Get Mystery Box with random crypto!

...Қалың ну орманда аю жұмыс таба алмай, біраз сандалып жүріп, | Кітап үзіндісі

...Қалың ну орманда аю жұмыс таба алмай, біраз сандалып жүріп, әзер дегенде қоянның қызметіне орналасыпты. Ісі – аюдікі, жалақысы - қояндыкі. Сүйтсе, ит тұмсығы өтпейтін көрші тоғайда бір пысықпай, жылтықай қоян аюдың тағына қонжиып отырып алыпты. Ісі – қояндікі, жалақысы – аюдікі. Қалай ренжімессің?! Қоянның қызметін атқарып жүрген аю намысына мініп, Орман басқармасына арыз түсіреді. "Оу, бұларың қалай, бауырлар? Әділдік қайда?" Іле-шала аюдың арызын тексеруге комиссия келеді. Шетінен арыстандар екен. "Ей, қоян! Сен аюсың ба?" "Аюмын" "Құжатыңды көрсет!" "Міне!" Құжатта қоянның аю екені расталып, мөр басылған екен. Комиссия көрші тоғайға аттанады. "Ей, аю! Сен шынында да аюсың ба?" "Аюмын" "Құжатыңды көрсет!" "Міне!" Комиссия қараса, құжатта аю қоян болып тіркеліпті, мөрі қойылған екен. "Ей, аю! Сандалма! Жұртты шатастырма! Сен нағыз қоян болып шықтың!"

Аңқау аю желкесінен қасиды. Не істейсің? Аю болсаң да, құжат бойынша қоянсың.

Сүйтсе, комиссия мүшелері арыстан болып жазылса да, кілең есектер екен.

Ал сол аю болып жазылған қояндар, арыстан болып тіркелген есектер біздің шенеуніктер арасында жоқ деп кім айтады?

Дүкенбай Досжан "Анасы жақсы адамдар"

@kitapuzindisi