Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-12 18:47:59 -ХАДИС:

Усама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйел затынан да зиянды сынақ (арбап, азғырушы) қалдырмадым», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, никах 17; Муслим, зикр 97).

@hadister_jinagy
2.2K views15:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-11 20:22:15 -ХАДИС:

Муғаз ибн Жәбәлдан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер осы дүниеде әйелі күйеуіне орынсыз зәбір көсетіп, мазасын алса, жаннатта күйеуінің жұбайы болатын қор қыздарының бірі: «Аллаһ жазаңды берсін! Оны қинама! Ол жақында сенімен қош айтысып, бізбен қауышатын жаныңда уақытша ғана жүрген қонағың ғой», – деп айтады» – делінген.

(Тирмизи, рада 19).

@hadister_jinagy
2.3K viewsedited  17:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 19:48:50 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер біреудің біреуге (52) сәжде етуін бұйырар болсам, әйелдің еріне сәжде етуін бұйырар едім», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, рада 10).

(52) Яғни, адамның адамға сәжде етуін.

@hadister_jinagy
2.0K views16:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-08 17:58:27 -БАП

ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ


«Ер адамдар әйелдеріне басшы (яғни, әйелді бағып-қағу, қорғау және тәрбиелеу – ер адамның міндеті). Өйткені, Аллаһ тағала (күш-қуат тұрғысынан) оларды бір-бірінен (ер адамды әйел затынан) үстем қылды әрі ер адамдар (отбасының) нәпақасын табушы. Ал, салиқалы әйелдер
Аллаһқа және ерлеріне басы бүтін бойсұнады (Ерлері жоқ кезде) Аллаһ олардың құқығын қалай қорғаса, олар да ерлерінің хақысын қорғап, абыройларын әрі ерлері тапқан дүние-мүлікті сақтайды һәм араларындағы сырға берік болады».
(«Ниса» сүресі, 34-аят)

-ХАДИС:

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, уәсая 9; Муслим, имара 20).

@hadister_jinagy
2.0K views14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 20:21:22 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, рада 64).

@hadister_jinagy
2.2K viewsedited  17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 17:56:43 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, рада 11).

@hadister_jinagy
319 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 16:23:21 -ХАДИС:

Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу қажылығында Аллаһ тағалаға мақтау айтып, шүкіршілік білдірген соң жамағатқа былай деп насихат айтқанын естідім: «Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шын мәнінде оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша, (51) олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ. Егер әйелдерің қандай да бір арсыздыққа барса, олардан бөлек жатып, бір жерін зақымдап алмайтындай етіп ұрыңдар. Егер бойсұнатын болса, оларды басынып, қиянат жасамаңдар. Жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олардың алдында атқарар міндеттеріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болуы және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету», – деген.

(Тирмизи, рада 11).

(51) Күйеуіне опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша

@hadister_jinagy
541 viewsedited  13:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:04:20

Соңыңнан барып тұрады күнә болып...

Әлеуметтік желіге жүктей салдың,
Әуретің ашық тұрған суретіңді.
Аз болғандай күнәні тағы да алдың,
Емдей алмай асқынған індетіңді.

"Ода тұрған не бар?" деп шала ойлап,
Жер басып жүре бересің емін-еркін.
шайтаның сені солай қойған алдап,
Күнді ойлатпай Раббыңмен кездесетін.

Айтайын ақиқатты білгің келсе:
"Қыз міндеті әуретін жауып, қымтау.
Тақуалық киімі киілмесе,
Қыз баланың сұлулығы өзіне жау"


***

Аяқасты ажалың келіп сенің,
Суретіңді өшіре алмай қалсаң өліп
Қараған улы көзі әр еркектің,
Соңыңнан барып тұрады күнә болып...

Албаров Мадияр

Whatsapp:
https://chat.whatsapp.com/EKprj3M095B9GC6c6cWvgx

@madiyardyn_jazbalary
328 views12:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 19:03:08 -БАП

ӘЙЕЛДЕРМЕН ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУ


«Әйелдеріңмен жақсы тұрып,
жақсы қарым-қатынаста болыңдар».
(«Ниса» сүресі, 19-аят).

«Қаншалықты тырысып бақсаңдар да, әйелдеріңнің бәріне бірдей қарап, әділ бола алмайсыңдар. Ендеше, біреуін басқалардан артық көріп, өзгесін (тұрмыс құрса да өзін күйеусіз сезінетіндей) жіпсіз байлап қоймаңдар. Егер өткен-кеткен қателіктеріңді түзетіп, әділетсіздік жасаудан сақтансаңдар, әлбетте, Аллаһ тағала өте кешірімшіл, ерекше мейірімді».
(«Ниса» сүресі, 129-аят)
.

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын. Егер де қандай да бір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, рада 61).


@hadister_jinagy
293 viewsedited  16:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 06:02:39

Намазын оқымай кеткен бауырыма.

Исламсыз бекер ғой өмір сүрген,
Бес парызбен өткерген өмір күшті.
Сан пенденің арманы болып жүрген,
Намазыңнан айырылыпсың өкінішті.

Аллаға мойынсұнбау-күнә жаман,
Күнәһардың өмірі қара тұман...
"Менмін" деген хан, патшалар жете алмаған,
Айырылып қалыпсың байлығыңнан.

Алласына бағынып, құлдық ұрмай,
Кімді көрдің ақиқат жолды тапқан?
Оқудың орынына қаза қылмай,
Айырылып қалыпсың нағыз бақтан.

Алла ерекше сүйеді му'мин құлын,
Дұғасын қабылдайды жылап қылған.
Жын, шайтанға тойтарыс беретұғын,
Айырылып қалыпсың қаруыңнан.

Біліп тұрып бет бұрсаң тура жолдан,
Ертең отқа күйесің алаулаған...
Жақындатпай тыятын арсыздықтан,
Айырылып қалыпсың қорғаныңнан.

Алдыңда есеп берер ұлы күн бар,
Өкінесің өте алмасаң сұрақтардан.
Қап-қараңғы қапастан алып шығар,
Айырылып қалыпсың шуақ нұрдан.

Намазыңа орал бауырым уақыт созбай,
Алла қабыл етеді тәубе қылсаң...
Раббың парыз қылғанды орындамай,
Қалай үміт етесің жәннатынан?


Албаров Мадияр

Whatsapp:
https://chat.whatsapp.com/EKprj3M095B9GC6c6cWvgx

@madiyardyn_jazbalary
477 views03:02
Ашу / Түсініктеме