Get Mystery Box with random crypto!

АҢҚАУ ЕЛГЕ АҚЫЛДЫ МАРКЕТОЛОГ Аян жұмыссыз жүргеніне айдан аст | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

АҢҚАУ ЕЛГЕ АҚЫЛДЫ МАРКЕТОЛОГ

Аян жұмыссыз жүргеніне айдан асты. Жата-жат төсегі замш болған Аянның басына бір күні сап етіп beautiful idea келеді. Дереу 300к оқырманы бар бала күнгі досы Үсенге хабарласып, идеясын ұсынды. Суши мен пиццадан ығыр болған Үсенге бұл ой ұнай кетті.

Аян Kolesa-ны ақтарып, екі шыттай армянский иномарка тауып алды. Қожайындарына үстемақы беретін болып келісіп, әлгі көліктерді лотереяға тікті.

Кейін дереу құны үш мың теңгелік 5000 билет дайындады. Үсен жарнамалық ролик түсіріп, 300к оқырманына қос көлігіне лотерея ойнатып жатқанын жариялады. Халықты алдарқату әрі билет тез өтуі үшін "сатылымнан түскен қаржының 1 млн теңгесі қайырымдылық пен мешіт құрылысына жұмсалады" деп жарнамаға "духовной" жел берді. Қасына қосымша сыйлықтар да тігілді.

Я машина, не айфон, құрыса мешітке көмек берем деп дәмеленген аңқау халық билетті жапа-тармағай сатып алды.

Барлық шығындар 10 млн теңгені құрады. Үсен жарнама үшін 2 млн теңгені маңдайы терлеместен алды. Ал, Аян 3 млн теңгесін жүз қайтара санап, Дубайға ұшып барады. Бұл ақша ең кемі жарты жылдай мұрты қимылдамастан жұмыссыз жатуға толық жетеді. Сосын тағы да лотерея ұйымдастыра жатар...

Пысы. Жарықтық, мына жазбаны Айдардың баласы аяғы аспаннан келмей тұрып жарты жыл бұрын жазған екенмін. Соны тағы да бір бөлісіп қоюды ұйғардым. Аянға алданғандар әлі де аз еместей...

@apendim