Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 18

2021-12-22 18:12:21 -ХАДИС:

Сәһл ибн Хунәйфтен (р.а.) жеткен хадисте «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім Хақ тағаладан шынайы ниетімен шейіт болуды сұраса, төсегінде жатып жан тапсырса да, Аллаһ оны шейіттердің мәртебесіне жеткізеді», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, имара 157).

@hadister_jinagy
379 viewsedited  15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 19:37:32

7-ҚАҒИДА

ЖАҚЫНДАРЫҢДЫ ТІРІ КҮНІНДЕ БАҒАЛА, СЕЗІМІҢДІ БІЛДІР.
КЕЙІН КЕШ БОЛЫП ҚАЛУЫ МҮМКІН.


Қарбалас тірліктің қамымен жүріп, жақындарымыздың қадірін
білмей жатамыз.Өз проблемаларымызға басымызбен кіріп кеткеніміз сонша, ата-анамыздың қал-жағдайын сұрауды ұмытып кетеміз. Сыртта өзгелерге көрсеткен ілтипатымызды, сыпайылығымызды үйге келгенде жақындарымызға көрсете алмаймыз. Соңғы рет "анашым, әкешім, мен сіздерді жақсы көремін, берген тәрбиелеріңізге мың алғыс!" деп қашан себепсіз айттық екен? Соңғы рет жақындарымызды қашан себепсіз құшақтап, сүйдік екен? Иә, біздің менталитетте бұлай ашылып сезім білдіру жоқ десе де болады. Эмоциямызды көрсетуге қиналамыз. Бір түрлі ыңғайсызданамыз. Бұндай көріністі тек кинодан ғана көруге болатын сияқты. Бірақ жақындарымызға бұндай сөздер, көңіл бөлуіміз қалай әсер ететінін білсек қой..Ерекше жылы сезім сыйлайды. Жүректерін жібітеді. Өз басым ата-анаммен ашылып сөйлесе алам дей алмаймын. Арада бір барьер бар сияқты. Бірақ сонда да ол кісілер жанымда жүрген кезде алғысымды айтып, сезімімді білдіруге тырысам. Бастапқы кезде "сіздерге берген тәрбие, қамқорлықтарыңыз үшін үлкен рақмет! Мен сіздерді жақсы көрем!" деп айтуға қиналатынмын. Айтсам да, жасанды естілетіндей еді. Бірақ бұл іс әдетке айналған соң, жүрекжарды сөздерім шынайы шығатын болды. Арада ерекше сүйіспеншілік орнағандай. Үйден шығарда соңғы рет көріп тұрғанымдай, сүйіп, құшақтауға тырысам. Себебі, жақындарымнан айырылып, "неге тірі күнінде қадірін білмедім?" деп өкінгім келмейді. Олармен өткізген әр күнімнің бағасын білсем деймін.

Ажал айтып келмейді. Бәріміздің бір күні өмірден өтетініміз ақиқат.
Жалған дүниенің дүрмегіне бой алдырмай, жақындарымызды тірі
кезінде бағалайықшы, жақсы көретінімізді жиі айтып тұрайықшы.

Данияр Жігітбек

@dzhigitbek
@uzindiler
266 views16:37
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 18:47:43 -ХАДИС:

Хасан ибн Али ибн Әбу Талиб (р.а.): «Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Күмәнді нәрседен бойыңды аулақ салып, күмәнсіз болғанын таңдағын. Расында, шыншылдық жан тыныштығына бөлейді. Ал өтірік көңілге күмән ұялатады» деген өсиетін көкейіме түйіп алдым», – деген.

(Тирмизи, қиямә 60).

@hadister_jinagy
290 viewsedited  15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 05:28:31 -ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Аллаһтың құзырында турашыл деп жазылады. Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Аллаһтың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, әдәб 69; Муслим, бирр 103).

@hadister_jinagy
47 viewsedited  02:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 18:38:38 -БАП:

ШЫНШЫЛДЫҚ


«Уа, иман еткендер! Аллаһтан қорқыңдар (бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылыңдар) һәм шынайы түрде иман еткен шыншылдармен бірге болыңдар»
(«Тәубе» сүресі, 119-аят).

«Олардың міндеті қалтқысыз бойсұну һәм жақсы сөз айту. Егер олар қиын-қыстау шақтарда да Аллаһ тағалаға шынайы түрде иман еткендіктерін көрсетсе, өздері үшін қайырлы болар еді»
(«Мұхаммед» сүресі, 21-аят).

«Мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге, (Аллаһқа бойсұнып) құлшылыққа берілген ерлер мен құлшылыққа берілген әйелдерге, шынайы һәм шыншыл ерлер мен шынайы да шыншыл әйелдерге, сабырлы болған ерлер мен сабырлы бола білге әйелдерге, (Аллаһтан қорқып) Оның алдында кішіпейіл болған ерлер мен (Аллаһтан қорқып) Оның алдында кішіпейіл болған әйелдерге, игі жолда садақа беретін ерлер мен игі жолда садақа беретін әйелдерге, ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын әйелдерге, ұятты жерлерін күнәдан тыйып, арын сақтаған ерлер мен ұятты жерлерін күнәдан тыйып арын сақтаған әйелдерге, сондай-ақ, Аллаһты жиі еске алатын ерлер мен Аллаһты жиі еске алатын әйелдерге Аллаһ тағала кешірім мен үлкен сый дайындады»
(«Ахзаб» сүресі, 35-аят).

-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Әбу Әуфә (р.а.):
«Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: «Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Аллаһтан есендік тілеңдер. Егер олармен жүзбе-жүз кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жаннаттың (Аллаһ жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар, – деді де, уа, Құранды түсірген, көктегі ақ-ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел буып келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Аллаһ тағалам! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей гөр!» – деп жалбарынды», – деген.

(Бұхари, жиһад 112; Муслим, жиһад 20).

@hadister_jinagy
226 viewsedited  15:38
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 04:44:56 -ХАДИС:

Усәйд ибн Худайр (р.а.): «Ансарлардың бірі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленшені қызметке тағайындағаныңыз секілді маған да бір қызмет берсеңіз қайтеді?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, менен кейін талай сыңаржақ әрі әділетсіз тағайындауларға куә боласыңдар. Ендеше, Кәусар қауызының басында менімен қауышатын күнге дейін шыдаңдар», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, фитән 2; Муслим, имара 48).

@hadister_jinagy
302 viewsedited  01:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 19:41:04
Бір тал темекінің зияны
138 views16:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 17:35:43 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мейлі ер, яки әйел болсын, мүміннің жеке басы, бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі әрдайым пәле-жалаға ұшырап тұрады (Бұл ауыртпашылықтар сабырлылық танытқан мүміннің күнәларын жуып-шаяды да) соңында ол Аллаһқа күнәсіз, пәк күйде қауышады», – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, зуһд 57).

@hadister_jinagy
45 viewsedited  14:35
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 08:20:04 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз-өзін ұстай (жеңе) білген адам», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, әдәб 102; Муслим, бирр 106).

@hadister_jinagy
285 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 19:58:18 -ХАДИС:

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер Аллаһ тағала құлына жақсылық қаласа, күнәларының жазасын дереу осы дүниеде береді. Ал егер құлына жамандық қаласа, қиямет күні күнәларының жазасын толық беру үшін кейінге қалдырады», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, зуһд 57).

@hadister_jinagy
121 views16:58
Ашу / Түсініктеме