Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-05 13:27:21 2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар
290 views10:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 16:38:10 Мамандық, университет таңдау және грант (3)

Бір аптадан асты жоғардығы үш сұрақтың айналасына Instagram, WhatsApp, Facebook жекелерімде жауап беріп үлгермей жатырмын. Кей сұрақ жауапсыз қалып жатса кешірім сұраймын. Сол үшін жалпылық жауап бере кетейін.

1. ҰБТ әлі біткен жоқ. 5 шілде бітеді. Әлі нақты ҰБТ-2022 статистикалар шыққан жоқ. Мамандықтарға бөлінген гранттар тізімі толық шыққан жоқ.
Сондықтан дәл қазір бірдемеге болжам жасау мүмкін емес.

2. Грантқа байланысты алдын ала кеңесімді жазғам қараңыз парақшамда тұр.

3. Одан тыс Гүлбану Бақытханқызы күнделікті керек ақпараттармен бөлісіп отыр. Республикалық QAZBILIM орталығы @qazbilim парақшасында да тұр ақпараттар.

4. Барлық пайдасы тиетін ақпаратты сағат сайын QAZBILIM телеграм каналына ( https://t.me/kazbilim ) салып жатырмыз. Түлектерге барынша пайдасы тисе деген ой ғой сол.

5. Ақпаратты тыңдап түсініп алатындар үшін, өткен жылы осы тақырыпқа подкст кеңес түсіргеміз. Сілтеме:



6. Педагогикалық және медициналық мамандықтар таңдайтындар үшін қосымша психологиялық емтихан өтіп жатыр. Өзіңізге жақын кез келген университеттен тапсыра аласыз. Ал таңдағанда басқа университет таңдай беруге болады.

7. Статистикалар мен гранттар тізімі қалай шығады, солай жариялаймыз. Күтіңіздер.

8. Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде арасында тапсыру керек. Оны қай университетке түспекші болсаңыз сол университетке барып тапсырасыз. Көбінде әр университет талабы әр түрлі.

Сіздер үшін тағы не істей аламыз? Қалжың?
Бәрін оқып танысыңыздар. Көріңіздер.
Әр адамға жеке жауап беру мүмкін болмай жатыр. Айтпақшы, алаңдамаңыз, бәріне үлгересіз. Уақыт жетеді.
3.4K views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 10:57:05
Инстаграмдағы оқырмандарымның саны 30 мыңға шығыпты. Ал Facebook те 18 мыңнан асыпты.

Әлеуметтік желілердің дамуы бүгін де біраз нәрсені жеңілдетті. Біраз нәрсені ауырлатты.

Екі желіге де 2012 жылы тіркеліппін. 10 жылдан асты. Тек қазақ тілінде жазып келеміз. Бүгін де өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып кетті.

Қоғаммен тығыз қарым қатынаста білім саласында болғандықтан да, саладағы жаңарықтармен қолымыздан келгенше бөлісіп, хәл қадірмізше кеңесімізді беріп келеміз.

Құжаттарды сараптап, керек кеңесімізді білдіреміз. Өзіміздің істеп жүрген істерімізбен бөлісіп, оқырмандармен ой ортақтасамыз.

Бүгін де желіге не жазбаймыз, бәрін жазып кеттік қой. Тіпті осы әлеуметтік желі жершарыны кішірейтіп жібергендей. Бұл әлемнен достар, пікірлестер тауып, кейбірі өмірлік достарға айналып кетті.

Сіз мені әлеуметтік желіде үнемі оқисыз ба?
Менің парақшасам сіздер үшін пайдалы ма?
654 views07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 12:08:07 Ең алғаш елге кеп, оқуға түсіп студент бола қалған шақ, апай:
- Ахметжан, тақтаға сен шық, - дейді. Өмірі ешкім олай атамаған, шошып кеттім де.
- Ахметжан ауылда жатыр, мұнда баласы Аятжан отыр, - дедім. Гурппам ду күлді, бірақ апайым қырсығып қалды. Сол пәннен ақыры үш алдым)...

Жалпы біреуді тегімен атау өрескел қате һәм сүйкімсіз көрінеді. Бірақ, қазір бұны бүкіл ақпарат құралы әдетке айналдырды. Мамаймен Байбек соттасып жатыр дегенді Бауыржан мен Жанболат деп түсіне алмай-ақ қойдым....
657 views09:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 17:03:43 Университетті өз туған облысыңыздан басқа қалада оқуға кеңес беремін. “Балам адам болсын десең, сыртқа айда”, – дейді біздің қазақ. Рас, университетті басқа қалада оқып, сәл де болса ыстық-суықты бастан кешіңіз, “ақ алақан” маман болып шықпас үшін. Үйдің қасында оқу – жан қинамаудың тамаша әдісі, бірақ үйіңіз қасыңызда мәңгі тұрмайды.

жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың шәкіртақысы көтерілді, мұғалімдер жалақысы көтерілді. Бұл осы бағыттағы мамандықтарға түсуді армандайтындар санын арттырды. Бұрынғыдай "тым құрыса мұғалім бола салам" дейтін ой енді жоқ. Педагогикалық мамандықтар балы көтеріліп кеткен. Ескеріңіз.

2020 жылдан бастап грант конкурсы орыс тобы, қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етті. Енді орыс тобы мен қазақ тобында айырмашылық болмайды. Сондықтан орыс тобы төмен болады деп орыс тобына талпынбаңыз. Енді бәрі бірдей.

Айтпақшы, медицина немесе педагогика мамандықтары таңдайтындар психологиялық тесттен өтуі міндетті, оны конкурсқа құжат өткізгенге дейін тапсырып болу керек. Тапсырып қоймасаңыздар, ертең ол мамандықты таңдай алмай қаласыздар.

Баршаңыздың грант иегері болуларыңызға тілектеспін, сәттілік болсын!
Сұрақтарыңыз болса, комментке жаза беріңіздер, бас-аяғын қосып тағы бір пост жазармын.

Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы
3.6K views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 17:03:43 Мамандық, университет, грант туралы (2)

ҰБТ аяқталуға жақын, біраз түлек қолында сертификат, университет пен мамандық таңдау деген маңызды басқыш алдында тұр. Күн сайын ондаған оқушы мен ата-ана кеңес сұрап жекеме жазып жатыр. Бәрі “Қай мамандық жақсы, мынандай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?” деп сертификат суреттерін жібереді. Әр адамға жеке кеңес беруге үлгермегендіктен, арнайы мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді ескертейін.
Мамандық таңдаған дұрыс. Бірақ көбіміз “мамамдық” (мамасы таңдаған мамандық) таңдап кететініміз ақиқат. Жалпы мамандық таңдау туралы ойымызды осыған дейін жазған едік, ол www.aizere.kz жеке блогымда тұр. 10-сынып болсаңыз, міндетті түрде оқыңыз.

Ал дәл қазір сертификат бар, таңдау пәніміз белгілі, ендігі біздің таңдайтынымыз, шыны керек, мамандық емес, грант екені ақиқат. Жақсы мамандықтың грантына түсу – жарты бақыт, сол себепті мамандық пен университет таңдар кезде ертең өкініп қалмас үшін төмендегі дүниелерді ескертейін.
Әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі жақын күнде шығады, www.kazbilim.kz сайтына, телеграм https://t.me/kazbilim арнасына саламыз. Бірақ бір мамандыққа гранттың көп бөлінуі сіздің грантқа түсуіңізге кепіл емес, аз грант бөлінген мамандықты аз адам, көп грант бөлінген мамандықты көп адам таңдауы мүмкін.

Бір мамандықты екі-үш университеттен таңдамай-ақ қойыңыз. Сіз конкурсқа түсудегі мүмкіндігіңізді азайтасыз. Себебі грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. (Педагогика және медицина мамандықтарындағы квотадан басқа)

Мамандық таңдаған кезде сертификаттағы балыңыз маңызды, асқан тәуекелге бармаңыз. Мысалы, 115-пен стоматология немесе 85-пен жалпы медицина таңдап әуре болмай-ақ қойыңыз. Көрпеңізге қарай көсілген дұрыс. Мұны қалай межелеуге болады?
Ол үшін өткен жылғы грант иегерлері тізімін жақсылап қараңыз. Ол да www.kazbilim.kz сайтында тұр. Биыл грантқа түсу балы төмендейді не жоғарылайды деп айтуға әлі ерте. ҰБТ толық бітсін, жалпы статистика шықсын. Бірақ кез келген мамандыққа өткен жылғы ең төменгі балдан 6-7 баллдан артық тәуекел қажет емес.

Балыңыз грантқа түсуден гөрі тәуекелге жақын болса, онда ең маңызды кеңес, мамандық таңдау биыл да шамамен 13-20 шілде аралығында жүреді. Сіз мамандықты 18-20 шілде арасында, жұрттың ең соңында тапсырыңыз. Себебі ҰТО әр күні бір мамандықты неше адам таңдағаны туралы статистика жариялауы мүмкін, соған қарап отырып, өз балыңызбен таңдаған мамандыққа түсу-түспеуіңізді 90% межелеуге болады. Себебі мамандық таңдау басталған кезде өзіне толық сенімділер бірінші таңдап кетеді, сосын бір грантқа неше адам таласып тұрғанына қарап, өз мүмкіндігіңізді біліп аласыз. Мысалы, бір грантқа 5 адамнан артық таласып тұрса, әуре болмаңыз. Бір грантқа 0,7 адам таласып тұрған мамандықты ойланбай таңдай беріңіз.

Университеттердің қабылдау комиссиясы кеңес бергенде өзін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі “бізді таңдамасаң, құжатыңызды алмаймыз” деп міндетсінуі мүмкін. Бұл – заңсыз! Сіз бір қаладан бір қалаға жүгірмей, өзіңіз қалаған кез келген университет пен мамандықты таңдай аласыз. Құжат қабылдау www.egov.kz сайтында онлайн түрде жүреді. Сосын грант иегерлері тізімі шыққан соң, өзіңіз түскен университетке құжатыңызды алып бара бересіз.

Құжатты 20 шілде сағат 18.00-ге дейін тапсырып болсаңыз болғаны, ерте тапсыру мен кеш тапсырудың конкурсқа еш қатысы жоқ. Сондықтан асығыстық жасап қоймаңыз.

Ауыл квотасы, қандастарға берілетін квота немесе тағы басқа жеңілдіктер барлық мамандықта бола бермейді. Мысалы, халықаралық қатынастар, ғылыми физика мамандығында ауыл квотасы жоқ. Сондықтан мұны ескеру маңызды. Ауыл квотасы бар мамандықтар тізімі де www.kazbilim.kz сайтында тұр.

Танымал мамандық таңдап, ертең өкініп қалмаңыз, өзіңіз ең жақсы маман болып шыға алатын саланы таңдаңыз. Хит мамандықтың сапасыз кадры болғанша, ел менсінбейтін мамандықтың мықты маманы болу – табысқа жетудің төте жолы.
3.3K views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 20:28:43 Әзербайжан депутаты Вахид Ахмедовтің айтқаны: “Неге түрік тілінде, ағылшын тілінде білім беретін мектептер жекеменшік саналады, ал неге орыс тілінде білім беретін мектептер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады? Олар да жекеменшік болсын. Оқығысы келгендер қаржысын төлеп, оқи берсін. Әзербайжанда мемлекеттік бюджеттен тек әзербайжан мектептері қаржыландырылуы тиіс!”
553 views17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 13:23:09
“Ағаш көркі - жапырақ” дегендей, әр нәрсенің өз сәні, өз көркі болады ғой.

Мектептің көркі - бала. Балалар демалысқа кетіп еді, мектеп тып-тыныш. Бір үңірейіп, аңғай-даңғай болып қалды.

Біз үшін әдеттегідей жұмыс кезеңі ғой, таңертең барып, кешке қайтып, келген ата-аналардың сұрағына жауап беріп, бұзылған, бүлінген жерлердің жөндеу жұмыстарын жасап, қыстың қамын жаз ойлайтын шақ.

Бірақ бір рахаты осындай кезде жазу-сызу жұмысы өнімді болады. Мазалайтын ешкім жоқ, бір шығармашылық кезең етіп пайдалануға болады.

Еңбек демалысы қалай өтіп жатыр, әріптестер? Мектепті сағынып жүрген жоқсыздар ма?
134 views10:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:16:18 Мамандық және университет таңдау, грант туралы (1)

Күнде жекеме жүздеген оқушы мамандық, университет, грант туралы сұрақ қояды. Жауап беріп үлгеру мүмкін емес. Сол үшін жалпы ескертейін:

Асықпаңыздар. Әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі шықсын. Шықса, міндетті түрде жариялаймыз. Жақсылап қараңыз сол кезде, kazbilim.kz сайтына, телеграмға саламыз.

Тағы асықпаңыз. ҰБТ толық аяқталсын. Сосын еліміз бойынша ҰБТ орташа балы, жалпы статистикасы шықсын. Соларға жақсылап талдау жасаңыз.

Педагогикалық немесе медициналық мамандыққа барғысы келетіндер сол бағыттағы арнаулы емтихандарыңызды тапсырып, сертификатын алып қойыңыздар.

Дәл қазір ешқандай сәуегейлік жасамай-ақ қойыңыз. Ешкімге жүгінбей-ақ қойыңыздар. Алаңдамай демала тұрыңыздар. Не гранттар тізімі шыққан жоқ, не ҰБТ жалпы статистикасы шыққан жоқ. Сондықтан қазір болжауға тым ерте.

Мамандықтар мен әр түрлі квоталар туралы кеңесті Гүлбану Бақытханқызы күнделікті жазып жүр. Парақшаларын оқи жүріңіздер.

Жоғарыдағы екі ақпарат шықса, толық талдап өзім де жазатын боламын. Қазірге жалғыз жауап "асықпа". Ақыл айтқан қауымға ұрынып қазір шаршама.

Тұрақты пайдалы ақпаратты біздің телеграмға https://t.me/kazbilim каналына да салып жатырмыз тұрақты түрде...

Өткенде QAZBILIMTV арнасында университет және мамандық таңдау туралы эфир жасағанбыз. Соны көріңіздер. (

)

Қазірге сабыр!

2-3 шілде көсіліп әңгіме айтып, мамандықты бірге таңдаймыз. Оған дейін ұйықтай тұрыңыздар. Конкурсқа құжат қабылдау 13 шілде басталады. Үлгересіз бәріне!!!
649 views14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 12:54:01 Түлектерге өте пайдалы кеңес!

Грантқа қалай түсуге болады?
Мамандық және университет таңдау кезінде неге мән берген дұрыс?
Грантқа түсуге балыңыз жете ме?
Бәріне жауап ала алсыз!


171 views09:54
Ашу / Түсініктеме