Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-01-12 10:30:04 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдардың көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығмет бар – денсаулық пен бос уақыт», – деп айтты» – деген.

(Бұхари, риқақ 1).

@hadister_jinagy
347 viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 17:10:32 -ХАДИС:

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағаланың: «Егер құлым Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ бойы жақындаймын.
Егер ол бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындай түсемін. Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін», – деп айтқанын жеткізді» – делінген.

(Бұхари, тәухид 50).

@hadister_jinagy
368 views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 04:43:24 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала: «Кімде-кім әулие құлыма дұшпандық жасаса, оған қарсы соғыс жариялаймын. Құлым өзіне парыз етілген құлшылықтардан өзге Маған ұнамды ешбір амалмен Маған жақындаған емес. Сондай-ақ, ол қосымша нәпіл ғибадаттарын жасаған сайын Маған жақындай түсіп, соңында сүйіспеншілігіме бөленеді. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын. (18) Бұндай құлым Менен не тілесе де беремін. Маған сыйынып, пана тілесе, міндетті түрде қорғаны боламын», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, риқақ 38).

(18) Яғни, оның әрбір ісі, тіпті әрбір іс-қимылы Аллаһ тағаланың жарылқауы мен шарапатына бөленетін болады.

@hadister_jinagy
108 viewsedited  01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-03 18:54:09 -ХАДИС:

әл-Бара ибн Азибтен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әй, пәленше!
Жатар алдында: «Уа, Аллаһ тағалам! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып,(берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір Өзіңе бағыштадым. Жүзімді Саған бұрып, күллі ісімді Саған тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа
қамқор да, пана да жоқ. Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» – деп дұға жасағын. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні кенеттен о дүниеге аттансаң, әу бастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып
өтесің. Ал егер аман-есен таңға жетсең, жақсылыққа кенелесің», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, дағауат 6; Муслим, зикр 56).

@hadister_jinagy
239 viewsedited  15:54
Ашу / Түсініктеме
2022-01-02 19:04:26 -ХАДИС:

Омар (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер Аллаһқа шынайы түрде тәуекел ете білсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Тирмизи, зуһд 33).

@hadister_jinagy
214 views16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-02 08:02:02 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар (14) кіреді», – деп айтты», – деген.

(Муслим, жәнна 27).

14 Ғалымдардың айтуынша олар – жүрегі бейне бір құстың жүрегіндей дір-дір етіп, Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарына аса сақ қараған әрі әрдайым Аллаһқа тәуекел етумен болғандар немесе жүрегі өте жұмсақ болған жандар.

@hadister_jinagy
243 viewsedited  05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 20:51:32 -ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһ тағалам! Саған ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман келтірдім. Саған ғана тәуекел еттім және күнәларым үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Сенің қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Аллаһ тағалам! Сенен басқа Тәңір жоқ. Тура жолдан тайдырып жіберуіңнен қорқып, Ұлылығыңа сиынамын. Сен өлмейтін мәңгі Тірісің. Ал жындар мен адамдар
өлім құрығынан құтыла алмайды», – деп дұға жасайтын еді», – деген.

(Муслим, зикр 67; Бұхари, тәһәжжуд 1/тәухид 7).

@hadister_jinagy
51 viewsedited  17:51
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 15:18:16 -БАП

АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТУ


«Мүміндер тек қана Аллаһқа тәуекел етсін»
(«Ибраһим» сүресі, 11-аят).

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаһқа тәуекел ет. Сөзсіз, Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді»
(«Әли Имран» сүресі, 159-аят).

«Асылында, нағыз мүміндер Аллаһтың аты еске алынғанда, жүректері толқиды, аяттары оқылғанда, имандары артады әрі олар Раббысына барынша тәуекел етеді»
(«Әнфәл» сүресі, 2-аят).

-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған (өткен пайғамбарлар мен олардың) үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбарды көрдім, жанында саусақтың санына да толмайтын бірнеше адам бар. Тағы бір пайғамбардың қасында бір-екі серігі ғана қараяды. Енді бір пайғамбардың соңынан ерген бірде-бір тірі жан жоқ. Кенет көз ұшында қарасы көп топ көрінді. Мен оларды өзімнің үмбетім екен деп қалдым. Сонда маған: «Бұл — Мұса мен оның үмбеті. Сен анау
көкжиекке қара», — деген дауыстан айтылған жаққа көз тастағанымда, қалың нөпір көрінді. Сөйткенше маған: «Енді келесі көкжиекке қара», – делінді. Ол жақтан да сондай қалың шоғырды көзім шалды. Сонда маған: «Міне, бұлардың барлығы — сенің үмбетің. Олардың ішінде есепке тартылмаcтан, азап шекпестен тікелей жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар», – деп айтылды», – деді де, орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Сол-ақ екен, сахабалар әлгі есепке, азапқа тартылмастан жұмаққа кіретіндердің кімдер екені жайлы әңгіме қозғай бастады. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары шығар», – десе, енді біреулер: «Бәлкім, олар туғаннан Исламның аясында өмір кешіп, еш уақытта Аллаһқа серік қоспағандар болар», – десті. Бұған қоса, басқа да түрлі пікірлер айтқандар болды. Олар осылайша қызу әңгіме үстінде отырғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінен шығып, олардан: «Не жайлы әңгімелесіп отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар оған өздерінің қозғап отырған тақырыбы жайлы айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Олар үшкіріп дуа оқымайтындар мен оқытпайтындар, ырым-жоралғыға сенбейтіндер және тек қана Раббыларына тәуекел ететіндер», – деп айтты. Сол кезде Уккаша ибн Михсан атты сахаба орнынан қарғып тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаһқа дұға етіңіз», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естігенде тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа мені де солармен бірге қылуы үшін дұға етіңіз», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Бұл мүмкіндікті Уккаша сенен бұрын пайдаланып қойды», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, риқақ 50; Муслим, иман 374).

@hadister_jinagy
288 viewsedited  12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 05:13:10 -ХАДИС:

Әбу Умәма Судай ибн Ажлан әл-Бәһилий (р.а.): «Қоштасу қажылығында Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) құтпасын тыңдаған едім. Сонда ол: «Аллаһтан қорқып, еш уақытта тақуалық шеңберінен шықпаңдар! Бес уақыт намаз оқып, Рамазан айында ораза ұстаңдар Мал-мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Басшыларыңа бойсұныңдар! Сонда, сөзсіз, Раббыларыңның жаннатына кіресіңдер!» – деп айтқанын естідім», – деген.

(Тирмизи, жұма 80).

@hadister_jinagy
148 viewsedited  02:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 08:24:57 -ХАДИС:

Ади ибн Хатим ат-Тайи (р.а.):
«Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім қандай да бір іске қатысты ант ішіп, кейіннен Аллаһ жолындағы тақуалыққа одан да жақын істі көрсе, (антын бұзып, кәффарат төлеп) тақуалыққа жақын істі таңдасын», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Муслим, әйман 15).

@hadister_jinagy
144 viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме