Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-06-29 20:41:00 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір кездері Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітін қара нәсілді бір әйел (немесе жас жігіт) сыпырып, тазалап тұратын еді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біраз уақыт әлгі әйелді (немесе жас жігітті) көрмеген соң сахабаларынан оның қайда екенін сұрайды. Сахабалар: «Ол қайтыс болған еді», – дейді. Мұны естігенде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған неге естіртпедіңдер?!» – деп мұңаяды.
Шындығында, сахабалар әлгі қызметшінің өліміне онша мән бермеген еді. Содан Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мені оның басына ертіп апарыңдар», – деп бұйырады. Сахабалар оны бейіт басына апарғанда, марқұмның қабірінің басында тұрып, жаназа намазын оқиды. Содан кейін: «Шынында, мына қабірлердің іші тастай қараңғы болады. Расында, Аллаһ тағала менің оқыған намазым арқылы олардың жатқан жерін жарық етіп, қабірлерін нұрға бөлейді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 67; Муслим, жәнәйз 71).

@hadister_jinagy
1.6K viewsedited  17:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 13:28:20
954 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 19:30:20 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні Аллаһ тағаланың құзырына мына дүниеде ұлық болған өзі семіз бір адам келеді. Алайда оның Аллаһтың алдында шыбынның қанаты құрлы салмағы болмайды», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, тәфсиру сура 18/6; Муслим, сыфатул-мунафиқин 18).

@hadister_jinagy
1.3K views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 19:12:16 -БАП

ӘЛЖУАЗ, ПАҚЫР ӘРІ ҚАРАПАЙЫМ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


«Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға жасайтындармен (қарапайым мүміндермен) бірге бол. (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма».

(«Кәһф» сүресі, 28-аят).

-ХАДИС:


Хариса ибн Уәһб (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендерге кімдердің жұмаққа баратынын айтайын ба? Өзі әлжуаз әрі елеусіз болса да, Аллаһтың атымен ант етсе, ішкен антын Аллаһ тағала жалғанға шығармайтын әрбір адам жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімдердің тозаққа кіретінін айтайын ба? Әрбір озбыр, дөрекі, сараң әрі тәкаппар адам тозаққа кіреді», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, әйман 9/әдәб 61; Муслим, жаннат 47).

@hadister_jinagy
139 viewsedited  16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:00:41

Сенің үйіңнің екі қабатты және бөлмелерінің кең болғанынан не пайда, егер сол үйіңнің бір бұрышы намаз оқу үшін арналмаса?

Мадияр.А

@madiyardyn_jazbalary
340 views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 04:14:36 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Аллаһ тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе (47), Аллаһ тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Аллаһ тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ, Аллаһтың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Аллаһ тағала да құлына жәрдем етуін тоқтатпайды. Ал кім білім іздену жолына түссе, Аллаһ тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Аллаһтың үйлерінің бірінде бас қосып Құран оқып, оны өзара талқылап түсінуге тырысқан қауым жан тыныштығы мен Раббыларының шексіз мейіріміне бөленеді де, оларды
періштелер айнала қоршап алады. Сондай-ақ, Аллаһ тағала құзырындағыларға олар жайлы мақтау айтады. Игі істері жеткіліксіз болып, артта қалған пендені тектілігі көш ілгері ете алмас» (48), – деп айтты» – делінген.

(Муслим, зикр 38).


(47) Яғни, қарызын кешсе немесе асықпай күтсе
(48) Яғни, о дүниеге барғанда сауапты істері жеткіліксіз болған пендеге пәни дүниедегі тектілігі мен атағы, абыройы мен беделі ешбір пайда бермейді.

@hadister_jinagy
68 viewsedited  01:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 07:24:10
243 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 20:51:48 -БАП

МҰСЫЛМАНҒА ҚОЛ ҰШЫН БЕРУ


«Жақсылық жасаңдар, сонда
нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)»

(«Хаж» сүресі, 77-аят).

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-
ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, мазалим 3; Муслим, бирр 58).

@hadister_jinagy
126 viewsedited  17:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 21:05:24 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде сахабалар Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құзырына шарап ішкен біреуді әкелді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге: «Оны соғып, жазасын беріңдер», – деп бұйырды. Сонда біреулер қолымен, біреулер аяқ киімімен, енді біреулер үстіндегі киімімен жабылып есін жиғанша ұрдық. Содан әлгі адам тиісті жазасын алып, кетіп бара жатқанда, кейбіреулер оның артынан: «Аллаһ сені қара бет қылсын!» – деп қарғады. Мұны естігенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олай айтпаңдар! Оған лағынет айтып, шайтанға болыспаңдар», – деп қатаң ескерту жасады», – деген .

(Бұхари, худуд 4).

@hadister_jinagy
161 viewsedited  18:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 11:41:08

Әйелдің өмір жолы жақсылыққа толы. Шыр етіп дүниеге келген кезде әкесіне жәннат қақпасын ашатын қыз. Бой жетіп тұрмыс құрғанда күйеуінің дінін кемеліне келтіретін әйел. Ал дүниеге перзент әкеліп ана болғанда баласы үшін оның табаны жәннатқа апарар жол болмақ.

Дереккөз: "Үйленбей тұрып үйрен"

@madiyardyn_jazbalary
300 views08:41
Ашу / Түсініктеме