Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-04-06 19:33:16 -ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исрайылұлдарының (діни тұрғыдан) құлдырауы олардың бірі екіншісіне кезіккенде: «Әй, сен осы Аллаһтан қорықсаңшы! Мына қылығыңды қой, олай істеуге болмайды», – деп айтып алып, ертесі күні әлгі күнәһардың тыйылмағанын көрсе де, түк болмағандай онымен бірге баяғыша ішіп-жеп, дос болып жүре беруден басталған. Олар солай істеген соң, Аллаһ тағала олардың арасына жік түсіріп (бір-біріне дұшпан қылды) – деп, мына аятты оқыды: «Исрайылұлдарынан күпірлікке бой алдырғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді, өйткені олар бойсұнудан бас тартып, (күнә істеуде) шектен шықты. Сондай-ақ, олар бір-бірін жамандық атаулыдан тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман! Басым көпшілігінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Олардың (ақырет күніне) дайындығы қандай жаман! Шынында, олар (осы қылықтарының кесірінен) Аллаһтың қаһарына ұшырады, сондықтан (тозақта) мәңгі-бақи азап шегеді. Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға және оған түсірілген (кітапқа) иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Алайда, олардың көбі түзу жолдан тайғандар» (34) Соңында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Залымның қолын байлап, оны хақ жолға салып, әрі сол жолдан таймауына кепіл боласыңдар. Әйтпесе, Аллаһ тағала ауызбіршіліктеріңді бұзып, Исрайылұлдарын лағынеттегендей сендерді де қарғысқа ұшыратады», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, тәфсиру сура 5-6).

(34) «Мәида» сүресі, 78-81-аяттар

@hadister_jinagy
1.9K viewsedited  16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 21:05:44
7.6K views18:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 09:28:48 -ХАДИС:

Әбу Сайыдтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Залым патшаның алдында айтылған әділ сөз (ақиқат) – Аллаһ жолындағы күрестің ең абзалы болмақ», – деп айтты» – делінген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, фитән 13).

@hadister_jinagy
1.6K views06:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 20:01:47 -ХАДИС:

Хузәйфадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жанымды уысында ұстаған Аллаһтың атымен ант етейін! Міндетті түрде адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Әйтпесе, көп ұзамай-ақ, бастарыңа Аллаһтың азабы келеді. Содан соң, Оған жалбарынатын боласыңдар, бірақ қанша жалынсаңдар да, дұғаларың қабыл болмайды», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, фитән 9).

@hadister_jinagy
1.8K viewsedited  17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 13:15:00 Оразаға қатысты 200 сұрақ

@hadister_jinagy
1.9K viewsedited  10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 13:10:19 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сахабасының қолынан алтын жүзік көріп, оны шешіп алып, лақтырып жіберді де: «Араларыңда әлдекім өздігінен (тозақ) отының қып-қызыл шоғына ұмтылып, оны қолына тағып алыпты», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кетіп қалған соң әлгі адамға жолдастары: «Жүзігіңді алып, (басқа жолда) пайдалан», – дегенде ол: «Жоқ. Аллаһтың атымен ант етейін! Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақтырып тастаған жүзікті қолыма қайтып алмаспын», – деп айтты», – деген.

(Муслим, либәс 52)

@hadister_jinagy
2.0K viewsedited  10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 16:22:30 -ХАДИС:

Әбу Сағидтен (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларға: «Жолдың бойында отырмаңдар», – деп ескертті. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз жол бойында отыруға мәжбүрміз, өйткені жол бойында отырып өзара сөйлесіп, (кейбір мәселелерді талқылаймыз)», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жол бойында міндетті түрде отыру керек болса, онда жолдың ақысын беріңдер», – деді. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі Жолдың ақысы деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Көзді харамнан сақтау, ары-бері өткендерге кедергі келтірмеу, амандасқанға сәлем беру және адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю», – деп жауап берді», – деген.

(Бұхари, мазалим 22; Муслим, либәс 114).

@hadister_jinagy
2.2K viewsedited  13:22
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 09:18:30
@mihrab_kz
2.4K views06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 18:36:42 -БАП

АЛЛАҺТЫҢ БҰЙРЫҒЫНА БОЙСҰНУ


«Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар араларында туындаған дау-дамайды (оңтайлы шешу үшін) сенің билігіңе жүгініп, әрі айтқан үкіміңе іштей наразы болмастан (саған) толықтай бойсұнбайынша иман еткен болып саналмайды»
(«Ниса» сүресі, 65-аят).

«(Пайғамбар) оларға (мүміндерге) қатысты үкім беру үшін Аллаһқа және елшісіне (яғни, Құран мен сүннетке) жүгінуге шақырғанда, шынайы мүміндердің айтқаны: «Әміріңе құлдық» – деу болды. Міне, солар нағыз жетістікке жеткендер»
(«Нұр» сүресі, 51-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Құранның «Көктегі мен жердегілердің барлығы жалғыз Аллаһқа тиесілі. Іштеріңе бүккен (ойларыңды, ниеттеріңді) жария етсеңдер де, жасырып қалсаңдар да, Аллаһ тағала сендерді ойларың мен пиғылдарыңа қарай жауапқа тартады. Содан соң, қалағанын кешіреді, қалағанын азаптайды. Расында, Аллаһтың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (23) деген аяты түскенде, бұл пәрмен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына өте ауыр тиді. Сөйтіп, олар Расулаллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп, алдында тізе бүгіп отырып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұған дейін бізге намаз, жиһад, ораза, садақа беру секілді шамамыз келетін амалдар міндеттелген еді. Ал енді сізге түсірілген («тіпті, іштеріңе бүккен ойларың үшін де жауапқа тартыласыңдар» деген мағынадағы) мына аяттың үкімін орындауға әл-дәрменіміз жетпейді», – деп мұңдарын шақты. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Сендер сонда, өздеріңнен бұрынғы кітап иелері яһудилер мен християндар секілді «Естідік, бірақ бойұсынудан бас тарттық», – демекшісіңдер ме? Сендер, керісінше, «Естідік және бойұсындық. Уа, Раббымыз, бізді жарылқап, кешіре гөр! Соңында бір Өзіңе қайтамыз», – деп айтыңдар», – деді. Сахабалар осы аятты оқып, шынайы ықыласпен бойсұнғанда, Аллаһ тағала бірден: «Пайғамбар мен мүміндер оған Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Олардың барлығы Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді (Мүміндер былай деді):
«Оның елшілерін бір-бірінен бөліп-жармаймыз. Естідік және бойұсындық. Уа, Раббымыз, бізді жарылқап кешіре гөр! Соңында бір Өзіңе қайтамыз» (24) – деген аятты түсірді. Сахабалар (бұл пәрменге) шынайы түрде бойсұнған соң, Аллаһ тағала алғашқы аяттың үкімін жойып: «Аллаһ ешбір жанға шамасы келмейтін міндет жүктемейді. Әрбір жанның істеген (жақсылығы) өзіне, істеген (жамандығы) да өзіне (Мүміндер): «Уа, Раббымыз, егер ұмытып немесе жаңылысып күнәға батсақ, бізді жауапқа тарта гөрме!» – деп жалбарынғанда, Аллаһ тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыртпалық арта гөрме!» – дегенде, Аллаһ тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге шамамыздан тыс міндет жүктей гөрме!» – дегенде, Аллаһ тағала: «Әрине», – деді. «Бізді жарылқап, кешіре гөр! Бізді шексіз мейіріміңе бөлей гөр! Сен біздің жалғыз Иемізсің, кәпір қауымына қарсы бізге жәрдем ет!» (25) – дегенде, Аллаһ тағала: «Әрине», – деп, мүмін құлдарының бар ықыласымен айтқан дұға-тілектерін қабыл алды», –деген

(Муслим, иман 199).

(23) «Бақара» сүресі, 284-аят
(24) «Бақара» сүресі, 285-аят
(25) «Бақара» сүресі, 286-аят


@hadister_jinagy
115 viewsedited  15:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 18:43:56 -ХАДИС:

Табиғиндерден болған Абис ибн Рабиға (р.а.): «Омар ибн Хаттабтың (р.а.) Қағбадағы қара тасты сүйіп тұрып: «Шынтуайтында, сенің пайда да, зиян да келтіре алмайтын жай ғана тас екеніңді білемін. Егер Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сені сүйгенін көрмесем, бұлай істемес ем» – дегенін естідім», – деген.

(Бұхари, хаж 50; Муслим, хаж 251).

@hadister_jinagy
246 viewsedited  15:43
Ашу / Түсініктеме