Get Mystery Box with random crypto!

РИЯДУС-САЛИХИН ИМАМ НӘУӘУИ (РАХИМАҺУЛЛАҺ) -БАП: ІЗГІ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

РИЯДУС-САЛИХИН

ИМАМ НӘУӘУИ (РАХИМАҺУЛЛАҺ)

-БАП:

ІЗГІ НИЕТ, ЫҚЫЛАС ЖӘНЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ


«Оларға (Кітап иелеріне) да мінсіз әрі саф сенімді ұстана отырып, шынайы ықыласпен Аллаһқа ғана құлшылық ету; намазды шарттарына сай толық оқу, зекетті толық беру бұйырылған-тын. Міне, осы – нағыз тура дін»
(«Бәйинә» сүресі, 5-аят).

«Шынтуайтында, шалған құрбандықтарыңның еті де, қаны да, Аллаһқа жетпейді (яғни, қажет емес). Аллаһқа жететін (Раббыларыңның алдында дәрежелеріңді өсіріп, сауапқа
бөлейтін) шынайы тақуалықтарың ғана»
(«Хаж» сүресі, 37-аят).

«(Мүміндерге) Көкіректеріңдегіні (ниет-пиғылдарыңды) жасырсаңдар да, жария етсеңдер де, бәрібір, Аллаһ тағала бәрін біледі. Сондай-ақ, Ол – жеті қат аспан мен жердегінің бәрін біледі. Аллаһтың құдіреті бәріне толық жетеді» – деп айт»
(«Әли Имран» сүресі, 29-аят).

-ХАДИС:

Мұсылмандардың әміршісі Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Аллаһ Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Амалдар түпкі ниетке байланысты. Расында, әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді. Кімнің хижреті Аллаһ пен елшісі үшін болса, оның хижреті Аллаһ пен елшісі үшін жасалған болып табылады. Ал кімнің хижреті дүниеге қол жеткізу, не болмаса (ұнатқан) әйелмен көңіл қосу үшін болса, оның хижреті сол мақсатта жасалған болады», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, иман 41; Муслим, имара 155).

@hadister_jinagy