Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 17

2021-12-30 12:21:38 -ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһ тағалам! Бір Өзіңнен тура жол, шынайы тақуалық, арлы да, ынсапты болуды және көңіл байлығын (һәм басқаларға мұқтаж болмас үшін өзіме жеткілікті ризық-несібе) сұраймын», – деп дұға жасайтын еді» – деген.

(Муслим, зикр 72).

@hadister_jinagy
174 viewsedited  09:21
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 17:13:56 -БАП

ТАҚУАЛЫҚ


«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар»
(«Әли Имран» сүресі, 102-аят).

«Аллаһтан шамаларың келгенше қорқыңдар (яғни, шамаларың келгенше бұйырғанын орындап, тыйғанынан тыйылыңдар)»
(«Тағабун» сүресі, 16-аят).

«Кімде-кім Аллаһтан лайықты түрде қорықса, Аллаһ тағала оған (қиын жағдайдан) құтылу жолын көрсетіп әрі ойламаған жерден ризық береді»
(«Талақ» сүресі, 3-аят).


-ХАДИС:

Әбу Сайыд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, бұл дүние өте тәтті әрі көздің жауын алатындай көкорай шалғын сияқты (12) Шын мәнінде, Аллаһ тағала сендерді Өзінің осы дүниедегі өкілі етіп тағайындап, әрі не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйел затынан сақ болыңдар! (13) Өйткені, Исрайылұлдарының басына келген ең әуелгі бәленің себебі әйелдер болған еді», – деп айтты», – деген.

(Муслим, зикр 99).

(12) Тым тартымды

(13) Әйелдердің алдап-арбауынан, еліктіруінен

@hadister_jinagy
200 viewsedited  14:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 19:20:38 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылманның діндегі кемелдігінің белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы» (11) – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, зуһд 11).

(11) Яғни, кәміл мұсылман – өзіне қатысы жоқ барлық сөзден, ойдан, іс-әрекеттерден аулақ болған адам.

@hadister_jinagy
188 views16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 07:06:54 -ХАДИС:

Шәддад ибн Әус (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Нағыз ақылды – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара – тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Аллаһтың мейірімінен үміт еткен адам», – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, қиямә 25).

@hadister_jinagy
209 views04:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-26 20:36:08 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ тағала қызғанады. Аллаһтың қызғанышы адам баласы (шайтанға еріп) Раббысының харам еткендерін істегенде оянады», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, никах 107; Муслим, тәубә 36).

Түсініктеме: Яғни, Аллаһ тағала қызғанады дегенді «Өзінің ұлылығына лайық абыройын ешкімге таптатпайды, әрі өзі жаратқан құлының шайтанның
жетегінде кетіп, күнәға батқанын қаламайды» деп түсінеміз, өйткені иләһи бұйрықтарға құлақ аспай
шайтанға еріп, күнә жасау Аллаһ тағаланың қаһарына ұшыратады.

@hadister_jinagy
147 viewsedited  17:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-25 18:17:04 -ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Сендер кейбір оғаш істерді істейсіңдер де, оны қыл құрлы да көрмейсіңдер. Ал біз Аллаһ елшісінің кезінде ондай істерді құрдымға құлататын зор күнә деп білуші едік», – деген.

(Бұхари, риқақ 32).

@hadister_jinagy
460 views15:17
Ашу / Түсініктеме
2021-12-25 08:34:39 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.):
«Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соңынан еріп келе жатқанымда: «Әй, бала! Саған біраз ақыл айтайын: Аллаһтың хақысын сақтағын. Сонда Аллаһ тағала да сені сақтайды. Еш уақытта Аллаһты жадыңнан шығарма. Сонда Ол да (қиын сәттерде) қасыңда болады. Қалауың болса, тек Аллаһтан тіле. Жәрдем керек болса, оны да жалғыз Аллаһтан сұрағын. Біліп қой: бүкіл адамзат жиналып, сен үшін қандай да бір пайда келтірмек болса, Аллаһтың маңдайыңа жазғанынан артық пайда келтіре алмайды. Сондай-ақ, күллі адамзат баласы жиналып, саған қандай да бір зиян тигіземіз десе, Аллаһтың жазғанынан артық зәредей де зиян тигізе алмайды, өйткені (адамның тағдырын жазатын) қаламдар әлдеқашан тоқтап, парақтардағы сия да
кеуіп қалған», – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, қиямә 59).

@hadister_jinagy
120 viewsedited  05:34
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 19:17:01 -ХАДИС:

Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунәда және Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қайда жүрсең де, Аллаһтан қорқып, бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтан! Әрбір күнәнің артынан уақыт оздырмай оны жуып-шаятын жақсылық жаса! Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол!» – деп бұйырды», – делінге.

(Тирмизи, бирр 55).

@hadister_jinagy
184 views16:17
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 12:12:19 АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛУ

«Ол (Аллаһ тағала) – қайда
болсаңдар да, сендермен бірге. Расында, Аллаһ тағала не істеп, не қойып жатқандарыңды көріп бақылаушы»
(«Хадид» сүресі, 4-аят).

«Шын» мәнінде, Аллаһ тағаладан жердегі және көктегі еш нәрсе қалтарыста қала алмайды»
(«Әли Имран» сүресі, 5-аят).

«Расында, сенің Раббың бәрін де көріп бақылаушы (яғни, Одан еш нәрсе таса бола алмайды)»
(«Фәжр» сүресі, 14-аят).

«Аллаһ тағала көздердің ұрлана қарағанын да (адамдардың) көкірегінде жатқан барлық құпияны да толық біледі»
(«Мумин» сүресі, 19-аят).

-ХАДИС:


Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырған едік. Кенет киімі сүттей аппақ, шашы көмірдей қап-қара, жолаушыға мүлде ұқсамайтын және (бір қызығы) бәрімізге бейтаныс бір кісі ортамызға келді. Келді де, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасына барып, екі тізесін оның тізелерімен түйістіре, екі қолын (өзінің) тізелерінің үстіне қойып отырды да: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы айтып бер», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ислам – Аллаһтан басқа ешбір тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммедтің Аллаһтың елшісі екеніне куәлік етуің, намазды шарттарына сай толық оқуың, зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың, шамаң жетсе, Аллаһтың үйін зиярат етіп, қажылық парызын өтеуің», – дегенде, әлгі адам: «Дұрыс айттың», – деді. Біз оның өзі сұрақ қойып, өзі растағанына таңырқадық. Бейтаныс келесі сауалын қойды: «Маған иман жайлы айтып бер», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – дегенде, әлгі кісі бұл жолы да: «Дұрыс айтасың», – деді. Сөйтті де: «Енді маған ихсан деген не, соны баяндап бер», – деді. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ихсан дегеніміз – сенің Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені әрдайым көріп тұрады», – деп жауап берді. Содан бейтаныс адам сұрағын жалғастырып: «Ал енді маған қияметтің қашан орнайтынын айт», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қияметтің қашан орнайтынын сұралған адам сұраушыдан артық білмейді», – деді. Сонда ол: «Ендеше, маған қияметтің белгілерін айтып бер», – деді. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді (10) Жалаң аяқ, жалаңаш сіңірі шыққан қойшылардың зәулім құрылыстар салып, бір-бірімен жаныға жарысып, көкірек кергенін көресің», – деді. Сәлден соң әлгі адам мешіттен шығып кетті. Содан, мен біраз уақыт тапжылмай отырдым. Кейін Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Омар! Сұрақ қойғанның кім екенін білемісің?» – деді. Мен: «Аллаһ пен елшісі жақсы біледі», – дедім. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынында, ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл еді», – деп айтты», – деген

(Муслим, иман 1).

(10) Яғни, ақырзаманда күңдер көбейеді. Олар өз қожайынынан бала тапқандықтан, балалары өздеріне қожайын болады.

@hadister_jinagy
3.2K viewsedited  09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-23 06:23:26 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ертеректе бір пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа аттанарда қауымына: «Енді ғана үйленіп, бірақ алғашқы түнін некелі жарымен бірге өткізіп үлгермеген; үй салып, бірақ шатырын жауып
үлгермеген; буаз қой немесе түйе сатып алып, солардың төлдетуін күтіп отырған адам маған ермей-ақ қойсын!» – деп жар салды. Сөйтіп, әлгі пайғамбар жасағымен жорыққа аттанды. Олар екінті намазының уақытында (немесе екінті намазына аз уақыт қала) бір елді мекенге келіп жетті. Сонда қолбасшы пайғамбар күнге қарап: «Сен де, мен де (бір Аллаһтың) әміріндеміз, – деді де, уа, Аллаһ тағалам! Күннің батуын кешеуілдете тұрғайсың», – деп дұға етті. Содан Аллаһ тағала оны жеңіске жеткізгенше күн батпады. Соғыс аяқталған соң, ол түскен олжаның бәрін бір жерге жинатты. Жиналған олжаның түгін қалдырмай өртеу үшін көктен от түсті, бірақ өртемеді. Сол кезде қолбасшы пайғамбар әскеріне: «Араларыңда олжаға қол сұққандар бар. Әр рудан бір-бір адамнан шығып маған қол беріп, алдымда ант етсін!» – деп жар салды. Ант қабылдау рәсімі барысында бір адамның қолы пайғамбардың қолына жабысып қалды. Пайғамбар әлгі адамға: «Олжаға қол сұққан сендердің араларыңда. Бүкіл руыңмен келіп қолымды алып, алдымда ант етіңдер», – деп бұйырды. Бұл жолы екі немесе үш адамның қолы пайғамбар қолына жабысып қалды. Пайғамбар оларға: «Ұрланған дүние сендерде», – деді. Олар сиырдың басына ұқсаған бір алтын бас алып келді. Пайғамбар оны үйіліп жатқан олжаға қосты. Сол-ақ екен көктен бір от түсіп олжаның түгін қалдырмай жалмап, өртеп жіберді. Бізден бұрын ешбір пайғамбар мен қауымға соғыстан түскен олжа адал емес-тін. Аллаһ тағала біздің қауқарсыз, әлсіз екенімізді білген соң оны біз үшін адал қылды», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, хумус 8; Муслим, жиһад 32).

@hadister_jinagy
290 viewsedited  03:23
Ашу / Түсініктеме