Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2021-05-02 07:39:55 Қасиетті Рамазан айында керемет челлендж болып жатыр екен, ат салысайық жамағат!
5.1K views04:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 07:38:57
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ!

Аллаға тәуекел етіп,бір игі іске ниет еттік!

•10 Құран кітабын 10 мешітке апару

•Балалар үйіне 100 рамазан сыйлығын сыйлау

•10 жайнамаз тарату

•100+ адамға құрма мен су тарату

•10 отбасыға ауыз ашарға азық түлік апару

РЕКВИЗИТ:
5169493178533165
+77474319835


Имам Мүслимнің сахих хадистер жинағында сахаба Әбу Һурайра риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай делінген: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым, артынан дұға жасайтын салиқалы перзент»
(Мүслим, Уасият 14).
4.5K views04:38
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 10:15:52
Ассаляму алайкум! Рамазан құтты болсын

Осы берекелі айға орай 1 кітап алсаңыз 2 кітап сыйлыққа беріледі

Құны: 990 теңге
Каспий осы номерде
+7 777 207 2902

Ескерту: Төлем жасаған соң сізге кітаптардың электронды нұсқасы жіберіледі !
6.6K views07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 14:48:07 ​​Рамазан айының ерекшелігі бұл айда қасиетті Құран Кәрім кітабы нәзіл етілген. Осы нығметті сезінген ислам ғұламалары Рамазан айында Құран Кәрім оқуға ерекше мән беретін.

Имам Мәлік, Суфиян әс-Сәруи секілді ғұламалар Рамазан айында дәрістерін тоқтатып, Құран оқуға айрықша ден қойған.

Әбу Нуаймның “Хилиятул-әулия” кітабында Құран оқуда ыждаһаттылық танытқан ғалымдарды келтіреді:

Әбу Ханифаның ұстазы Ибраһим ән-Нахағи Рамазанда әрбір екі күнде Құранды толық хатым еткен;

Имам Шәфиғи Рамазан айында 60 рет толық хатым жасаған;

Қатада әдетте әрбір жеті күнде Құранды оқып бітсе, Рамазанда әрбір үш күнде оқып бітіретін, ал соңғы он күннің әр түнінде Құранды толық хатым жасаған.

Имам Бухари Рамазанның әр күнінде толық хатым жасаса, тарауих намазында үш күн сайын Құран оқып бітіретін (Сияр, Захаби)

Әзірлеген @maktubatkz

Ал, Сіз Рамазан айында қанша рет хатым жасайсыз?
4.8K views11:48
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 21:26:30

4.4K views18:26
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 10:29:34 БІЗГЕ ЕКІ ЖЫЛ!
4.4K views07:29
Ашу / Түсініктеме
2021-04-21 19:14:55 Әссәләму алейкум, мұхтарам жамағат!

Алланың есiмiмен көптен бері ойға алған жобаны бастағалы жатырмыз! Көбiңiз бiлетiндей, бiлiм алу - мұсылман ерге де әйел адамға да бiрдей парыз. Және де iлiм тал бесiктен жер бесiкке дейін емес пе?

Қасиетті Құран Кәрімнiң алғашқы аятының да "اقرأ", яғни "Оқы" деп түсуiнiң өзi байыбына барған адам үшін жеткілікті.

Осы орайда, Сiздерге бiлiм алу жолында, бiз шамалы болса да өз қызметiмiз бен көмегiмiздi қосуға ниеттiмiз

Алла қаласа, бұл каналда Сiздер бiлiктi Ұстаздарымыздың әртүрлі кiтаптардан дайындалған дәрiстерiн аудио-форматта тыңдап, бiлiмiңiздi еселей аласыз! Енді, орыс тiлдi контентке қарайламай, өз тiлiмiзде бiлiм алуға мүмкіндігiңiз болады деп үміт етеміз!

Сiздерден тек дұға мен қолдау сұраймыз, ал береке мен сәттiлiк тек Алладан .
5.3K views16:14
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 19:50:01 ​​ РАМАЗАНДА БОЛАТ СИЯҚТЫ БОЛМА!

Болаттың биыл ораза ұстап жатқанына 6-жыл. Рамазан жайлы ешқандай кітап, мақала оқымайды.
Болат “Ораза ұстап жүргеніме 6 жыл болды ғой, бәрін білемін”, - деп ойлап, алдын-ала дайындалмаған.

Рамазан кірді. Таңға дейін ұйықтамай ауыз бекітуді күтіп, сәресін ішіп алды. Сәресін күндіз ештеңе жемеймін, аш қаламын деп қорқып, қарны жарылғанша жеді. Одан соң таң намазын оқып, ұйқыға кетті. Болат ұйқыдан 14:00-де тұрып, телефонын іздеді. Телефонын шұқылап жатып сағаттың 15:00 болғанын байқамай қалды.

Денесі ауырып, төсегінен әзер дегенде тұрып, екі көзін уқалап душқа барды. Душтан шығып телефонына қараса бесін намазы шығайын деп жатыр екен. Асығыс-үсігіс парыз намазын оқып алды.

Артынан "дәрет бар кезде екінті намазын оқып алайын" деген жақсы ойға келді. Екінтіні оқып, сағатқа қараса ауызашарға екі сағаттай уақыт бар екен. Болат ауызашарға дейін уақытты өлтірейін деп, интернеттен 2 сағат болатын кино іздей бастады. 2 сағат кино көріп болысымен ауыз ашатын уақыт та кірді. Жүгіріп барып ауызын ашты.

"Су және құрмамен ашып, одаң соң ақшам намазын оқып, кейін тамақ ішу сүннет" екенін білсе де олай істемей, дастархандағы тамақтарды аузына тыққылай бастады.

”Тамақты асықпай же, балам!”, - деген анасының сөзіне “Қойшы, мам! Күні бойы аш болдым, мен оразамын“, - деп қабақ шытты. Бірақ ораза ұстаған адам сабырлы болу керек екенін Болат жақсы біледі, тек амал етпейді. Қарнын тойғызып болып, ақшам намазын әзер оқыды. Құптан намазы кірді. Құптан намазын оқып алды.

”Эхх, егер карантин болмағанда мешітке барып тарауық намазын оқитын едім. Үйде оқиын десем аз сүре білемін. Бір жағынан жалғыз оқыған біртүрлі екен тарауықты” деген сылтаумен оқымады. Сөйтіп "ең жақын досы" телефонды ұстап, әр түрлі видеоларды қарап, инстаграмды шұқылап қалай сәресі жақындап қалғанын байқамай қалды...

Болаттың проблемасы - біздің проблема. Қалай шешеміз?

@oraza_kz
4.5K views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 08:42:25 Тунис президентінің ашуына тиген Шейх

60 жылдай бұрын Рамазан айында Тунис президенті халық алдында ішіп-жейтін боп шешеді. Осылайша Тунис халқын да өзіне еруге шақырмақ болады.

Президент сол кездегі муфти әрі танымал ұстаз Шейх Ибн Ашурға өзінің пайдасына пәтуа шығаруын өтінеді.

Жауап ретінде муфти теледидарға шығып, Құранның мына аятын оқиды:

"Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз қылынды. Бәлкім, (жаманшылықтардан арылып) тақуалыққа жетерсіңдер."
(2:183)

Содан соң Шейх Ибн Ашур президент Хабиб Бургибтің Құранға қарсы келіп, қателесіп жатқанын айтты. Шейх Ибн Ашур осылайша Рамазандағы оразаларын жалғастыра алулары үшін мұсылмандардың пайдасына пәтуа шығарды.

Осыдан кейін Ашур орнынан алынып тасталады.

@oraza_kz
5.1K views05:42
Ашу / Түсініктеме