Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2021-04-16 07:28:11 ​​ Атақты кітап ұрысы

"Кітап ұрысы" Стивен Блумберг Құрама Штаттардың үш жүзден аса кітәпханасы мен музейлерінен 24 мыңнан аса кітәп жымқырып үлгерген.

Ол өмірінде бірде-бір кітәбын саудаламаған. 1990 жылы оны жақын танысы 50 мың доллар "сыйақыға" ұстап береді.

Блумбергтің ұрлықы кітәптарын тасымалдау үшін 12 метрлік поезд жалдаған. Жалпы құны 5,3 миллион долларға бағаланған ұрлықы кітәптардың салмағы 20 тоннадан асатын көрінеді...
5.4K views04:28
Ашу / Түсініктеме
2021-04-14 08:54:51 Әссәләмуәләйкум, жамағат!

Телеграм желісінде алғаш рет ораза туралы толыққанды ақпарат жинақталған “ОРАЗА ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ” атты бот- платформа ашылды!

Бот базасы:
- Оразаның толыққанды үкімдері
- Оразаға қатысты жүзден аса сұрақ-жауаптар
- Ораза туралы кітаптар
- Ораза туралы уағыздар мен дәрістер
- Рамазанға арналған пайдалы кеңестер
- Рамазан кестесі
- Ораза дұғалары
- Ораза жайлы хадистер
- Қадір түні, Тарауих намазы, Пітір садасы туралы тың мәліметтер
- Экслюзивті мақалалар т.б

Бот сілтемесі t.me/orazabot

Достарымызға таратамыз
4.9K views05:54
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 19:22:14 ​​ Құрметті, оқырмандар!

Сіздерге "Maktubot" кітаптар базасына енгізілген қасиетті Рамазан айына қатысты үздік он кітапты ұсынамыз:

1) "Ислам ғибадаты ІІ. Ораза бабы" - Ораза фиқһы турасында егжей-тегжейлі жазылған кітап

2) "Мүбәрак Рамазан" - ҚМДБ бұрынғы бас мүфтиі Ерлан қажы Малғажыұлының сұрақ-жауап форматында жазылған кітабы

3) "Рамазан - Рухани жаңару айы" - azan.kz сайты әзірлеген ерекше дизайнды Рамазан кітапшасы

4) "Ораза кітапшасы" - Жамбыл облысының бас имамы ұстаз әзірлеген Ораза кітапшасы.

5) "Ораза, Зекет, Садақа"- Кітап үш құлшылықтың өзара үндестігін баяндайды.

6) "Балаларға арналған Рамазан" - @yaqin_kz әзірлеген қасиетті айдың құндылығын балаларға ұғындырып, діни танымын арттыруға арналған керемет кітапша

7) "Кіршіксіз Рамазанға 30 кеңес" - Productivemuslim.com сайты әзірлеген Рамазан айын максималды продуктивті өткізуге көмектесетін кітапшаның қазақша аудармасы

8) Рамазанды жоспарла - Ораза айын орайлы өткізіп, жүйелі түрде құлшылық етуге көмектесетін кітапша

9) Рамазан күнделігі - ерекше дизайнды Рамазанның әр күні жеке дара құлшылық түрлерімен нақтыланған жаңа форматты нұсқаулық кітапша

10) Рамазан күнделігі - Рамазан айын тамаша өткізуге мүмкіндік беретін құлшылықтар тізімі мен to do list нұсқада жасақталған кітапша

Барлық кітаптарды Maktubot боты арқылы тегін жүктей аласыздар.

Рамазан мүбәрак! Жазбаны Телеграмда ораза тұтып жатқан достарыңызға бөліссеңіздер
5.0K views16:22
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 18:06:09

4.9K views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 12:55:34 РАМАЗАНДА БОЛАТЫН “БОЛМАЙТЫН” БЕС НӘРСЕ

Көпшілікте, әсіресе, алғаш ораза тұтып жатқан жандарды мазалайтын мәселелер бар. Соның үздік бестігін ұсынамын.

1) Сәресін ішу керек. Ұйықтап қалсаң оразаң қаза болады
Жоқ, сәресіне тұрмауға, ішпесе БОЛАДЫ. Бірақ сәресіге тұрудың сауабы мол. Ұйықтап қалсаңыз, ештеңе ішіп жемей жалғастыра бересіз

2) Ауызды міндетті түрде дәретпен бекіту керек.
Жоқ, дәретсіз (ғұсылсыз) ауыз жауып-ашуға БОЛАДЫ. Әрине, әр амалды дәретпен атқарғанға не жетсін, бірақ шарт емес

3) Түкірік, сілекей жұтуға болмайды, ораза бұзылады
Түкірік, сілекей жұтуға БОЛАДЫ. Бастысы өзіңіздікі болсын

4) Рамазан айында әйеліңе жақындауға болмайды.
Әйеліңді (егер ұстамды болсаң) сүюге, құшақтауға, қосылуға БОЛАДЫ. #Соңғысы (!) тек күн батқаннан кейін ғана рұқсат. Ауыз ашпай-ақ та болады .

5) Ауыз бекітер кезде су ішіп, дұға ету керек. Әйтпесе, дұрыс емес.
Дұға етпей, су ішпей-ақ ауыз бекітуге БОЛАДЫ. Хотя сүннетте арнайы ауыз бекітерде айтылатын дұға келмеген (біле жүріңіз )

@apendim
4.9K views09:55
Ашу / Түсініктеме
2021-04-12 12:55:34
4.6K views09:55
Ашу / Түсініктеме
2021-04-08 08:26:29 ​​​​Көп адамдар кітап оқудың тиімді тәсілдері мен әдістері туралы жиі сұрайды. Осы орайда, елімізге белгілі кәсіпкер, инвестор Марғұлан Сейсамбай ағамыздың кітап оқуға қатысты авторлық ерекше әдіс-тәсілдерін жинақтап, ұсынуды жөн көрдік.

Ақпараттар орыс тілінде
7.2K viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 14:00:32 Ал сүйінші ағайын

Біз өзіміздің Құран оқып үйренуге арналған қосымшамызды жасап шықтық.

Әзірге анроид құрылғыларында. Жақын арада iOs-қа шығады.

Жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз:
https://play.google.com/store/apps/details?id=murat.course.app

Бауырлар приложение кең таралу үшін 5 жұлдыз қоюды ұмытпаңыздар
11.6K views11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 18:37:13 ApendiTalk: Намазды қазақша оқыса бола ма?

Бүгін Әпенді шылдырлаған оятқыштан оянып кетті. Түнімен көрші райондағы мешіттің шалдарымен пабджи ойнап, таң намазын қаза қыла жаздады. Содан апыл-ғұпыл намазын оқи сала ала шапанын желбегей жабылып қызыл мақпал жайнамазында терең ұйқыға кеткен-ді...

Сағатына қараса, бесін намазына бір сағаттай уақыт қалған екен. Содан дәретін жаңартып, қуат индикаторы қызарып тұрса да Клабхаусқа кірді. Мүридтері жиі өтініп «Клабхаусқа келсеңізші, ұстаз» дей бергесін кеше бұл жақтан аккаунт ашқан еді. Дереу бөлме ашып, «Не сұрақ, не әңгіме?» деп жазып қойды. Әдеттегіше, Сұрапқал шәкірті елден бұрын кіріп, қолын көтерді.

- «Уа, түрі төрткүл Тиктокқа танымал, исі инстаграмға мәлім Әпендім! Сізді мазалағаныма кешірім сұраймын. Бірақ мына сұрақ толғағы ұстаған әйелше түн ұйқымды төрт бөліп тұрғаны. Айып етпесеңіз сұрасам деймін...

Кеше желіде бір бейнамаз атқамінер «біздікілер намазды неге қазақша оқымайды, әйтпесе, бұл арапшылдық» деді. Шынымен ойлап қарасам, неге намазды қазақша оқымасқа, тілге жеңіл, әрі не оқығаныңды сезініп, ұғынып тұрасың. Бұған не дейсіз, Әпендім???»

«- Ее, шәкіртім... Бұл сұрақтың алғаш көтерілуі емес. Бұған дейін мұны сан мәрте сұрағандар болды. Бұдан кейін сұрала береріне (тілі келмей, тұтықты) шүбә жоқ. Қызығы, мұндай сұрақты намаз оқып жүргендер немесе намаз оқуға шамасы жетпей жүргендер емес, әліпті таяқ деп білмейтін, діннен дымы жоқ,тырнақ астынан кір іздеп молдалардың басқан ізін аңдып жүретіндер қояды. Бұл жолы да солай болған секілді ғой..
Жә, сұраққа өтейін... Сұрапқалжан қарашы, мысалы сен «Reebok» деген-ді қалай оқисың?

- Ребук, Ребок әлде Рибук? Нақты білмедім...

- Егер сен базардан «Ребук» деген қазақша жазуы бар кроссовка көрсең алар ма едің?

- Жоға, оригинал емес қой.

- Ал, егер Reebok-тің эмблемасын қойып, астында «африкалық үшкір мүйізді желаяқ бөкен» деп жазып қойса ше?

- Бұл не тағы?

- Қазақша аудармасы ғой.

- Біртүрлі екен...

- Көрдің бе, мүриджан. Оригиналдың өзіндік құндылығы бар. Дін де құдды бренд уә классика секілді (тура түсінбе ). Қаншалықты түпнұсқаға жақын - соншалықты құнды. Не үшін туристер Мона Лизаны көру үшін Луврға, Тәж-Махал үшін Үндістанға ағылады. Себебі, ғаламтордағы кескініне қарағаннан гөрі живой көрудің кәйпі басқа.

Егер намазды қазақша оқысақ, Қағбаға барып тәу етудің мәні, қажылықтың құны да қалмас еді. Әрі әркім Құранды өз бетінше аударып, шаласауаттылар ұмытқан жерін ойша түзеп быт-шытын шығарар едіңдер. Қырғызша оқып тұрғанға шешен ұйымай, түрікше азанды сендер жақтырмай (так и так ұнатпайсыңдар) фитнаның көкесі болар еді. Намаздың рухы жоғалып, ихсанның күлі көкке ұшар еді. Тәжуид үйрену, Құран жаттау сынды құлшылықтар адырам қалып, қари, хафиз деген қадірлі тұлғаларды Қызыл кітаптан майшаммен іздер едіңдер. Сондықтан намазды араб тілінде оқу үмметтің бірлігі мен діннің тұтастығы үшін ауадай қажет, мүриджан...

- Мащалла, Әпендім. Сақалыңыз қандай ұзын, біліміңіз де сондай терең екен. Сіздің даналыққа тағы бір мәрте тәнті болдым – деді Сұрапқал шәкірті көзінің оты жана.

- Ұстаз, мен де сұрақ бар еді – деді тағы бірі қолын көтеріп -  Дүниені жүректе емес, қолда ұста дегенді қалай түсінсе болады -  деп жатыр еді телефонның қуаты бітіп өшті де қалды. Әпенді көтеріңкі дауыспен:

- Әй, тоқалжан, телефонның зарядкасын әкелші - деді де бір апта бұрын шәкірттері сыйға тартқан су жаңа Iphone 12 Pro Max-ын үнсіз сипай берді...

Ас бөлме жақтан кербездене келе жатқан жас келіншектің жүрісі естілді.
11.3K views15:37
Ашу / Түсініктеме
2021-02-13 12:41:50 https://www.instagram.com/p/CLNBeJ5lwXH/?igshid=k0le3b3h4v7g
1.8K views09:41
Ашу / Түсініктеме