Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Бара ибн Азиб (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләй | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Бара ибн Азиб (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Бізге бұйырғандары: «Науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені мейіріміне бөлесін) деп айту, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көну, зорлық-зомбылық көргенге қолдау көрсету, шақырған жерден қалмау және өзара амандасуды кеңінен жаю. Сондай-ақ, алтын жүзік тағудан, күміс ыдыс қолданудан, жібекпен тысталған төсеніш қолданудан, жібек пен зығыр аралас матадан және харир, дүрия, қамқа түріндегі жібек маталардан тігілген киімдерді киюден тыйды» (46), – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәиз 2; Муслим, либәс 3).

(46) Бұл хадистегі мұсылмандардың қолдануына тыйым салынған алтын жүзік пен жібектен тігілген киімдер ер адамдарға ғана қатысты айтылған.

@hadister_jinagy