зуһри: "Себебі, Рамазан оразасы бірнеше күн, ал, Ашура олай емес" деп жауап берді (Шуғабул-иман, 3518; Сияр ғәләмин-нубәлә, 5/342)

Абдулла ибн Аббас айтады: "Алла Елшісінің бірде-бір Ашура оразасы секілді ораза тұтуға асыққанын көрмедім" (Бухари, 2006)

Сахаба Хазірет Әли айтады: "Егер сіз Рамазаннан кейін ораза ұстағыңыз келсе, Мухаррам айында тұтыңыз. Себебі бұл шын мәнінде, Алланың айы. Алла Тағала бұл күні бір халықтың тәубесін қабыл еткен еді, әрі басқа пенделерінің де тәубесін қабыл етеді." (Сунан Тирмизи, 741)

Хафиз ибн Рәжәб осы хадиске қатысты бірнеше риуаяттарды келтіріп, бұл күннің Мухаррам айының 10-ы, яғни, Ашура күніне саятынын айтады. (Ләтәиф-мағариф, 104)

Алла Тағала Ашура күнгі құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Әзірлеген: @mihrab_kz
649 views16:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 14:09:15
990 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 14:09:15 ЖАҢБЫРМЕН ЖЕР КӨГЕРЕДІ
БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕДІ


Бәз біреулер айтпақшы, қазақ спортшылары "дұғада болайық" дегендері үшін "жеңіліс тапса", өзбек боксшысы Бахадүр Жалоловтың "дұға жасауы" жеңісіне кедергі болмапты.

Отандық спорттың кенжелеуін дініне берік спортшылардан емес, парақорлар, жемқорлардан көру керек. Әрине, ата-бабамыздың діни танымын мансұқтайтын спортшыларды ақтай алмаймыз. Алайда, ханафи мазһабы мен матуриди ақидасына берік спортшылар да бар ғой.

Дұға демекші, Түркияда орман өртеніп, иманды халық тасаттық жасап, Алладан жаңбыр тілеп жатса, елдің бірқатар атеисттері: "Тамыз айында жаңбыр жаууы мүмкін емес. Дұғаға емес, ғылымға сену керек" депті.

Ал Алла Тағала елдің дұғасын қабыл алып, көктен жаңбыр жіберіп, жұртты әбігерге салған өртті ауыздықтады.

ұстаз Қанат Жұмағұл | Һибатулла Тарази медресесінің басшысы

@islampress_kz | Діни жаңалықтар - каналға жазылыңыздар
1.0K views11:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 20:16:58 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА pinned « Ассаламуалайкум, Мактубат оқырмандары! Соңғы уақытта қолданушылар тарапынан боттың жұмыс істемей тұрғандығы жайлы көптеген шағымдар түсуде. Жақында бот базасы орналасқан сервер хакерлік шабуыл себебінен сөніп қалды. Қазргі таңда IT-мамандар қалыпқа келтіру…»
17:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 20:16:53 Ассаламуалайкум, Мактубат оқырмандары!

Соңғы уақытта қолданушылар тарапынан боттың жұмыс істемей тұрғандығы жайлы көптеген шағымдар түсуде.

Жақында бот базасы орналасқан сервер хакерлік шабуыл себебінен сөніп қалды. Қазргі таңда IT-мамандар қалыпқа келтіру шараларын жүргізіп жатыр. Барлығы жақсы болады деген үміттеміз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бот әкімшілігі
728 viewsedited  17:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 12:18:53 Жоғарыдағы мәтін осы кітаптан алынған. Жүктеп алып, оқуға кеңес береміз!
725 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 12:17:58 Ислам шариғатында некеге адамның жағдайына және халіне қарай бес түрлі үкім беріледі.

1) Парыз. Өзінің нәпсісін тыя алмай, зина жасап қоюдан қорыққан, үйленуге қаражаты бар адамға үйлену парыз болады. Сондай-ақ адамда төмендегі жағдайлар белең алса, оның үйленуі парыз саналады:
а) Үйленбеген жағдайда зина жасап қоятындығы анық болса;
ә) Адамның шаһуатын әлсірететін ораза ұстауға шамасы келмесе;
б) Мәһр төлеуге және әйелін қамтамасыз етуге жағдайы болса.

2) Сүннет. Үйленбеген жағдайда зина жасаудан өзін тыя алатын болса, бірақ шаһуатын басу үшін үйленуді қаласа, ол адамға үйлену – сүннет.

3) Харам. Егер үйлену адамның шариғат тыйым салған харам істерді орындауына себепші болатын болса немесе өзінің ерлі- зайыптық міндеттерін орындай алмайтын кемшілігі болса, оған үйленуге болмайды. Себебі ол үйлену арқылы басқалардың құқықтарына қол сұғады.

4) Мәкруһ. Егер үйлену оған шариғат тыйым салғанды орындауға анық себепші болмағанымен, сондай қауіп болған жағдайда үйленудің үкімі мәкруһ болып саналады.

5) Мубах. Егер адам зина жасаудан өзін тыя алатын болса және үйленуді қаласа, оған үйлену – мубах. Сүннет пен мубахтың айырмашылығы: шаһуатын басуды және ұрпақ қалдыруды ниет етіп үйлену – сүннет, ал ниет етпесе, үйлену мубах болады.

Мұхаммед Ахмад Канған
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас негіздері.

https://t.me/kaatib0
669 views09:17
Ашу / Түсініктеме