Get Mystery Box with random crypto!

Тектілердің қатарын сиретіп, қасиетінен айырудың түбі немен ты | Кітап үзіндісі

Тектілердің қатарын сиретіп, қасиетінен айырудың түбі немен тынарын Үмбетей жырау да ерте болжады.

Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас, –

деп күңіренді.
Бұл өзіміз куә болған кеңестік жетпіс жылдың айна-қатесіз көрінісі еді? Талай тексіз ел мен жерді астындағы тағына, қолындағы жөн-жосықсыз бағына сатып, діңкені құртып біткен жоқ па? Сор маңдайға біткен сондай сан тексіздің әлі күнге кежегесі кері тартып жүр емес пе?!

Алдан Смайыл. Саяси-әлеуметтік публицистика.

@kitapuzindisi