Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-05-29 18:32:22
Ұстаз Абдулахад Сманов

@ustazdar_kz
218 views15:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 20:37:12 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, оған өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны өзге мұсылмандарға харам», (44) – дегеннен кейін, қолымен көкірегін нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден өткен жаман (қылық) жоқ», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи: бирр 18).

(44) Яғни, шынайы мұсылман өзге мұсылманның ар-намысын таптап, дүние-мүлкіне қол сұғып, қанын төге алмайды.

@hadister_jinagy
211 viewsedited  17:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 08:09:33
Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұманың күндізі мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер».-деген

(Байһақи)

@madiyardyn_jazbalary
302 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 20:08:31 -ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, мазалим 3; Муслим, бирр 58).

@hadister_jinagy
169 viewsedited  17:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 13:43:33

"Мектеп бітіргеннен кейін намаз оқимын, орамал тағамын" деген қыз-жігіттер!

Уәдені орындайтын уақыт келді...

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
416 views10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 21:07:50 -ХАДИС:

Жүндуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Таң намазын оқыған адам Аллаһтың қорғанында болады. Аллаһ тағала қорғанындағы жан үшін ешбіріңді жауапқа тарпасын. Өйткені, Аллаһ тағала кімді Өзінің қорғанына алған жан үшін жауапқа тартатын болса, оны ұстап, етпетінен тозаққа тастайды», – деп айтты» – деген.

(Муслим, мәсәжид 262).

@hadister_jinagy
166 viewsedited  18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 20:58:36

"Бәрі солай істеп жүр ғой"

Сен "бәрі" сияқты болма. Сен-МҰСЫЛМАНСЫҢ. Аллаһтың ашуын тудыратын емес, разылығына жеткізетін амалдарды істе. шайтан сені "өлім сенен әлі алыста" деп алдап қоймасын. Бүгінгі күн соңғы күнің болуы мүмкін...

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
235 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 20:06:02 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Іштеріңнен кімде-кім жамағатқа имам болып, намаз оқытса, намазды созбай қысқа оқытсын, өйткені олардың ішінде әлсіздер, науқастар, жасы келген қарттар да болады. Ал кімде-кім жалғыз өзі намаз оқыса, қалағанынша ұзақ оқысын», – деген.

(Бұхари, илм 28/азан 62; Муслим, саләт 183).

@hadister_jinagy
355 viewsedited  17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 18:12:02 -ХАДИС:

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдарға мейірімділік танытпағанды Аллаһ тағала мейіріміне бөлемейді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, әдәб 18; Муслим, фадаил 66).

@hadister_jinagy
301 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 21:00:17

Қазақта мынандай мақал бар:
"Бақырауық болса да ботаның бары жақсы,
Жылауық болса да баланың бары жақсы"

Алладан бала тілеп алдыңыз ба, оның жылағанына да, сұрағанына да, берген асыңызды жер-көкке шашып шылағанына да сабыр етіңіз. Біле-білсеңіз баланың өзі тұрмақ тырнағына да жете алмай жүргендер бар. Нығметтің қадірін біліңіз!

Мадияр. А

@madiyardyn_jazbalary
164 views18:00
Ашу / Түсініктеме