Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-05-11 07:26:28
Инстаграм: https://instagram.com/tasnim_kks?igshid=YmMyMTA2M2Y=

@tasnim_kks
142 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 20:10:50 -БАП

МҰСЫЛМАННЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰРМЕТТЕУ, ОЛАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫП, БАУЫРМАЛДЫҚПЕН ҚҰШАҚ ЖАЮ


«Кімде-кім Аллаһтың қасиетті қылған нәрселерін құрмет тұтып ұлықтаса, Раббысының алдында өзі үшін қайырлы (іс істеген) болады»
(«Хаж» сүресі, 30-аят).

«Кімде-кім Аллаһ тағала қасиетті қылған діни рәсімдер мен нышандарды (43) құрмет тұтып ұлықтаса, бұл – жүректердегі тақуалықтың белгісі»
(«Хаж» сүресі, 32-аят).

«Мүміндерге өте мейірлі,
кішіпейіл бол»
(«Хижр» сүресі, 88-аят).

«Кімде-кім кісі өлтірмеген
немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған жазықсыз адамды өлтірсе, күллі адамзаттың қанын төккендей болады. Сондай-ақ, кім бір адамды өлім аузынан аман алып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады»
(«Мәида» сүресі, 32-аят).

-ХАДИС:


Әбу Мұса (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүмін мен мүмін (яғни, мұсылман қауымы) бейне бір әрбір бөлшегі бір-бірін жымдастырып тұрған бір үйдің құрылысы секілді», – деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырды», – деген.

(Бұхари, саләт 88; Муслим, бирр 65).

(43) Яғни, қажылық, құрбандық рәсімі сияқты және Қағба, Сафа мен Мәруа таулары сияқты қасиетті нышандарды


@hadister_jinagy
278 viewsedited  17:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-08 19:57:56 -ХАДИС:

Умму Сәләмә (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, мен де адаммын. Сендер араларыңдағы келіспеушіліктерді қара қылды қақ жарғандай етіп әділ шешіп беру үшін әрдайым менің билігіме жүгінесіңдер. Кейбіреуің қарсыласына қарағанда өз сөзін дәлелдеп, сендіре алатындай шешен болуы мүмкін. Ал мен естігендерімді таразылай отырып, соның пайдасына үкім шығарамын, сондықтан кімнің пайдасына үкім шығарып, оған бауырының ақысын алып берсем, шынтуайтында, оған тозақ отының бір бөлігін бөліп берген боламын», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, шәһәдат 27/ахкәм 20; Муслим, ақдия 4).

@hadister_jinagy
290 viewsedited  16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 20:00:16 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларынан: «Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін
білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, олар: «Біз зиянға ұшыраған деп қолындағы бар дүниесінен айырылған адамды айтамыз», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Менің үмбетімнің ішіндегі зиянға ұшыраған адам – қиямет күні (дүниеде жасаған) намаз, ораза және зекет секілді ізгі істерге қоса анаған тіл тигізіп, мынаған жала жауып, ана біреудің мүлкіне қол сұғып, мына біреудің нақақтан қанын төгіп, енді біреуді ұрып-соғып талай күнә арқалай келген адам. Оның жиған-терген сауаптары анаған да, мынаған да үлестіріліп, мойнындағы кісі ақысы бітпестен сауаптары таусылса, ақысы кеткендердің күнәлары мойнына жүктеліп сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 59)

@hadister_jinagy
77 viewsedited  17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-02 03:02:05
Айттан айтқа ел аман, жұрт тыныш, төрт көзіміз түгел жетуге жазсын!

@ustaz_erkinbek_shokai
84 views00:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 17:58:26
179 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 20:31:02 -ХАДИС:

Әбу Қатаданың жеткізуі бойынша (р.а.): «Бірде Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларға құтпа оқып,
құтпасында Аллаһ жолындағы күрес пен Аллаһ тағалаға иман етудің істердің ең абзалы екенін баса айтқан еді. Сол кезде сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Аллаһ жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине. Егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Аллаһтан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһ жолында қаза тапсаң, күнәларың кешіріледі», – деп жауап берді. Сәлден кейін Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі кісіден: «Сен не деп айтып едің?» – деп сұрады. Әлгі сахаба: «Егер Аллаһ жолында шейіт болсам, күнәларым кешіріле ме?» – деп қайта сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине, егер сен барынша сабырлылық танытып, әрі сауапты Аллаһтан ғана күтіп, бір қадам артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһ жолында қаза тапсаң, қарыздарыңнан басқа барлық күнәларың кешіріледі. Бұны маған Жабірейіл (ғ.с.) періште айтты», – деп қайта жауап берді» – делінген.

(Муслим, имара 117).

@hadister_jinagy
156 viewsedited  17:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:28:40
Барлық дұғаларды қамтитын дұға!

@hadister_jinagy
241 viewsedited  18:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:27:01 Аллаһ Тағала дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Біздерді де дұғаларыңызда ұмытпағайсыздар!
250 views18:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:25:40
@mihrab_kz
@hadister_jinagy
252 views18:25
Ашу / Түсініктеме