Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 15

2022-01-18 20:06:14 -БАП

АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТУ


«Мүміндер тек қана Аллаһқа
тәуекел етсін»
(«Ибраһим» сүресі, 11-аят).

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаһқа тәуекел ет. Сөзсіз, Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді»
(«Әли Имран» сүресі, 159-аят).

«Асылында, нағыз мүміндер
Аллаһтың аты еске алынғанда, жүректері толқиды, аяттары оқылғанда, имандары артады әрі олар Раббысына барынша тәуекел етеді»
(«Әнфәл» сүресі, 2-аят).

-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған (өткен пайғамбарлар мен олардың) үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбарды көрдім, жанында саусақтың санына да толмайтын бірнеше адам бар. Тағы бір пайғамбардың қасында бір-екі серігі ғана қараяды. Енді бір пайғамбардың соңынан ерген бірде-бір тірі жан жоқ. Кенет көз ұшында қарасы көп топ көрінді. Мен оларды өзімнің үмбетім екен деп қалдым. Сонда маған: «Бұл — Мұса мен оның үмбеті. Сен анау
көкжиекке қара», — деген дауыстан айтылған жаққа көз тастағанымда, қалың нөпір көрінді. Сөйткенше маған: «Енді келесі көкжиекке қара», – делінді. Ол жақтан да сондай қалың шоғырды көзім шалды. Сонда маған: «Міне, бұлардың барлығы — сенің үмбетің. Олардың ішінде есепке тартылмаcтан, азап шекпестен тікелей жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар», – деп айтылды», – деді де, орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Сол-ақ екен, сахабалар әлгі есепке, азапқа тартылмастан жұмаққа кіретіндердің кімдер екені жайлы әңгіме қозғай бастады. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары шығар», – десе, енді біреулер: «Бәлкім, олар туғаннан Исламның аясында өмір кешіп, еш уақытта Аллаһқа серік қоспағандар болар», – десті. Бұған қоса, басқа да түрлі пікірлер айтқандар болды. Олар осылайша қызу әңгіме үстінде отырғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінен шығып, олардан: «Не жайлы әңгімелесіп отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар оған өздерінің қозғап отырған тақырыбы жайлы айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олар үшкіріп дуа оқымайтындар мен оқытпайтындар, ырым-жоралғыға сенбейтіндер және тек қана Раббыларына тәуекел ететіндер», – деп айтты. Сол кезде Уккаша ибн Михсан атты сахаба орнынан қарғып тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаһқа дұға етіңіз», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естігенде тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа мені де солармен бірге қылуы үшін дұға етіңіз», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Бұл мүмкіндікті Уккаша сенен бұрын пайдаланып қойды», – деп айтты», – деген

(Бұхари, риқақ 50; Муслим, иман 374).

@hadister_jinagy
243 viewsedited  17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 07:31:05 -ХАДИС:

Әбу Зәррдан (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала:

«Құлдарым! Мен зұлымдықты өз-өзіме харам қылдым (ешкімге қиянат жасамаймын). Сондай-ақ, оны сендер үшін де харам еттім. Ендеше, бір-бірлеріңе әсте зұлымдық жасамаңдар.

Құлдарым! Мен кімді тура жолға салған болсам, одан басқаларың жаппай адасудасыңдар, сондықтан Менен тура жолды сұраңдар, сендерді тура жолға
түсірейін.

Құлдарым! Менің ризық беріп, қарнын тойдырғандарымнан өзгелерің түгел аш құрсақсыңдар (берер ризығыма мұқтажсыңдар). Олай болса, Менен ризық сұраңдар, сендерге ризық берейін.

Құлдарым! Менің киіндіргендерімнен өзгелерің жалаңашсыңдар. Ендеше, Менен киім сұраңдар, сендерді киіндірейін.

Құлдарым! Сендер күндіз-түні күнәға бой алдырудасыңдар. Ал Мен күнәлардың барлығын кешіремін. Ендеше, күнәларың үшін кешірім сұраңдар, күнәларыңды кешірейін.

Құлдарым! Сендер Маған зәредей де зиян тигізе алмайсыңдар. Сондай-ақ, Маған (қанша қаласаңдар да) ешбір пайда да келтіре алмайсыңдар.

Құлдарым! Дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, барлық адамдар мен жындар іштеріңдегі ең тақуа құлдың жүрегіндегі тақуалыққа жетсе де, одан Менің мүлкім көбеймейді.

Құлдарым! Сондай-ақ, дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, күллі адамзат пен жындар ең күнәһар пенденің жүрегіндей күнәһар болса, одан Менің мүлкім мысқалдай да кемімейді.

Құлдарым! Дүниеге алғаш келгендерің мен соңғыларың, күллі адамзат пен жындар бір жерге жиылып, әркім Менен өзінің қажетін сұраса, Мен де олардың
сұрағандарын түгелдей берсем, одан Менің мүлкім теңізге батырған иненің ұшына тұнған тамшының мөлшеріндей де кемімейді.

Құлдарым! Міне, сендердің жасаған амалдарың, Мен оларды (сендер үшін) түгелдей жазып алудамын. Кейін сол амалдарыңның қарымын толық қайтарамын. Сол кезде кім жақсылық көрсе, Аллаһқа шүкіршілік етсін. Ал кімнің жағдайы басқаша болса, өзінен басқа ешкімді кінәламасын», – деп айтты», – деген.

(Муслим, бирр 55).

@hadister_jinagy
180 viewsedited  04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 17:18:56 -ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Немере ағам Әнәс ибн ән-Надр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмаған еді. Ол өкініштен өзін қоярға жер таппай Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сіз бен мүшріктердің арасында болған алғашқы шайқасқа қатыса алмадым. Егер Аллаһ тағала бұйырып, мүшріктерге қарсы соғысу нәсіп болса, менің оларға не істейтінімді Аллаһ көрсетеді», – деді. Содан Ұхұд шайқасы болатын күн де келіп жетті. Сол шайқаста мұсылмандардың майдан даласындағы шебі бұзылып, шегіне бастады. Сонда немере ағам жолдастары үшін күйініп: «Уа, Аллаһ тағалам! Мыналардың істегендері үшін бір Өзіңнен кешірім сұраймын. Ал аналардың, яғни, мүшріктердің ісіне менің еш қатысым жоқ екеніне бір Өзің куә болғайсың», – деді де, алға ұмтылды. Сол сәтте ол қарсы алдынан Сағд ибн Муғазбен ұшырасып қалады. Сонда ол: Әй, Сағд! Қалағаным — жаннат. Қағбаның Раббымен ант етейін!
Ұхұд тауының бөктерінен пейіштің жұпар иісін сезіп тұрмын», – деді. Кейін Сағд осы оқиғаны баяндай келе: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен оның істегеніндей істей алмадым», – деген еді», – деп айтты. Шайқастан кейін болған жайды Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді: «Немере ағамның жансыз денесінің сау-тамтығы қалмаған екен. Денесінде шамамен сексеннен астам қылыш, найза, жебе оғынан алған жарақаты бар. Мүшріктер оны өлтіріп қана қоймай, мәйітін қорлап, кескілеп, тілгілеп адам танымастай халге жеткізіпті. Оны саусақтарының ұшынан таныған туған қарындасынан басқа ешкім жыға ажырата алмаған еді. Расында, Мүміндердің ішінде Аллаһқа берген уәделерінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбіреуі берген уәдесінде тұрып, жанын пида етті. Ал кейбіреуі (соны) күтуде. Олар әсте сертінен тайған емес» (16) деген аятты немере ағам және сол сынды қаһармандар жайында түсірілген деп білетінбіз (немесе ойлайтынбыз)».

(Бұхари, жиһад 12; Муслим, имара 148).

(16) «Ахзаб» сүресі, 23-аят

@hadister_jinagy
242 viewsedited  14:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 11:45:50 -ХАДИС:

Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызметшісі, әрі Суффа тұрғындарының бірі болған Әбу Фирас Рабиға ибн Ка’б әл-Әсләми (р.а.): «Әдетте, мен түнімен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында болып, оған дәрет суын жеткізіп, басқа да шаруаларына қолқабыс ететін едім. Бірде ол маған: «Менен (қалағаныңды) сұрағын», – деді. Мен: «Жаннатта сізбен бірге болуды қалаймын», – дедім. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Одан басқа қалауың жоқ па?» – деді. Мен: «Жалғыз қалауым – сол», – дедім. Сонда ол: «Олай болса, көп намаз оқып, өзің үшін маған жәрдем ет», – деп айтты», – деген.

(Муслим, саләт 226).

@hadister_jinagy
131 viewsedited  08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 19:32:36 -ХАДИС:

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмақ сендерге аяқ-киімдеріңнің бауынан да жақын. Тозақ та сол сияқты жақын», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, риқақ 29).

Түсініктеме: Яғни, ажал пендеге қалай жақын болса, жұмақ пен тозақ та сондай жақын. Адам баласы иман, ниет, ізгі амал мен құлшылық арқылы жұмаққа барар жолға түсетіні секілді, тойымсыз нәпсінің қалаулары мен тән құмарлықтарының соңында кету арқылы да тозаққа кіруге лайық болады. Һәм адам баласы қандай ісімен жұмаққа немесе қай ісімен тозаққа кіретінінен бейхабар, сондықтан пенде мен жұмақтың немесе тозақтың арасында оның ажал сәті соққанда, қандай жағдайда немесе қандай амалдың үстінде дүниеден озғандығы тұрады. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласы қандай амалдың үстінде көз жұмса, сондай жағдайда қайта тіріледі», – деп айтқаны да бар.

@hadister_jinagy
302 viewsedited  16:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 12:39:43 -ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қабірге дейін мәйіттің соңынан үш нәрсе еріп барады: жақындары, дүние-мүлкі және амалы. Бұлардың екеуі кері қайтып, біреуі өзімен бірге қалады. Жақындары мен дүние-мүлкі оны тастап кері қайтады да, амалы онымен бірге қалады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, риқақ 42; Муслим, зуһд 5).

@hadister_jinagy
454 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 18:29:36 -ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Бір жолы түнде Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұйып, тәһәжжуд намазын оқыдым. Оның қиямда ұзақ тұрғаны соншалық — тағы біршама уақыт созар болса, шыдамым таусылып, әлдеқандай бір жаман іс істемекші болдым», – деді. Қасындағылар одан: «Не істейін деп едіңіз?» – деп сұрағанда, ол: «Отыра кетіп (намазымды үзіп) Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін жеке қалдыруды ұйғарған едім», – деп жауап берді.

(Бұхари, тәһәжжуд 9; Муслим, салатүл-мусафирин 204).

@hadister_jinagy
3.0K viewsedited  15:29
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 04:34:23 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тозақ – тән құмарлықтарымен, жаннат болса (нәпсіге) жағымсыз нәрселермен көмкерілген», (15) – деп айтты», – делінген.

(Бұхари, риқақ 28; Муслим, жәнна 1).

(15) Адам баласы үшін нәпсісі қаламаса да, Аллаһтың бұйрықтарына бойсұну, сондай-ақ, нәпсіге жағымды болса да, Аллаһтың тыйғандарынан бойды аулақ ұстау тозақтан құтылып, жаннатқа кірудің бірден-бір жолы.

@hadister_jinagy
23 viewsedited  01:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 18:48:40 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың алдында әлсіз мүмінге қарағанда күшті мүмін әлдеқайда
жақсы әрі ұнамды, десе де (иманды болғандықтан) екеуі де қайырлы. Әрдайым өзіңе пайдалы істің соңында бол. Аллаһтан ғана медет тілеп, әлсіздікке бой алдырма. Басыңа күн туса, «Егер былай істесем, былай болар еді» – деме, керісінше, «Бұл — Аллаһтың жазғаны, Соның қалағаны болады», – дегін, өйткені, «егер» деген сөз шайтанның азғыруына жол ашады», – деп айтты», – деген.

(Муслим, қадар 34).

@hadister_jinagy
171 viewsedited  15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 20:14:20 -ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түнде тұрып табаны ісіп, тілім-тілім болып жарылғанша намаз оқитын еді. Бірде мен: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһ тағала сіздің өткен және келешектегі күнәларыңызды түгелдей кешірді емес пе, неліктен өзіңізді осыншалық қинап, құлшылық жасайсыз?» – дегенімде: «(Сол үшін) көп шүкіршілік ететін құл болуым керек емес пе?» – деп жауап берді» – деген.

(Бұхари, тәһәжжуд 6; Муслим, сифатул-мунафиқин 81).

@hadister_jinagy
241 viewsedited  17:14
Ашу / Түсініктеме