Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-04-26 18:56:13 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынайы мұсылман – тілі мен қолынан өзге мұсылмандарға зияны тимейтін жан. Ал нағыз муһажыр (42) – Аллаһ тағала тыйым салғандары түгелдей тәрк еткен адам», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 4; Муслим, иман 64).

(42( Муһажыр – араб тілінде «тәрк етуші, қоныс аударушы» дегенді білдіреді. Ал терминдік тұрғыдан алғанда Меккеден Мәдинаға қоныс аударған алғашқы мұсылман сахабалардың атауы. Хадистегі мағынасы – Аллаһтың тыйғандарын тәрк еткен адам.

@hadister_jinagy
202 viewsedited  15:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 21:03:46 -ХАДИС:

Абдуррахман ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әзд руынан шыққан Ибн Лутбия деген бір кісіге зекет жинауды тапсырған еді. Ол жұмысын бітірген соң Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп (зекеттен түскен дүниені тапсырып тұрып): «Мынау сіздерге тиесілі. Ал мынау болса, маған сыйға тартылды», – деді. Мұны естіген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дереу мінберге көтеріліп, Аллаһ тағалаға мақтау айтқан соң: «Аллаһ тағала маған тапсырған бір істі атқарып келу үшін сендердің араларыңнан біреуді жұмсасам, әлгі адам маған келіп: «Мынау сіздерге тиесілі. Ал, мынау болса, маған сыйға тартылған дүние», – дейді. Егер оның айтқаны рас болса, неліктен сол кәдесін әкесінің (немесе анасының) үйінде отырып-ақ күтпеді? Аллаһтың атымен ант етейін! Сендерден кімде-кім өзіне тиесілі болмаған нәрсеге қол сұқса, еш шүбәсіз қиямет күні Аллаһқа соны арқалаған күйде қауышады. Сендердің араларыңнан Аллаһтың алдына боздаған түйе, мөңіреген сиыр немесе маңыраған қой арқалап барғандарды танымаймын», – деп ескертті. Сосын қос қолтығы көрінетіндей етіп қолдарын көкке көтеріп: «Уа, Аллаһ тағалам! Айтып жеткіздім бе?» – деп үш қайтара айтты» – деген.

(Бұхари, зәкәт 3; Муслим, имара 26).

@hadister_jinagy
146 viewsedited  18:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 19:57:59 -ХАДИС:

Әбу Мұса (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ тағала залымды дереу жазаламай оған мұрсат береді. Ал егер оны жазалау үшін ұстаса, қашып құтыла алмайды», – деп, Құранның «Міне, Раббың зорлықшыл, залым ауыл (тұрғындарының) сазайын осылай береді. Шынында, Оның жазасы өте ауыр әрі қатты» (41) – деген аятын оқыды», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, тәфсиру сура 11/2; Муслим, бирр 61).

(41) «Һуд» сүресі, 102-аят

@hadister_jinagy
437 viewsedited  16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 20:03:38 -ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім біреуге тиесілі бір сүйем жерді озбырлықпен иемденіп алса, қиямет күні сол жердің жеті қабаты бірдей оның мойнына оралады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, мазалим 13; Муслим, мусақат 139).

@hadister_jinagy
866 viewsedited  17:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 08:49:54 -ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) құзырында отырып, қоштасу қажылығы жайлы әңгіме қозғаған едік. Алайда ешбіріміз де қоштасу қажылығының не екенін (яғни, неліктен олай аталғанын) білмейтінбіз. Сол кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдымен Аллаһқа шүкіршілік білдіріп, мақтау айтып, содан соң бізге Тажал туралы тарқатып айтып берді. Сондағы айтқаны: «Аллаһ тарапынан жіберілген әрбір пайғамбар өз үмбетін міндетті түрде Тажалдан сақтандырып отырған. Хазрет Нұх (ғ.с.) пен одан кейінгі пайғамбарлар да өз үмбеттеріне бұны ескерткен. Егер ол сендер өмір сүрген кезеңде шықса, еш шүбәсіз бұл жайттан сендер хабарсыз, қаперсіз болмайсыңдар. Өйткені, Раббыларыңның бір көзі соқыр емес. Ал Тажалдың оң көзі соқыр, әрі бейне бір жүзімнің шоғынан шығыңқырап қалған жалғыз жүзім секілді томпақ болып келеді. Біліп қойыңдар! Аллаһ тағала осы күндеріңді (39) осы мекендеріңді және осы айларыңды (40) сендер үшін қалай харам (яғни, қасиетті) қылса, сендерге бір-біріңнің қандарыңды және дүние-мүліктеріңді де харам қылды. Сендерге осыны айтып жеткіздім бе?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әрине, айттыңыз!» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үш рет: «Уа, Аллаһ тағалам, бір Өзің куә бол!» – деп айтты да (бізге жаны ашып): «Байғұстар-ау! Байқаңдар, менен кейін бір-біріңнің қандарыңды төгіп, кәпір болып кетіп жүрмеңдер», – деп қатаң ескерту жасады», – деген.

(Бұхари, мәғази 77; Муслим, фитән 100).

(39) Құрбан айт күнін
(40) Зүлхижжа айын

@hadister_jinagy
1.1K viewsedited  05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 20:33:22 -ХАДИС:

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Біреуге зұлымдық жасаудан сақтаныңдар! Шын мәнінде, зұлымдық – қиямет күні (қаскүнем үшін) тастай қара түнекке айналады. Сараңдықтан да бойларыңды аулақ ұстаңдар! Расында, сараңдық сендерге дейінгі қауымдардың түбіне жеткен. Олар сараңдықтың салдарынан бір-бірінің қанын төгіп, (зинақорлық пен өсімқорлық секілді) өздеріне харам етілген күнә істерді адал деп есептеуге
дейін барды», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 56).

@hadister_jinagy
1.4K viewsedited  17:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 20:23:33 -ХАДИС:

Хузәйфа мен Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуі бойынша, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала күллі адамзатты махшарға (ғарасат алаңына) жинағанда мүміндер жаннат оларға жақындатылғанша түрегеліп тұрады. Содан кейін олар әзірет Адамға (а.с.) келіп, оған: «Уа, баршамыздың бабамыз! Аллаһтан біз үшін жаннат қақпаларының ашылуын тілесеңіз», – деп өтінеді. Адам (а.с.) оларға: «Сендерді жаннаттан шығарған аталарыңның қателігі емей немене? Мен бұған лайық емеспін. Одан да Аллаһтың досы болған ұлым Ибраһимге (а.с.) барыңдар – дейді. Сөйтіп, олар
әзірет Ибраһимге (а.с.) келеді. Ол да: Мен бұған лайық емеспін. Расында, мен өзімді Аллаһқа соншалықты жақын дос болдым деп айта алмаймын (36) Одан да сендер Аллаһпен тікелей тілдесу құрметіне бөленген Мұсаға (а.с.) барыңдар», – дейді. Әзрет Мұсаға (а.с.) барғанда ол да: «Мен бұған лайық емеспін. Сендер Аллаһтың сөзі (37) және рухы (38) болған Исаға барыңдар», – дейді. Әзірет Иса (ғ.с.) оларға: «Мен де бұған лайық емеспін», – дейді. Соңында, олар әзірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келеді. Сол кезде әзірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орнынан тұрады да, оған шапағат ету мүмкіндігі беріледі. Аманат пен туыстық қатынас – екеуі: бірі Қыл көпірдің оң жағына, екіншісі сол жағына тұруға жіберіледі. Іштеріңнен Қыл көпірден алғашқы болып өтетіндер жай отындай өте шығады», – деді. Сонда мен: «Әке-шешем сіздің жолыңызда садақа болсын! Жай отындай өте шығады дегенді қалай түсінуге
болады?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Найзағайдың көзді ашып-жұмғанша жарқ етіп жылдам өте шыққанын (жанып-өшкенін) көрмедіңдер ме? Одан кейінгілердің кейбірі жүйітки соққан желдей, енді біреулері құстай ұшып, жылдам өтеді. Қысқасы, (қыл көпірден) ең жылдам өтетіндер – (мына дүниеде істеген ) игі істерінің арқасында демде өте шығады. Пайғамбарларың болса, қыл көпірдің басында тұрып: «Уа, Раббым! Сақтай гөр, сақтай гөр!» – деп, жанын шүберекке түйіп, жалынып-жалбарынып, үмбетінің тілеуін тілеп тұрады. Сөйтіп тұрғанда, Аллаһтың кейбір құлдарының игі істері жеткіліксіз болып (оларды тозақтың үстіне керілген қыл көпірден жылдам өткізе алмай) қалады. Тіпті, бір адам тік тұрып жүре алмай бауырымен жер жорғалап қалады. Қыл көпірдің екі жағында тозаққа бұйырылғандарды іліп әкету міндеті тапсырылған ілгектер болады. Аталмыш ілгектер кейбіреуін жаралап өткенімен, соңында олар құтылып кетеді. Ал ілгектерге ілініп қалғандар, сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты».

Осыған қатысты Әбу Һурайра (р.а.):« Әбу Һурайраның жаны қолында болған Аллаһтың атымен ант етейін! Тозақтың түбіне (жету үшін) жетпіс жыл керек», – деген еді.

(Муслим, иман 329).

(36) Яғни, Аллаһқа менен де жақын болған жандар бар.
(37) Яғни, Аллаһтың «бол» – деген бір ғана әмірімен әкесіз, жалғыз анадан дүниеге келді.
(38) Исаның (а.с.) Аллаһтың рухы деп аталуының себебі, ол Аллаһтың қалауымен өлілерге жан бітіретін және өлі жүректерді қайта тірілтетін.

@hadister_jinagy
1.5K viewsedited  17:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 19:47:12 -БАП

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ


«Аллаһ тағала сендерге аманаттарды тиісті иелеріне қайтаруды бұйырады»
(«Ниса» сүресі, 58-аят).

«Расында, біз аманатты (яғни, адамзатқа тән бүкіл жауапкершілікті) жеті қат аспанға да, жерге де һәм тауларға да (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны алудан бас тартты, өйткені оны лайықты деңгейде алып жүре алмаудан қорықты. Сөйтіп, оны адам өз мойнына алды, өйткені ол – (өзіне) өте зиянкес әрі барып тұрған надан еді»
(«Ахзаб» сүресі, 72-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Екі жүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады; уәде берсе, орындамайды; аманатқа қиянат жасайды», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 24; Муслим, иман 107).

@hadister_jinagy
1.6K viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 20:29:53 -БАП

ДІН ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕН АДАМДАРДЫҢ СӨЗІ МЕН ІСІНІҢ БІР ЖЕРДЕН ШЫҒУЫ


«Өздерің кітап (яғни, Тәуратты) оқисыңдар. Сөйте тұра, ел-жұртқа ізгілік жасауды бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма? Осы (істеріңнің қаншалықты қисынсыз екенін бір сәт) ойланбайсыңдар ма?!»
(«Бақара» сүресі, 44-аят).

«Уа, иман еткендер! Неліктен өздерің істемейтін істі сөз қыласыңдар. (Немесе неліктен істейміз деп айтып алып, айтқан сөздеріңді орындамайсыңдар).
Өздерің істемейтін істі сөз қылу – Аллаһтың алдында ең жеккөрінішті қылық»
(«Саф» сүресі, 2-3-аяттар).

«Сендерге істемеңдер деген істі өзім істеп, сендерден ерекшеленгім келмейді»
(«Һуд» сүресі, 88-аят).

-ХАДИС:


Үсама ибн Зәйд (р.а.) Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні бір адам тозаққа тасталады. Сонда оның ішек-қарны ақтарылып кетеді де, шұбатылған ішек-қарнымен бейне бір диірмен тасын айналған есектей шыр айнала бастайды. Бұны көрген тозақтықтар жиналып келіп оған: «Ей, пәленше! Саған не болған, сен (дүниеде) адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыймаушы ма едің?» – дейді. Сонда әлгі адам: «Иә, шынында, мен елді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім істемеуші едім. Сондай-ақ, жамандықтан тыйып, өзім тыйылмаушы едім», – деп сырын ашады дегенін естідім», – деген.

(Бұхари, бәдғул-халқ 10; Муслим, зуһд 51).


@hadister_jinagy
1.7K viewsedited  17:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 19:38:48 -ХАДИС:

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, халайық! Сендер, «Әй мүміндер! Алдымен өздерің түзеліңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды» (35) – деген аятты оқып, оны дұрыс түсінбей жүрсіңдер. Мен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер адамдар залымның залымдығын көре тұра, оған тоқтам салмаса, көп ұзамай-ақ, Аллаһ тағала залымдармен бірге оларды да азаптайды», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, фитән 8).

(35) «Мәида» сүресі, 105-аят

@hadister_jinagy
1.7K viewsedited  16:38
Ашу / Түсініктеме