Get Mystery Box with random crypto!

Еркек түздің, әйел үйдің адамы. Бұл жазылмаған табиғат заңы. Д | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ



Еркек түздің, әйел үйдің адамы. Бұл жазылмаған табиғат заңы. Десе де, үй шаруасына қарайласу еркектің ар-намысына дақ емес. Жалған намыспен ата-бабамыз олай етпеген деп үркиміз. Нағыз ердің ері Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болатын. " Мықтымын" дегеннің барлығы одан өнеге алады. Күнделікті көмектесу міндет емес. Қала берсе, әйел де күйеуінен мұны талап етпейді. Ең бастысы, екі жарты бір бүтін болып бір-біріне демеу болу. Әйелдің үй шаруасы бастан асып жатқанда күйеуі жәрдем берсе, ешнәрсе жоғалтпайды. Керісінше, орталарындағы сезімнің нығаюуына, бір-біріне деген құрметі арта түсуіне септігі тиеді. Әрине, шаршап-шалдықса да "әйелдің қырық жаны бар" деп көз жұмып жатамыз. Біз сонда кімді үлгі етіп айтудамыз? Әлде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі алуға намыстанамыз ба?

Дереккөз: "Үйленбей тұрып үйрен"

@madiyardyn_jazbalary