Get Mystery Box with random crypto!

Тәңірлік сенім қасиетінің бірі – тектілік. Тектілік деген киел | Кітап үзіндісі

Тәңірлік сенім қасиетінің бірі – тектілік. Тектілік деген киелі ұғым – ертеден қалыптасып, жігіттің сынын, аталы елдің қадір-қасиетін айқындап келе жатқан нышан. Тегін жоғалтқан түгел жоғалатынын, түбінен айырылғанның түгі қалмайтынын бүгінгі заман айқындап берген жоқ па? Қазақ жан сүйсіне риза болудың белгісін «Е, ол текті атаның тұяғы ғой, сүйегі асылдығына басады да» деген төркіні түгел төбе сөзбен білдірген. Түңілу мен түршігу «тексіз неме емес пе, одан не үміт, не қайыр» деген тірідей көмер суық сөзбен сездірілген. Азаматқа алғашқысын естуден артық мәртебе, соңғысын естуден өткен қорлық болмағандай.
Бұдан ұғар сыр мынау: әкенің тексіздігі – балаға сор, баланың нашарлығы – ата-бабаға сор. Тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі үрім-бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етер еді.

Саяси-әлеуметтік публицистика. Алдан Смайыл.

@kitapuzindisi