Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2021-02-12 14:23:40 ​​Бір атақты мұсылман ғалымының басынан өткен мына оқиға өте әсерлі деп ойлаймын. Оны ғалымның өз аузымен баяндайық.

«Бір жолы жолым түсіп Мысырға бардым. Сапарым аяқталған соң Александриядан шығып Каир арқылы ұшатын болдым. Рейсім таңертең ерте болған соң, Каирдегі аэропорт жанындағы мешіт имамына достарым арқылы телефон соққызып, түн ортасында барып мешітте түнеп, таң намазын оқыған соң ұшаққа мінетінімді айттым. Сондықтан, мешітті құлыптамай, ашық қалдыруын өтіндім.

Түн ортасында мешітке келсем,бір адам михрабта сәждеде жатып, ғаммияша (диалектіде): «Холос иә Роб! Халилни... (Болды жаратушы Ием! Жәрдем етші маған...)», - деп жылап, шынайы дұға жасап жатқанын естіп, тұрып қалдым.

Намазын бітірген соң, жанына барып амандасып, қал-жағдайын сұрадым. Ол: «Аллаға қай жағдайда шүкір етемін. Бірақ ертең әйеліме ота жасайды. Он бес мың төрт жүз гиней керек», – деді. Мен оған қолымда берер ешнәрсе болмағанымнан қысылып: «Алла жәрдем етсін», – деп шығарып салдым.

Үтір намазымды оқып, ұйықтап қалдым. Таң намазы уақытында азаншы келіп азан айтты. Намазға тұрғанымда, мешіт имамы мені танып, жолаушымын десем де намазға өтуімді өтінді.

Толық оқу үшін басыңыз
2.3K viewsedited  11:23
Ашу / Түсініктеме
2021-02-06 19:28:37 ​​Бауырым, смартфоның бұл дүниеде қолдануға, алып жүруге ең ыңғайлы зат болғанымен ақыретте күнə тұрғысынан ең ауыр затқа айналып кетуі мүмкін. Смартфоныңды дұрыс пайдалана біл!

Ерсін Әміре
8.8K views16:28
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 17:53:54

3.9K views14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-02-04 20:05:49
Бір ғалым айтады: Үйге келсем балаларым міне былай жатып алыпты.

- Балапандарым неге бұлай жатырсыңдар?
-Бір бет Құран оқып болғанымызда жоғарылап кете береміз әке.

Балақайлар хадистегі “Оқы да көтеріле бер” деген сөзді осылай түсініпті

@Maktubatkz
4.7K viewsedited  17:05
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 17:10:44 https://www.instagram.com/p/CK1PLv6A8GB/?igshid=ddr2to2z29mi
4.1K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 13:16:04 ​​ Сүт сатушы мен маймыл

Бір әйел бүкіл өмірін сүт сатумен өткізіп, қаражат жинап қажылыққа баруды Алладан ниет етіп сұрайды. Алла ниетіне жеткізіп, 14 ділдә қаражат жинайды. Қажылық уақыты жақындағанда ақшасын  жинап, белге буып қажылық сапарына жолға шығады.

Теңізге келіп қажылыққа кетіп бара  жатқан кемеге отырады. Кеменің ішінде мыстан кемпір және оның маймылы бар екен. Мыстан кемпір маймылына кісінің әмиянын ұрлауды  үйретіп, кәсіпке айналдырған екен. Түнде сүт сатушы әйел демалып жатқан кезде маймыл әмиянын ұрлап алып,  кеменің желкеніне шығып кетеді. Сүт сатушы бар байлығынан айрылғанын біліп, мыстан кемпірдің тамағына қанжарын тақап: «егер маймылың қазір пұлымды бермесе мен сені өлтіремін»,  – дейді. Мыстан кемпір қорыққанынан: «Болды, алып беремін», - деп, әмиянды иесіне қайтартуға әрекеттенеді.

Толық оқу үшін үстінен басыңыз
10.1K views10:16
Ашу / Түсініктеме
2021-01-14 07:07:27 Балабақшалардың бірінде Құдайға сенбейтін тәрбиеші болады. Бір күні өзінің сенімін кішкентай балаларға сіңдірмек болып:

"Балақайлар, қанекей, атеист болсақ, қолдарымызды көтерейікші!"

Әрине, қай бала апайына ұқсағысы келмесін, бәрі жапа тармағай қолдарын көтереді. Тек Мәриам есімді кішкене қыз ғана үндемейді.

Тәрбиеші Мәриамға жақындап:

- Мәриямжан, сен неге қолыңды көтермедің?
- Өйткені, мен мұсылманмын, Апай...
- Сен неге өзіңді мұсылман санайсың?
- Себебі, мама-папам мұсылман.. Апай...
- Мәриәмжан, айта қойшы, егер мама-папаң ақымақ болса, сен кім болар едің?
- Атеист болар едім, Апай...

@apendim
7.0K views04:07
Ашу / Түсініктеме
2021-01-09 14:48:24 ​​ӨЗІҢДІ САЙЛА

( риясыз риуаят )

Есте жоқ ескі замандардың бірінде бір тайпаның рубасылары өз көсемдерін сайлап алу мақсатында ақылгөй абыз ақсақалмен ақылдасуға барыпты.

- Ақсақал, біздің көсеміміз қартайды. Жақсылы - жаманды елді біраз жыл басқарды. Соның орнына сайлану үшін əр рудың атынан дауысқа түсетін адамдарымызды сізге сынату үшін алып келдік.

- Жарайды, оларды бір - бірлеп менің алдыма кіргізіңдер, - депті ақылгөй ақсақал.

Оларды кезек - кезек тыңдап, "сайлауалды бағдарламаларымен" танысып болған соң, сыртқа шығарып жіберіп, рубасыларды ішке шақырып алып:

- Бұл əкелген адамдарыңның көсем болуға ешқайсысы да жарамайды, жалпы сендер көсем сайламас бұрын, өздеріңді сайлап алғандарың жөн, - депті.

- Қалай, сонда?! - дейді таңданған рубасылар.

- Оның мəнісі мынада. Біріншіден, бүкіл ел болып, тайлы - тұяғың қалмай осы сайлаудың соңында жүргендерің маған күмəн туғызды. Демек, бұл жерде көсем сайлауынан өз пайдасын көздеп жүргендер жеткілікті екен.

Екіншіден ел басқару - өз басын қауіп - қатерге тіккен ең абыройсыз іс. Оған тəуекел еткендердің тағдыры қиын болары тарихтан да белгілі.

- Біздің адамдарыңыздан қандай кемшілік байқадыңыз?

- Олардың үшеуі де сөзін қазіргі көсемдеріңді жамандаудан бастады. Көреген көсем кекшілдік танытып, өткенді қазбаламай өз ісін келген жерден жалғастыра білуі керек. "Өткенге тас лақтырсаң, келешек сені зеңбірекпен атқылайды"деп бекер айтпаған.

- Үміткерлердің тағы қай жеріне көңіліңіз толмады?

- Билікқұмар адам уəде бергіш келеді. Бұл əдет оларда да байқалады. Біреуі бірер жылдың ішінде осы уақытқа дейінгі кемшіліктің бəрін түзетіп қоюға уəде береді. Бұл - өтірікші, зымиян адамның белгісі. Екіншісі 20 - 30 жылға арналған жоспарлары негізінде халықты сеніміне кіргісі келеді. Бұл - осы орынға ұзақ отыруды көздеген жеке билеушінің əрекеті. Енді бірі байлардың дүние мүлкін кедейлерге тартып əперіп, халықтың арасында теңдік орнатам дейді. Бұл - əпербақан, өресі төмен адамның белгісі.

- Енді не ақыл бересіз біздерге?

- Көсем болуға лайықты адамның белгісі - жан - жақты жетілген, білімді де білікті қасиетінен бөлек, жеке топтардың мүддесін емес, ұлттың, елдің мүддесін көздейтін, халықтың барлық тармағына сыйлы, билікқұмарлық қасиеті жоқ, жағымпаздық пен жəдігөйлікке , елден ерекшеленуге жаны қас қанағатшыл, қарапайым болар. Міне, осындай адамды таба алсаңдар "мен көсем болмаймын, менің қолымнан келмейді" дегеніне қарамастан сайлап жіберсеңдер өкіне қоймассыңдар, - депті ақылгөй қария...

@apendim
7.8K views11:48
Ашу / Түсініктеме
2021-01-08 18:24:37 КІСІ ӨЗІНІҢ ӘҺЛІ СҮННЕТ УӘЛ-ЖАМАҒАТ ҰСТАНЫМЫНДА ЕКЕНДІГІН ҚАЛАЙ БІЛЕДІ?

Кісі өзінің әһлі-сүннет уәл жамағат ұстанымында екендігін қалай біледі? Дәл осы сауал Алланы таныған әрбір жанды толғандырмай қоймасы анық. Тура бағыттан жаңалысыпты, сеніміне селкеу түсіпті деген сөздерді көп еститініміз белгілі. Ондайлардың сыртқы формасы мен ішкі ой-пиғылы қандай екендігі де анық. Дегенменде, еліміздегі мұсылман жұртшылығы арасында әһлі-сүннет уәл жамағат жолының ерекшелігі мен мызғымас ұстанымдары жайлы білетіндеріміз көп емес. Осы орайда, жалпы мұсылман жұртшылығы арасындағы маңыздылығы мен сұраныс қажеттілігі туындағандықтан осы жолы әһлі-сүннет уәл жамағат ұстанымдары жайлы сөз қозғағанды жөн көрдік.

Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадистерін ұстанып, жол бастар етуші, Алланың елшісі (ол кісіге Алланың игіліг мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ақида мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер «Әһлі-сүннет уәл жамағат» деп аталады.

Әһлі-сүннет уәл жамағаттың қазақша мағынасы – «сүннет иелері және жамағат (қалың нөпір)». Яғни сүннетті ұстану – Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген жолын ұстануды білдіреді.

Әһлі-сүннет уәл жамағат атауы Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі жайлы айтқан төмендегі хадисінен бастау алады:

Абдулла ибн Амрдан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Исраил ұрпақтарының басына келген барлық нәрсе менің үмбетімнің де басына келеді. Аяқ киімнің аяқ киіммен ұқсас болғаны секілді олар да бірдей жағдайға ұшырайды. Тіпті олардың арасынан анасына ашық түрде жақындағандар шыққанындай үмметімнен де ондайлар шығады. Исраил ұлдары жетпіс екі тармаққа бөлінген. Үмметім жетпіс үш тармаққа бөлінеді. Бұлардың біреуінен басқа бәрі тозақтық болады».

Сонда сахабалар жұмақтық болатындардың кімдер екенін сұрайды. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап береді:

«Менің және сахабаларымның ұстанған жолын ұстанушылыр» (Тирмизи, 2643; Иман 18).

Хадисте бір ғана топтың тура жолдан тайқымай, дұрыстықта болатындығы айтылды. Ол топтың сипаты жайлы келесі хадисте былай делінеді:

Әнәс ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегідей риуаят етеді:

«Үмметім адасушылыққа бірікпейді (жиналмайды). Сондықтан да, қашан ихтиләфқа (талас-тартысқа) куә болсаңдар «сәуәдул-ағзамды» ұстаныңдар (бірге болыңдар)» (ибн Мәжә).

«Сәуәдул-ағзам» сөзі «қалың нөпір, көпшілік жамағат, қалың қауым» мағыналарын қамтиды. Ғұламалар осы хадистегі «сәуәдул-ағзам» атауын «әһлі-сүннет уәл жамағат» деп түсіндіреді.

«Әһлі-сүннет уәл жамағат» терминін алғаш Әбу Ләйс әс-Самарқанди (қ.б.898) «Шәрхул-фиқһил-әкбар» атты еңбегінде қолданған. Әһлі-сүннет уәл жамағат атауының қысқаша анықтамасы мен шығу тарихы осындай.

Дегенменде, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалар жолын ұстанып жүрмін дегеннің бәрі әһлі-сүннет уәл жамағатта боп санала ма? Әһлі-сүннет уәл жамағат жолының басқа адасқан топтардан айырмашылығы қандай?

Дәл осындай сұрақтар тарихта есімі мәшһүр әһлі-сүннет уәл жамағат ғалымдарына да қойылған. Солардың ішіндегі танымалы, әрі қысқа да нұсқасы әһлі-сүннет уәл жамағат тағлыматын түгел ішіне жинаған тақуа ғалым Сәһл әт-Тустаридің түсіндірмесі.
Жоғарыдағы сауалдарға толыққанды жауап алу үшін осы Сәһл әт-Тустари түсіндірмесін келтіреміз. Бұл түсіндірмені Әбілқасым Хибатулла әл-Ләлкәий (р.а) өзінің «Шарх усули иғтиқад әһли-суннати уәл-жамағат» атты еңбегінде келтіреді (Шарх усули иғтиқад әһли-суннати уәл-жамағат,1 т. 170-171 бб. Александрия: Дәрул-басират, 2001 ж.).

Толық оқу үшін басыңыз
5.7K views15:24
Ашу / Түсініктеме