Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (салла | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман бауырың зорлықшыл залым болса да, біреуден зорлық көріп жапа шексе де, оған жәрдем бер», – деді. Сонда біреу: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бауырым біреудің зорлығынан жапа шексе, жәрдем етермін. Ал өзі залым болса, оған қалайша жәрдем етпекпін?!» – деп таңғала сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Басқаға зорлық-зомбылық көрсетуіне жол бермеуің, оған көрсеткен жәрдемің», – деп жауап берді» – делінген.

(Бұхари, мазалим 4/икраһ 6).

@hadister_jinagy