Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 21

2021-12-06 18:51:54 -ХАДИС:

Әбу Бәкратә Нуфәй ибн әл-Харис әс-Сәқафи (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Екі мұсылман бір-бірімен өштесіп қылыштасса, өлтірген де, өлген де тозақтық», – дегенде, мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Өлтіргеннің жайы белгілі, ал өлген кісі неліктен тозақтық?» – деп сұрадым. Сонда Ол (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өйткені ол да қарсыласын өлтіруге бекінген болатын», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, иман 22; Муслим, қасамә 33).

@hadister_jinagy
391 viewsedited  15:51
Ашу / Түсініктеме
2021-12-05 13:32:03 -ХАДИС:

Әбу Муса Абдуллаһ ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.): «Бір кісі Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Біреуі өзінің көзсіз батырлығын көрсету үшін, енді біреуі отанының, ұлтының немесе әулетінің намысы үшін, тағы біреуі елдің назарын өзіне аударуға бола шайқасқандардың қайсысы Аллаһ жолында күрескен болып саналады?» – деп сұрағанда, Ол (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім Аллаһтың сөзін (яғни, дінін) асқақтату үшін күрессе, міне, сол Аллаһтың жолында», – деп жауап қатты», – деген.

(Бұхари, илм 45/жиһад 15/ тәухид 28; Муслим, имара 150,151).

@hadister_jinagy
609 views10:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 18:43:57 -ХАДИС:

Әбу Һурайра Абдуррахман ибн Сахрдан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шын мәнінде, Аллаһ Тағала сендердің сыртқы дене-бітімдеріңе не түр-тұрпаттарыңа емес, жүректерің мен амалдарыңа қарайды»,
(3) – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 33).

(3) Яғни, соған қарап сауапқа бөлейді.

@hadister_jinagy
811 viewsedited  15:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 18:26:57 -ХАДИС:

Сағд ибн Әби Уаққас (р.а.): «Қоштасу қажылығы болған жылы қатты сырқаттанып жатқанымда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған көңіл сұрай келген еді. Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Көргеніңіздей, мына дерттен енді айыға алмайтын шығармын. Мен дәулетті адаммын, жалғыз қызымнан басқа мұрагерім жоқ. Мал-мүлкімнің үштен екісін (кедей-кепшікке) садақа етіп таратайын ба?» – дегенімде, ол: «Жоқ», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Тең жартысын ше?» – дегенімде, ол тағы да: «Жоқ», – деді. Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ал үштен бірін ше?» – дегенімде, ол: «Үштен бірін тарат. Тіпті, ол да көп болады. Өзіңнен кейінгі мұрагерлеріңді бай етіп қалдырғаның оларды жұрттан қайыр тілеуге мәжбүр етіп қалдырғаныңнан әлдеқайда қайырлы. Шын мәнінде, сен Аллаһтың разылығы үшін жұмсаған әрбір (тиының) үшін, тіпті, ас үстінде әйеліңді еркелетіп отырып аузына салған әрбір түйір ас үшін де сауап аласың», – деді. Сонда мен қобалжып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жолдастарым Аллаһтың нұры жауған Мәдинаға қайтып бара жатқанда, мен осында қалып, дүниеден озсам, жасаған хижретім толық болмай қала ма деп қорқамын», – дедім. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ, сен бұл жерде қалмайсың. Әлі-ақ Аллаһ жолында көптеген іс тындырып мерейің өседі. Әлі-ақ, сен ұзақ жыл ғұмыр кешіп, бір қауымның (мұсылмандардың) пайдасына жарап, енді біреулер де (кәпірлер) сенен зиян шегер. Уа, Жаратқан Ием! Сахабаларымның хижретін тамамдағайсың. Оларды кері кетіре гөрме, бірақ нағыз бейшара Сағд ибн Хаулә ғой!» – деп Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға қайта алмай Меккеде дүниеден озған сахабасын есіне алып, көңілін мұң торлады», – деген.

(Бұхари, уәсая 2/фарайз 6; Муслим, уасыйя 5).

@hadister_jinagy
941 viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 07:58:19 -ХАДИС:

Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жорыққа шыққан едік. Бір уақытта ол бізге: «Мәдинада жорыққа шыға алмаған, алайда сендер қай жолмен жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттің арқасында) әрдайым сендермен бірге болған ерлер бар. Ауру-сырқау оларға қол байлау болды», – деп айтты», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Олар (шынайы ниеттің арқасында) сендерге бұйырған сауапқа ортақтас болады», – деп айтылған.

(Муслим, имара 159).

@hadister_jinagy
990 viewsedited  04:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-25 18:50:43 -ХАДИС:

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мекке алынған соң, хижрет аяқталады. Алайда жиһад (2) пен ниет (ықыласпен амал ету) жалғаса береді. Ендеше, Аллаһ алдындағы борыштарыңды өтеуге шақырылсаңдар, дереу орындаңдар», – деп айтты», – делінген.

(Бұхари, жиһад 1; Муслим, хаж 445).

(2) Яғни, Ислам дінін төрткүл дүниеге жаю.

@hadister_jinagy
1.4K viewsedited  15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 18:20:40 -ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бір заманда жер қайыстырған қалың қол Қағбаға қарай бет алады. Ұшы-қиыры жоқ, тап-тақыр шөл далаға жеткенде әлгі қалың қолды бастан-аяқ жер жұтады», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Оларды қалайша тұтастай жер жұтады? Арасында қарапайым саудагерлер мен әскер қатарына жатпайтын бейкүнә жандар (1) да бар емес пе?» – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Оларды түгелдей жер жұтады, кейін (ақыретте) әркім ниетіне қарай (қарымын алу үшін) қайта тіріледі», – деп айтты», – деген.

(Бұхари Муслим, фитән 4).

(1)- Яғни, Қағбаны жығып, бұзақылық жасау ниетінде болмаған, әлгі қолға білмей қосылған адамдар.


@hadister_jinagy
1.4K viewsedited  15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 18:02:10 РИЯДУС-САЛИХИН

ИМАМ НӘУӘУИ (РАХИМАҺУЛЛАҺ)

-БАП:

ІЗГІ НИЕТ, ЫҚЫЛАС ЖӘНЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ


«Оларға (Кітап иелеріне) да мінсіз әрі саф сенімді ұстана отырып, шынайы ықыласпен Аллаһқа ғана құлшылық ету; намазды шарттарына сай толық оқу, зекетті толық беру бұйырылған-тын. Міне, осы – нағыз тура дін»
(«Бәйинә» сүресі, 5-аят).

«Шынтуайтында, шалған құрбандықтарыңның еті де, қаны да, Аллаһқа жетпейді (яғни, қажет емес). Аллаһқа жететін (Раббыларыңның алдында дәрежелеріңді өсіріп, сауапқа
бөлейтін) шынайы тақуалықтарың ғана»
(«Хаж» сүресі, 37-аят).

«(Мүміндерге) Көкіректеріңдегіні (ниет-пиғылдарыңды) жасырсаңдар да, жария етсеңдер де, бәрібір, Аллаһ тағала бәрін біледі. Сондай-ақ, Ол – жеті қат аспан мен жердегінің бәрін біледі. Аллаһтың құдіреті бәріне толық жетеді» – деп айт»
(«Әли Имран» сүресі, 29-аят).

-ХАДИС:

Мұсылмандардың әміршісі Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Аллаһ Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Амалдар түпкі ниетке байланысты. Расында, әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді. Кімнің хижреті Аллаһ пен елшісі үшін болса, оның хижреті Аллаһ пен елшісі үшін жасалған болып табылады. Ал кімнің хижреті дүниеге қол жеткізу, не болмаса (ұнатқан) әйелмен көңіл қосу үшін болса, оның хижреті сол мақсатта жасалған болады», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, иман 41; Муслим, имара 155).

@hadister_jinagy
1.3K viewsedited  15:02
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 19:02:19 Имам әт-Тирмизидің "Әш-Шәмәил әл-Мухәммәдийя" кітабына негізделген дәрістер топтамасы

21-дәріс

Ұстаз Ризабек Батталұлы

@hadister_jinagy
1.2K viewsedited  16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 19:36:07 Имам әт-Тирмизидің "Әш-Шәмәил әл-Мухәммәдийя" кітабына негізделген дәрістер топтамасы

20-дәріс

Ұстаз Ризабек Батталұлы

@hadister_jinagy
1.7K viewsedited  16:36
Ашу / Түсініктеме