Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 20

2021-12-12 17:35:35 -БАП:

САБЫР


«Уа, иман еткендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабырлылық танытып және намаз оқу арқылы (Аллаһтан) жәрдем сұраңдар. Расында, Аллаһ тағала сабырлылармен бірге»
(«Бақара» сүресі, 153-аят)

«Шүбәсіз, сабырлы болғандарға қисапсыз сауап беріледі»
(«Зүмәр» сүресі, 10-аят).

«Сөзсіз, біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (яғни, табыстарыңды) азайту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды қуанта бер»
(«Бақара» сүресі, 155-аят).

-ХАДИС:

Харис ибн Асым әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Тазалық – иманның жартысы. «Әлхамду лилләһ» (7) – (деп жүрекпен айтылған зікір) Таразыны (8) (сауапқа)
толтырады. «Субханаллаһ» (9) пен «Әлхамду лилләһ» зікірлері болса, жер мен жеті қабат аспан арасын толтырады. Намаз – (ақиқатқа барар жолды шуаққа бөлейтін) нұр, садақа – (иманның шынайылығын көрсететін) айғақ, сабырлылық болса, (адамның өмірлік жолын жарқын ететін) шуақ. Құран – (оған бойсұнып, бойсұнбауға байланысты) саған жақ немесе саған қарсы бұлтартпас айғақ. Күллі адамзат әрбір таңның арайлап атуымен (бейнебір басыбайлы құл секілді) өзін саудалап, ақырында өзін (Аллаһқа құлдыққа сатып мәңгілік азаптан) құтқарады яки, (нәпсінің тізгінін шайтанға ұстату арқылы) өзін құрдымға батырады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, тахарат 1).

(7) «Бар мадақ пен шексіз шүкір Аллаһқа тән»

(8) Қиямет күні адамдардың амалдарын өлшейтін таразы.

(9) «Аллаһ – кемшілік атаулыдан пәк»

@hadister_jinagy
378 viewsedited  14:35
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 05:43:00 -ХАДИС:

Ибн Аббас пен Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласының бір сай толы алтыны болса, тағы да дәл сондай бір сай толы алтыны болғанын қалайды. Оның құлқынын (көрге кіргенде) топырақ қана тойдырады. Соған қарамастан, Аллаһ тағала (ашкөздік, сараңдық сынды жағымсыз қылықтардан арылып) тәубеге келген құлын жарылқап,
кешіреді», – деп айтты», – делінген.

(Бұхари, риқақ 10; Муслим, зәкәт 116).

@hadister_jinagy
136 viewsedited  02:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 19:14:23 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарлар Сардары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ тағала қандай да бір құлының (дәм-тұзы таусылып), шыбын жаны алқымына келіп тірелмейінше
жасаған тәубесін қабыл етеді», – деп айтты», – делінген.

(Тирмизи, дағауат 98).

@hadister_jinagy
215 viewsedited  16:14
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 17:29:02 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім күн батыстан шыққанға (6) дейін тәубе ететін болса, Аллаһ тағала оның тәубесін қабыл етеді», – деп айтты», – деген.

(Муслим, зикр 43).

(6) Қиямет-қайым орнағанға дейін

@hadister_jinagy
293 viewsedited  14:29
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 19:25:58 -ХАДИС:

Әбу Муса Абдуллаһ ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала күндіз күнә жасаған құлы тәубе етсін деп, түнде кешірім қолын созады. Сондай-ақ, түнде күнә жасаған құлы тәубе етсін деп, күндіз кешірім қолын созады. Осылайша, (Аллаһ тағаланың тәубе етуші құлдарын жарылқауы) күн батыстан шыққанға (5) дейін жалғасады», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, тәубә 31).

(5) Қиямет-қайымға дейін

@hadister_jinagy
53 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 05:07:10 -ХАДИС:

Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызметшісі Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құлы тәубеге келгендегі Аллаһ тағаланың қуанышы қайсы біреулеріңнің шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан әлдеқайда артық», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, дағауат 4; Муслим, тәубә 1).

@hadister_jinagy
112 viewsedited  02:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 18:47:00
Хадистерді оқып жүрсіздер ме?
Anonymous Poll
90%
Иә
10%
Жоқ
62 voters110 views15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 18:35:32 -ХАДИС:

Ағарр ибн Ясар әл-Музәниден (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, адамдар! Аллаһқа тәубе етіп, жарылқау тілеңдер. Расында, мен де Аллаһқа күніне жүз рет тәубе етемін», – деп айтты», – делінген.

(Муслим, зикр 42).

@hadister_jinagy
146 views15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 05:51:46 -БАП:

ТӘУБЕ ЕТУ


«Уа, иман еткендер! (Күнәларың үшін өкініш білдіріп) түгелдей Аллаһқа тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) жетістікке жетесіңдер»
(«Нұр» сүресі, 31-аят).


«Раббыларыңнан (күнәларың
үшін) жарылқау тілеп, тәубеге келіңдер»
(«Һуд» сүресі, 3-аят).


«Уа, иман еткендер! (Күнәларыңа шын жүректен өкініш білдіріп) Аллаһ тағалаға шынайы түрде тәубе етіңдер»
(«Тахрим» сүресі, 8-аят).


-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың атымен ант етейін, мен күн сайын жетпіс реттен аса Аллаһтан жарылқау тілеп, тәубе (4) етемін», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, дағауат 3).


(4) Тәубе ету – адамның жасаған күнәсі немесе қателігі үшін өкініш
білдіре отырып, Ұлы Жаратушыдан кешірім сұрауы. Бұл хадистегі
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһтан жарылқау тілеп тәубе етуі, біздің тәубемізге ұқсамайды, өйткені ол күнә атаулыдан пәк. Ал күніне сан рет тәубе етіп жарылқау тілеуінің басты себебі, өзінің құлшылығын азсынуы әрі соңынан ерген үмбетіне үлгі-өнеге болуында жатыр.


@hadister_jinagy
289 viewsedited  02:51
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 18:12:59 -ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Аббас ибн Абдулмутталибтен (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ұлы Раббысынан риуаят етіп: «Расында, Аллаһ тағала бүкіл жақсылық пен жамандық атаулыны жазып, оны былайша ашып түсіндірді: «Кімде-кім жақсылық жасауға ниеттеніп бірақ жасамаса, Хақ тағала оны толық жасалған бір жақсылық есебінде жазады. Егер жақсылық жасауды ойға алып, оны жүзеге асырса, Аллаһ тағала сол бір ғана жақсылығы үшін он сауаптан бастап, жеті жүз есеге дейін, тіпті, одан да еселеп сауап жазады. Ал кімде-кім бір жамандық жасауға ниеттеніп, алайда оны жасамаса (яғни, одан Аллаһ үшін айныса), Аллаһ мұны да Өз құзырында толық жасалған бір жақсылық деп жазады. Ал егер іштей ұйғарған жамандығын жасаса, Аллаһ
тағала сол жамандықты ғана жазады», – деген.

(Бұхари, риқақ 31; Муслим, иман 207).

@hadister_jinagy
139 viewsedited  15:12
Ашу / Түсініктеме