Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі ( | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: «Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айту», – деген» – делінген.

Осы хадисті Имам Муслим: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында алты міндеті бар: «Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер; сыйлап шақырса, шақырған жерге бар; ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте; түшкіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айт; ауырып қалса, барып көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына қатыс», – деп айтты», – деп жеткізген.

(Муслим, сәләм 5).

@hadister_jinagy