Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-06-12 18:38:20
273 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 15:57:08 -БАП

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРУ


«Мүміндердің ішіне арсыздықты (күнә істерді) жаюға жаны құштар адамдар бұл дүниеде де, ақыретте де тым ауыр азапқа ұшырайды».

(«Нұр» сүресі, 19-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Істеген күнәсін жар салып, жария еткендерден өзге үмбетім түгелдей кешіріледі. Күнәні жария ету дегеніміз – пенденің түнімен күнәға батып, Аллаһ тағала таңға дейін күнәсін жасырғанына қарамастан ертесі күні: «Әй, пәленше! Кеше мен ананы-мынаны істедім» – деп айтуы. Раббысы оның түні бойы жасаған күнәсін жасырды. Ол болса, Аллаһтың өзгелерден жасырғанын жария етіп таң атыруда», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, әдәб 60; Муслим, зуһд 52).

@hadister_jinagy
401 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 18:40:10

Еркек түздің, әйел үйдің адамы. Бұл жазылмаған табиғат заңы. Десе де, үй шаруасына қарайласу еркектің ар-намысына дақ емес. Жалған намыспен ата-бабамыз олай етпеген деп үркиміз. Нағыз ердің ері Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болатын. " Мықтымын" дегеннің барлығы одан өнеге алады. Күнделікті көмектесу міндет емес. Қала берсе, әйел де күйеуінен мұны талап етпейді. Ең бастысы, екі жарты бір бүтін болып бір-біріне демеу болу. Әйелдің үй шаруасы бастан асып жатқанда күйеуі жәрдем берсе, ешнәрсе жоғалтпайды. Керісінше, орталарындағы сезімнің нығаюуына, бір-біріне деген құрметі арта түсуіне септігі тиеді. Әрине, шаршап-шалдықса да "әйелдің қырық жаны бар" деп көз жұмып жатамыз. Біз сонда кімді үлгі етіп айтудамыз? Әлде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі алуға намыстанамыз ба?

Дереккөз: "Үйленбей тұрып үйрен"

@madiyardyn_jazbalary
217 views15:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 19:28:32 -ХАДИС:

Бара ибн Азиб (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Бізге бұйырғандары: «Науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені мейіріміне бөлесін) деп айту, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көну, зорлық-зомбылық көргенге қолдау көрсету, шақырған жерден қалмау және өзара амандасуды кеңінен жаю. Сондай-ақ, алтын жүзік тағудан, күміс ыдыс қолданудан, жібекпен тысталған төсеніш қолданудан, жібек пен зығыр аралас матадан және харир, дүрия, қамқа түріндегі жібек маталардан тігілген киімдерді киюден тыйды» (46), – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәиз 2; Муслим, либәс 3).

(46) Бұл хадистегі мұсылмандардың қолдануына тыйым салынған алтын жүзік пен жібектен тігілген киімдер ер адамдарға ғана қатысты айтылған.

@hadister_jinagy
280 viewsedited  16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 19:34:36

Қазақта мынандай мақал бар:
"Айрылмастай досыңа-қайрылмастай сөз айтпа"

Кейде ашуға беріліп тіпті жақын деген адамның өзіне қатта сөйлеп қоямыз. Білесің бе? Айтылған қатты сөз сол адамның жүрегінде қалып кететінін, сол адамның түнімен жылап шығуына себеп болатынын. Өмір біз ойлағандай ұзақ емес. Кеше жүрген адамның бүгін өмірден озып кеткеніне куә болып жүрміз. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда ешкімді ренжітпей, сыйласып өтейікші бауырлар. Себебі сол ренжіткен адамыңнан кешірім сұрап үлгермей қаласың. Не ол өмірден өтіп кетеді, не сен...


Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
119 views16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 20:16:57 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: «Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айту», – деген» – делінген.

Осы хадисті Имам Муслим: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында алты міндеті бар: «Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер; сыйлап шақырса, шақырған жерге бар; ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте; түшкіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айт; ауырып қалса, барып көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына қатыс», – деп айтты», – деп жеткізген.

(Муслим, сәләм 5).

@hadister_jinagy
413 viewsedited  17:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 18:59:07 -ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман бауырың зорлықшыл залым болса да, біреуден зорлық көріп жапа шексе де, оған жәрдем бер», – деді. Сонда біреу: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бауырым біреудің зорлығынан жапа шексе, жәрдем етермін. Ал өзі залым болса, оған қалайша жәрдем етпекпін?!» – деп таңғала сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Басқаға зорлық-зомбылық көрсетуіне жол бермеуің, оған көрсеткен жәрдемің», – деп жауап берді» – делінген.

(Бұхари, мазалим 4/икраһ 6).

@hadister_jinagy
269 viewsedited  15:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 20:28:58 -ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ешбірің өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 7; Муслим, иман 71).

@hadister_jinagy
236 viewsedited  17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 20:32:13 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Араларыңда қызғаныш отының кеулеуіне жол бермеңдер. Затты шынайы бағасынан асырып сату үшін алдын-ала сатушымен ауыз жаласып, былайғы жұртқа көз қылып, өздерің сатып алатындай болып, елді еліктірмеңдер. Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер. Сондай-ақ, араздасып, бір-бірлеріңді енді көрместей болып теріс айналмаңдар. Біреудің саудасына килігіп, сауда келісімін бұзбаңдар. Уа, Аллаһтың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оған мұрын шүйіре қарап, өзінен кем көрмейді. Сондай-ақ, қысылтаяң шақта жалғыз тастап кетпейді», – деген соң, кеудесін қолымен үш рет нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан асқан жамандық (жаман мінез) жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға харам», (45) – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 32).

(45) Яғни, мұсылман өзге мұсылманның қанын төгіп, дүние-мүлкіне қол сұғып, ар-намысын табанға таптай алмайды.

@hadister_jinagy
194 viewsedited  17:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 19:39:12

" - Намаз оқитындарға "ананы-мынаны" істеуге болмайды екен ғой иә?"

- Айналайын, намаз оқитындарға істеуге болмайтын нәрсені, намаз оқымайтындарға да істеуге болмайды. Әрине егер сен өзіңді мұсылман санасаң...

Намазхандарға басқа ғаламшардың адамы сияқты қарағаныңды ғой!

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
292 views16:39
Ашу / Түсініктеме