Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Айша анамыз (р.а.): «Бірде Аллаһ Елшісі (саллаллаһу а | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бір заманда жер қайыстырған қалың қол Қағбаға қарай бет алады. Ұшы-қиыры жоқ, тап-тақыр шөл далаға жеткенде әлгі қалың қолды бастан-аяқ жер жұтады», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Оларды қалайша тұтастай жер жұтады? Арасында қарапайым саудагерлер мен әскер қатарына жатпайтын бейкүнә жандар (1) да бар емес пе?» – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Оларды түгелдей жер жұтады, кейін (ақыретте) әркім ниетіне қарай (қарымын алу үшін) қайта тіріледі», – деп айтты», – деген.

(Бұхари Муслим, фитән 4).

(1)- Яғни, Қағбаны жығып, бұзақылық жасау ниетінде болмаған, әлгі қолға білмей қосылған адамдар.


@hadister_jinagy