Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Араларыңда қызғаныш отының кеулеуіне жол бермеңдер. Затты шынайы бағасынан асырып сату үшін алдын-ала сатушымен ауыз жаласып, былайғы жұртқа көз қылып, өздерің сатып алатындай болып, елді еліктірмеңдер. Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер. Сондай-ақ, араздасып, бір-бірлеріңді енді көрместей болып теріс айналмаңдар. Біреудің саудасына килігіп, сауда келісімін бұзбаңдар. Уа, Аллаһтың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман – бауырына озбырлық жасамайды, оған мұрын шүйіре қарап, өзінен кем көрмейді. Сондай-ақ, қысылтаяң шақта жалғыз тастап кетпейді», – деген соң, кеудесін қолымен үш рет нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан асқан жамандық (жаман мінез) жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға харам», (45) – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 32).

(45) Яғни, мұсылман өзге мұсылманның қанын төгіп, дүние-мүлкіне қол сұғып, ар-намысын табанға таптай алмайды.

@hadister_jinagy