Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбары | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жорыққа шыққан едік. Бір уақытта ол бізге: «Мәдинада жорыққа шыға алмаған, алайда сендер қай жолмен жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттің арқасында) әрдайым сендермен бірге болған ерлер бар. Ауру-сырқау оларға қол байлау болды», – деп айтты», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Олар (шынайы ниеттің арқасында) сендерге бұйырған сауапқа ортақтас болады», – деп айтылған.

(Муслим, имара 159).

@hadister_jinagy