Get Mystery Box with random crypto!

'Тек жүрсең, тоқ жүресің'. Апыр-ай, бұл не дегені? Жалғасы тағ | Кітап үзіндісі

"Тек жүрсең, тоқ жүресің". Апыр-ай, бұл не дегені? Жалғасы тағы бар: "Домаланып көп жүресің". Адам боп туған соң тек жүрудің несі сән? Тек жүріп, неменесіне жетісесің? Тек жүрсем деп, өркениет атаулыдан құр қалмайсың ба? Ал тоқ жүру – бірден-бір мақсат, арман болып па? Қарынды қампитып, ықылық атып жүру ме? Тоқтық көбінесе малға жараспай ма? Міне, пәлен жылдан бері қазақ тек жүр, бірақ тоқ жүргені қайсы? Бір миллиардер шығу үшін бір миллион қазақ тақыр кедей болу керек пе? Әрине, тойып секіріп жүргендер баршылық, ал халықтың дені тоңып секіріп жүрген жоқ па? Миллиардеріміз бар деп бөркімізді аспанға атамыз. Жеті миллиардеріміздің үшеуі ғана қазақ, қалған төртеуі - өзге милләттің өкілдері. Сонда тек жүріп, қазақтың шыққан мүйізі қайсы?

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi