Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 14

2022-01-26 19:04:34 -ХАДИС:

Жәбир (р.а.): «Ұхұд шайқасы болған күні бір сахаба: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер ерлікпен қаза тапсам (о дүниеде) қайда боламын?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Жаннатта боласың», – деді. Сонда ол бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салып, ұрысқа кірісіп кетті де, қаза тапқанша аянбай шайқасты», – деп айтты.

(Бұхари, мағази 17; Муслим,
имара 143).

@hadister_jinagy
264 viewsedited  16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 18:02:52 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар, өйткені жақын келешекте жер бетінде қараңғы түндей түнерген көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде адам таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір (20), кешке кәпір, таңертең мүмін болып тұрақсыз күй кешеді. Ойланбастан болмашы дүниелік нәрсеге бола дінін сатады», – деп айтты» – деген.

(Муслим, иман 186).

(20) Бұл хадистегі «кәпір» сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе Аллаһтың берген нығметтеріне шүкіршілік білдірмейтін адам мағынасында.

@hadister_jinagy
283 views15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 08:35:44 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрбір істе орта жол мен туралықты ұстаныңдар. Біліп қойыңдар! Ешбірің (игі) істеріңмен ғана құтыла алмайсыңдар», – дегенде, сахабалары: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сіз де құтыла алмайсыз ба?» – деп сұрады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Егер Аллаһ тағала мені Өзінің жарылқауы мен шексіз рақымына бөлемесе, мен де құтыла алмаймын», – деп жауап берді», – деген.

(Муслим, сифатул-мунафиқин 76).

@hadister_jinagy
130 viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-23 19:20:50 -БАП

ТУРА ЖОЛДА БОЛУ


«(Уа, Мұхаммед): Аллаһ тағаланың саған бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол және сенімен бірге тәубе еткендер де тура жолда болсын. Шектен шықпаңдар. Расында, Аллаһ не істеп, не қойып жатқандарыңды көріп бақылауда»
(«Һуд» сүресі, 112-аят).

«Аллаһты Раббымыз деп біліп, содан кейін тура жолға түскендер үшін (қиямет күні) ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар зәредей де қайғы-қасірет шекпейді. Олар жасаған ізгі істерінің қарымы ретінде жұмақта мәңгі-бақи қалады»
(«Ахқаф» сүресі, 13-14-аяттар).

-ХАДИС:

Суфиян ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Ислам жайлы сізден кейін ешкімнен сұрамайтындай бір ауыз өсиет айтуыңызды өтінемін»,(19) – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бір Аллаһқа иман келтірдім», – деп айт. Содан соң хақ жолдан ауытқымай, әрдайым туралықты ұстан», – деді», – деген.

(Муслим, иман 62).

(19) Яғни, маған қысқаша Исламның мән-мәнісін түсіндіріп беруіңізді сұраймын.

@hadister_jinagy
237 viewsedited  16:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 19:39:40 -ХАДИС:

Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда, саңылаудан төбемізде жүрген мүшріктердің аяғын көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер мыналардың біреуі аяғының астына сәл үңіле қалса, бізді сөзсіз көріп қояды ғой», – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Әбу Бәкір! Үшіншісі Аллаһ болған (18) екеу жайлы сен не ойлайсың? (Ол екеуінің қандай да бір жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?)» – деп айтты», – деген.

(Бұхари, тәфсиру сура 9-9 фадайлул-асхаб 2; Муслим, фадайлус-сахаба 1).

(18) Яғни, Аллаһтың қорғанындағы екі адам жайлы

@hadister_jinagy
164 viewsedited  16:39
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 09:47:39 -ХАДИС:

Бара ибн Азибтен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әй, пәленше Жатар алдында: «Уа, Аллаһ тағалам! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып,(берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір Өзіңе бағыштадым. Жүзімді Саған бұрып, күллі ісімді Саған тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа қамқор да, пана да жоқ. Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» – деп дұға жасағын. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні кенеттен о дүниеге аттансаң, әу бастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып өтесің. Ал егер аман-есен таңға жетсең, жақсылыққа кенелесің», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, дағауат 6; Муслим, зикр 56)

@hadister_jinagy
404 viewsedited  06:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 19:57:06 -ХАДИС:

Омар (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер Аллаһқа шынайы түрде тәуекел ете білсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Тирмизи, зуһд 33).

@hadister_jinagy
227 viewsedited  16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 12:33:13 -ХАДИС:

Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда, саңылаудан төбемізде жүрген мүшріктердің аяғын көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер мыналардың біреуі аяғының астына сәл үңіле қалса, бізді сөзсіз көріп қояды ғой», – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Әбу Бәкір! Үшіншісі Аллаһ болған (18) екеу жайлы сен не ойлайсың? (Ол екеуінің қандай да бір жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?)» – деп айтты», – деген.

(Бұхари, тәфсиру сура 9-9/ фадайлул-асхаб 2; Муслим, фадайлус-сахаба 1).

(18) Яғни, Аллаһтың қорғанындағы екі адам жайлы

@hadister_jinagy
247 viewsedited  09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 16:32:23 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар (17) кіреді», – деп айтты», – деген.

(Муслим, жәнна 27).

(17) Ғалымдардың айтуынша олар – жүрегі бейне бір құстың жүрегіндей дір-дір етіп, Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарына аса сақ қараған әрі әрдайым Аллаһқа тәуекел етумен болғандар немесе жүрегі өте жұмсақ болған жандар.

@hadister_jinagy
175 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 08:09:53 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһ тағалам! Саған ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман келтірдім. Саған ғана тәуекел еттім және күнәларым үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Сенің қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Аллаһ тағалам! Сенен басқа Тәңір жоқ. Тура жолдан тайдырып жіберуіңнен қорқып, Ұлылығыңа сиынамын. Сен өлмейтін мәңгі Тірісің. Ал жындар мен адамдар
өлім құрығынан құтыла алмайды», – деп дұға жасайтын еді», – деген.

(Муслим, зикр 67; Бұхари, тәһәжжуд 1/тәухид 7).

@hadister_jinagy
377 views05:09
Ашу / Түсініктеме