Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-19 13:28:10

Кішкентай балаларының атынан парақша ашып, солардың тәтті қылықтарын салып, адам саны көбейген соң жарнама жасап пайда тауып жүрген ата-аналар бар. Сол ата-аналар білсін, олар балаларын ақша үшін құрбан етіп жүргендер. Неге құрбан
? Себебі сол балаға ертең көз тиеді немесе тіл тиеді. Бұл екеуі де (көз тию, тіл тию) баланың өліміне себеп болуы мүмкін. Сақ болыңыздар!

Мадияр. А

Whatsapp: https://chat.whatsapp.com/EKprj3M095B9GC6c6cWvgx

@madiyardyn_jazbalary
295 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 20:21:09

Байқа бауырым!
Ойнақтап жүріп талай пенде от басқан,
От басып қоймай, өмірімен де қоштасқан...

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
156 views17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 20:50:24 -ХАДИС:

Әбу Дәрда (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған әлсіздерді тауып әкеліңдер! Шындығында, Аллаһ тағаланың сендерге беріп жатқан жәрдемі мен ризығы іштеріңдегі әлсіз жандардың құрметіне берілуде», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Әбу Дәуіт: жиһад 70).

@hadister_jinagy
62 views17:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 12:04:33
276 views09:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 20:38:29

Кеудесінен шыққанша соңғы демі,
Анаңдай сүйе алмайды ешкім сені...

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
241 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 20:17:05 -ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Бірде үйіме қасында қаршадай екі қызы бар бір жарлы әйел келді. Оған үш тал құрма бердім. Ол құрманың екеуін екі қызына берді де, үшіншісін өзі жемек болды. Сөйтіп, әлгі құрманы аузына сала бергенде, екі сәбиі бірдей қолдарын созды. Сонда бейшара ана өзі жемекші болған жалғыз құрманы теңдей етіп екіге бөлді де, балаларына берді. Әлгі әйелдің аналық мейірімі мені тәнті етті де, болған жайды Расулаллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтып бердім. Сонда ол: «Аллаһ тағала ол әйелге аналық мейірімі үшін жаннатты нәсіп етті, яки оны тозақ отынан құтқарды», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 148).

@hadister_jinagy
435 views17:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 19:43:47 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұқтаж адам деп (50), бір-екі құрма немесе бір-екі түйір тамақ үшін қол жайып жүрген адамды емес, мұқтаж бола тұра, абыройын сақтап, ешкімнен қайыр тілемеген адамды айтамыз», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, тәфсиру сура 2/48; Муслим, зәкәт 102).

(50) Садақа мен зекет алуға лайық

@hadister_jinagy
295 viewsedited  16:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 19:19:14 -БАП

ЖЕТІМ-ЖЕСІРГЕ, ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА, ӘЛЖУАЗ ӘРІ ШАРАСЫЗДАРҒА ҚОЛҰШЫН БЕРІП, МЕЙІРІМДІЛІК
ТАНЫТУ


«Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол».
(«Хижр» сүресі, 88-аят).

«Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға ететіндермен (қарапайым мүміндермен) бірге бол (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма».
(«Кәһф» сүресі, 28-аят).

«Жетімді басынба, қайыр-садақа сұрағанға зекіп, ұрыспа».
(«Дұха» сүресі, 9-10-аяттар)

«Дінді жалғанға шығарғанды көрдің бе? Ол – жетімді жанынан қуатын, жоқ-жітікті тамақтандырмайтын әрі өзгені де (жақсылық жасауға) құлшындырмайтын адам».
(«Мағун» сүресі, 1-3-аяттар).

-ХАДИС:

Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын», – деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып
көрсетті» – делінген.

(Бұхари, әдәб 24).

@hadister_jinagy
185 viewsedited  16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 20:22:16

Дінді айтсаң қабақтарын түйетіндер-
шайтанның лас жолын сүйетіндер...


Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
400 views17:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 20:21:04 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шашының ұйпат-ұйпасы шығып, үсті-басы шаң-тозаң болып, көрінген үйдің босағасынан қуылып жүрген қаншама жан бар. Егер олар (қандай да бір мәселеге қатысты) Аллаһтың атымен ант ішсе, Аллаһ тағала олардың антын жалғанға шығармайды», (49) – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 138).

(49) Яғни, бір қарағанда жай ғана қарапайым адам немесе бейшара біреу болып көрінетін Аллаһтың қаншама әулие құлдары бар. Ондай адамдардың Аллаһ тағаланың алдындағы орны ерекше болғандықтан, ішкен анты, һәм ықыласпен жасаған әрбір дұғасы міндетті түрде қабыл болады, сондықтан ондай жандардың қарғысына қалмаған жөн.

@hadister_jinagy
934 viewsedited  17:21
Ашу / Түсініктеме