Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ Х
Telegram арнасының логотипі hadister_jinagy — ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
Арна мекенжайы: @hadister_jinagy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

@kuran_karim_kz
@hafiz_al_kuran
@sira_nabii
@hadister_jinagy
@s_a_h_a_b_a
@arab_tili_daristeri
@aqida_sabaqtary
@fikh_daristeri
@ustaz_erkinbek_shokai
@ustazdar_kz
@uagyz_rus
@tirilerge_undeu
@danalyk_oi
@b_otbasy
@m_u_n_a_b_b_i_h_u_n

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2022-02-06 04:19:26 -ХАДИС:

Әбу Зәрр (р.а.): «Кейбіреулер: «Уа, Аллаһтың елшісі! Байлар бар сауапты алып жатыр. Қарап тұрсақ, олар да біз секілді намаз оқиды, ораза ұстайды, онымен қоса өздерінен артылған дүниелерін садақа етіп береді», – деп айтты. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Хақ тағала сендердің де садақа берулеріңе мүмкіндік жасамады деп ойлайсыңдар ма? Әрбір тәсбих («субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, әрбір тахмид («әлхамду лилләһ» деп айту) – садақа, әрбір таһлил («лә иләһә иллаллаһ» деп айту), ол да садақа. Жақсылыққа бұйыру – садақа, жамандықтан тыю да садақа. Тіпті әрбіреулеріңнің өз әйелімен жақындасуы да садақа болады», – деді. Сонда олар (таңырқап): «Уа, Аллаһтың елшісі! Құмарын қандырғанға да сауап жазыла ма?» – деп сұрады. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Егер құмарлық сезімін харам жолмен қанағаттандырса, күнә арқалаған болмас па еді? Сондықтан ол құмарын адал әрі заңды жолмен қанағаттандырғаны үшін әлбетте
сауап алады», – деп жауап берді», – деген.

(Муслим, зәкәт 53/мәсәжид 142).

@hadister_jinagy
121 viewsedited  01:19
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 19:47:03 Хадистерді оқып жүрсіздер ме?

Жауап реакциялармен болсын
216 views16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 17:45:21 -ХАДИС:

Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Маған үмбетімнің жақсы-жаман бүкіл амалы көрсетілді. Олардың ізгі амалдарының ішінен жолдағы кедергілерді алып тастауды, ал жаман істерінің ішінен мешітте
қақырып, оны көмбеуді (тазаламауды) көрдім», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, мәсәжид 57).

@hadister_jinagy
158 viewsedited  14:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 19:38:21 -БАП

ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛДАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖАЙЫНДА


«(Кімге) қандай жақсылық
жасаған болсаңдар, Аллаһ тағала оны шүбәсіз біледі»
(«Бақара» сүресі, 215-аят).

«Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Аллаһ тағала сол жайлы міндетті түрде біледі»
(«Бақара» сүресі, 197-аят).

«Кімде-кім мысқалдай
(тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады»
(«Зілзала» сүресі, 7-аят)

«Кімде-кім жақсылық жасаса,
өзіне (яғни пайдасын өзі көреді)»
(«Жәсия» сүресі, 15-аят).

-ХАДИС:

Әбу Зәрр (р.а.): «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ең абзал іс қандай?» – деп сұрағанымда: «Аллаһқа иман келтіру және дін жолында күресу», – деп жауап берді. Мен тағы: «Қандай құлды азат етудің сауабы көп?» – дедім. Ол: «Қожайыны жоғары бағалайтын әрі құны қымбат құлды», – деді. Мен: «Оған шамам келмесе қайтемін?» – дедім. Расуллаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Еңбек еткен біреуге көмектесерсің, я болмаса, қолынан іс келмейтін біреуге қолұшын берерсің», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұлардың ешбірін де істей алмасам қайтемін?» – дедім. Сонда Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше, ешкімге зияның тимесін. Расында, бұл-дағы өзің үшін берген садақа болады», – деп жауап қатты», – деген.

(Бұхари, итқ 2; Муслим, иман 136).

@hadister_jinagy
203 viewsedited  16:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 03:52:23
​​ Ардақты сахаба Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) Рәжәб айы кірген уақытта Алла Елшісінің صلى الله عليه وسلم төмендегі дұғаны айтқанын жеткізеді:

«Аллаһуммә бәәрик ләнәә фии ражәб уә шәғбәән уә бәллиғнәә рамәдәән»

Мағынасы: «Иә, Алла! Рәжәб пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазанға
аман-есен жеткіз!»

Хафиз ибн Рәжәб әл-Ханбали бұл хадистің бұл айда жарылқау тілеп, дұға ету ұнамды амал екеніне дәлел болатындығын айтқан.

Рәжәб айы берекелі болсын! Алла Тағала баршамызды қасиетті айда құлшылығы молынан болған құлдарынан қылғай!

@mihrab_kz
447 viewsedited  00:52
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 15:41:40 -ХАДИС:

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың құлдарынан кім қандай күйде (іс үстінде) жан тапсырса, ақыретте дәл солай қайта тіріледі», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, жәнна 83).

@hadister_jinagy
566 views12:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-01 11:27:17 -ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Аллаһтың жәрдемі мен жеңісі келген кезде» деп басталатын «Насыр» сүресі түскеннен бастап әр намазда: «Субханәкә Раббәнә уә бихамдикә Аллаһумма-ғфирли» (Уа, Раббымыз! Сен кемшілік атаулыдан пәксің, Сені дәріптеп, мадақтаймын. Уа, Аллаһ тағалам, мені жарылқап кешіре гөр!) – деп айтатын болды», – деген.

(Бұхари, әзән 123/тәфсиру сура 110-1; Муслим, саләт 219).

@hadister_jinagy
751 viewsedited  08:27
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 18:37:40 -БАП

ҚАРТАЙҒАНДА САУАПТЫ ІСТЕРДІ КӨБІРЕК ЖАСАУҒА ҚҰЛШЫНДЫРУ


«Сендерге ойланып-толғанған адамның (бұл өмірден) ғибрат алып (қыр-сырын) аңғара алатынындай жеткілікті ғұмыр нәсіп етпедік пе? Сонымен қатар, сендерге ескертуші (Пайғамбар да) келген болатын»
(«Фатыр» сүресі, 37-аят).


-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала алпыс жас ғұмыр берген құлының ешбір сылтауына құлақ аспайды», (21) – деп айтқан» – делінген.

(Бұхари, риқақ 5).

(21) Яғни, пайғамбар жасына келгенше құлшылық жасамаған адамның «тағы да біраз өмір сүрсем, құлшылық жасар едім» деген сылтауы қабылданбайды.

@hadister_jinagy
83 viewsedited  15:37
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 12:37:58 -ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жеті түрлі бәле бастарыңа
келмей тұрып ізгілік істеуге асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені қашырар ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымнан алатын ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы – Тажалды, не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқынышты да тым ащы болғаны – қиямет-қайым», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, зуһд 3).

@hadister_jinagy
88 viewsedited  09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 20:06:18 -ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір кісі Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қандай садақаның сауабы көп?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Денсаулығың мықты кезіңде, әрі бойыңды сараңдық
билеп, байыған үстіне баюды көздегеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаны жан алқымға келіп, «мынаншасын пәленшеге берем, мынаншасы да түгеншенікі» дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма, өйткені өлген соң жиған-терген дүниең онсыз да түгеншенікі болады», – деп жауап берді», – деген.

(Бұхари, зәкәт 11/уәсая 17; Муслим, зәкәт 92).

@hadister_jinagy
227 viewsedited  17:06
Ашу / Түсініктеме