Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Муса Абдуллаһ ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.): «Бір кіс | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Муса Абдуллаһ ибн Қайс әл-Әшғари (р.а.): «Бір кісі Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Біреуі өзінің көзсіз батырлығын көрсету үшін, енді біреуі отанының, ұлтының немесе әулетінің намысы үшін, тағы біреуі елдің назарын өзіне аударуға бола шайқасқандардың қайсысы Аллаһ жолында күрескен болып саналады?» – деп сұрағанда, Ол (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім Аллаһтың сөзін (яғни, дінін) асқақтату үшін күрессе, міне, сол Аллаһтың жолында», – деп жауап қатты», – деген.

(Бұхари, илм 45/жиһад 15/ тәухид 28; Муслим, имара 150,151).

@hadister_jinagy