Get Mystery Box with random crypto!

-БАП МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРУ «Мүміндердің ішіне арсы | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРУ


«Мүміндердің ішіне арсыздықты (күнә істерді) жаюға жаны құштар адамдар бұл дүниеде де, ақыретте де тым ауыр азапқа ұшырайды».

(«Нұр» сүресі, 19-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Істеген күнәсін жар салып, жария еткендерден өзге үмбетім түгелдей кешіріледі. Күнәні жария ету дегеніміз – пенденің түнімен күнәға батып, Аллаһ тағала таңға дейін күнәсін жасырғанына қарамастан ертесі күні: «Әй, пәленше! Кеше мен ананы-мынаны істедім» – деп айтуы. Раббысы оның түні бойы жасаған күнәсін жасырды. Ол болса, Аллаһтың өзгелерден жасырғанын жария етіп таң атыруда», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, әдәб 60; Муслим, зуһд 52).

@hadister_jinagy