Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 19

2021-12-18 07:12:48 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хунәйн шайқасында түскен олжадан кей кісілерге ерекше ілтипат көрсетіп, көбірек етіп үлестіріп берген-ді. Ақра ибн Хабис пен Уйәйна ибн Хиснның алдына жүз түйеден салып берді.
Сондай-ақ, бірқатар араб ақсүйектеріне де басқаларға қарағанда түскен олжадан көбірек бөлді (Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сондағы мақсатын түсінбегендіктен бұған наразы болған) біреу: «Уаллаһи! Бұл олжа бөлісте ешқандай әділдік те, Аллаһтың разылығын ойлау да болған жоқ», – деді. Сонда мен: «Уаллаһи, бұны Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткіземін», – дедім. Көп күтпестен Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болған жайды айттым. Лезде оның жүзі күреңітіп, реңі өзгеріп кетті. Содан біраз уақытқа дейін үндемей тұрды да: «Аллаһ пен елшісі әділ болмаса, кім әділетті болмақ? Аллаһ тағала Мұсаны (а.с.) мейірімге бөлесін! Өйткені, ол бұдан да өткен қорлық көрсе де, сабырлылық танытқан еді», – деді мұңайып. Осы оқиғадан кейін «Ендігәрі оған ешкімнің сөзін жеткізбеспін» деп, өз-өзіме уәде бердім», – деген.

(Бұхари, әдәб 53; Муслим, зәкәт 145).

Түсініктеме: Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иманға жаңа келіп, дінді толық түсіне қоймаған бірқатар араб ақсүйектеріне бұрынырақта иманға келген өзге мұсылмандарға қарағанда көбірек ілтипат көрсетуінің себебі, оларға Исламды сүйдіру және мұсылмандарға деген өшпенділіктен арылту еді.

@hadister_jinagy
30 viewsedited  04:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 19:09:47 -ХАДИС:

Әбу Абдуллаһ Хаттаб ибн әл-Әрат (р.а.): «(Мүшріктерден қорлық көріп жүрген кезіміз еді). Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шапанын жастанып, Қағбаның көлеңкесінде тынығып жатқанда: «Аллаһтан біз үшін жәрдем тілеп, дұға етсеңіз?» – деп мұңымызды шақтық. Сонда ол: «Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдарда (иман еткен) адамды ұстап алып, арнайы қазылған шұңқырға тастап, араменен төбесінен төмен қарай екіге қақ бөлетін, не болмаса, темір тырмақтармен еті мен сүйегі ажырағанша тырмалайтын жағдайлар да кездескен. Міне, осыншалықты жантүршігерлік азап оны дінінен бездіре алмайтын. Аллаһтың атымен ант етейін! Аллаһ тағала бұл істі (Ислам дінін) міндетті түрде ақырына дейін жеткізеді. Тіпті, салт атты жалғыз жолаушы Аллаһтан және қойлары үшін қорқау қасқырдан өзге ешкімнен
қорықпастан Сана’дан Хадрамаутке дейін алаңсыз сапар шегетін күн туады. Алайда сендер (бәрі дем арасында бола қалса екен деп) тағатсыздық танытасыңдар», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, мәнәқиб 25).

@hadister_jinagy
242 viewsedited  16:09
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 18:49:26 -ХАДИС:

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Араларыңнан ешкім басына келген қандай да бір қайғы-қасіретке бола өзіне өлім тілемесін. Егер басқа амалы қалмаса, «Уа, Аллаһ тағалам, мен үшін қай кезге дейін өмір сүру қайырлы болса, сол кезге дейін ғұмыр сүргіз. Қай кезде мен үшін өлім қайырлы болса, сол кезде жанымды ал!» – деп дұға етсін», – деген.

(Бұхари, мәрда 19; Муслим, зикр 10).

@hadister_jinagy
199 viewsedited  15:49
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 10:24:42
96 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 05:33:09 -ХАДИС:

Әбу Саид пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ олардан разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала мұсылман құлының басына келген шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық себепті, тіпті, қолына немесе аяғына кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді» – деп айтқан», – делінген.

(Бұхари, мәрда 1; Муслим, бирр 49).

@hadister_jinagy
259 viewsedited  02:33
Ашу / Түсініктеме
2021-12-15 16:59:21 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге бір пайғамбардың басынан өткен оқиғаны әңгімелегені әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Әлгі пайғамбарды қауымы ұрып-соғып, қан-жоса қылса да, жүзінен аққан қанды сүртіп тұрып: «Уа, Аллаһ тағалам, қауымымды кешіре гөр, өйткені олар ақиқатты білмейді», – деп жалбарынған еді», – деген.

(Бұхари, әнбия 54; Муслим, жиһад 104).

@hadister_jinagy
57 viewsedited  13:59
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 17:32:02 -ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қабір басында баласын жоқтап, жылап отырған бір әйелдің қасынан өтіп бара жатып оған: «Аллаһтан қорық, әрі сабыр ет», – деді. Сонда әлгі әйел Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аулақ жүр. Менің қайғым өз басыңа келмеген соң, менде нең бар?!» – деп, қатқыл жауап қатты. Кейін қабір басындағылар әлгі әйелге ол кісінің Аллаһтың елшісі екенін айтқанда, (одан сайын пұшайман болып) дереу Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне келеді. Есіктің алдында күзетші болмағандықтан, тіке кіріп барып: «Сізді танымай қалыппын», – деп, (дөрекілігі үшін) кешірім сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Шынайы сабыр – соққының алғашқы тиген сәтіндегі сабыр», – деп насихат айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 32-43/ахкәм 11; Муслим, жәнәйз 14-15).

@hadister_jinagy
255 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 06:50:00 -ХАДИС:

Суһәйб ибн Синаннан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, зуһд 64)

@hadister_jinagy
214 viewsedited  03:50
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 19:39:51 -ХАДИС:

Суһәйб ибн Синаннан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, зуһд 64).

@hadister_jinagy
189 viewsedited  16:39
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 04:20:50 -ХАДИС:

Әбу Саид Мәлик ибн Синан әл-Худри (Аллаһ олардан разы болсын): «Бірде Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ансардан бір топ адам бұйымтайын айтып еді, сұрағандарын берді. Олар араға біраз уақыт салып тағы сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жолы да олардың бетін қайтармай, қолындағы барын ұстатты. Қолындағы бар дүниесі таусылған соң оларға: «Қолымдағы барымды сендерден аямаймын (Бірақ, айтарым) кімде-кім өзгеге қол жайып қайыр тілеуден арын сақтаса, Аллаһ оны арлы, әрі абыройлы қылады.
Кімде-кім ел-жұртқа зәрулік танытпаса, Аллаһ оның күнін ешкімге қаратпайды. Ал кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған түгесілмес сабыр береді.
Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, зәкәт 50; Муслим, зәкәт 124).

@hadister_jinagy
208 viewsedited  01:20
Ашу / Түсініктеме