Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-06-17 07:34:26 Жердің айналатынын Галилейден басқа да көп адам білген. Бірақ олардың бала-шағасы бар еді.

Евгений Евтушенко. Ақын.

Осы сөз ойыма келе береді...
Келе береді..
161 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 20:40:41 Біздің ұжымның ұлттық мектеп жобасындағы жұмыстарымен таныса отырыңыздар...


71 views17:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 11:08:19
Президент тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді.

Ағарту министрі – Асхат Аймағанбетов, Ғылым және жоғарғы білім министрі қызметіне Саясат Нұрбек тағайындалды.

Не дейміз...
Айтатын сөз көп...

Тек қайырлы болғай...
336 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 09:56:06 ​Ұлттық мектеп-интернаты жобасы туралы

Біраз оқырмандар мен тілекшілер "көптен бері Ұлттық мектеп-интернаты жобасы туралы жазбай кеттіңіз, не боп жатыр?" - деп сұрақ қойыпты.

Бірден айтайын, белге көтере алатын шоқпарды ойланып барып байлайтын адамбыз. Сондықтан ауыздан сөз шыққанша ол менікі. Сөз шыққасын ол уәдеге айналады. Ал уәде - құдай сөзі.

Бұған дейін айтқандай Павлодар немесе Петропавл қаласынан Ұлттық мектеп-интернатын жасақтау мақсатымыз нақты жобада жүріп жатыр.

Иә, мектеп-интернаты жеңіл шаруа емес. Ол үлкен қаржы, ұзақтау уақыт, үлкен еңбек. Бірақ біздің команда барымызды салып жатырмыз. Бәрі жоспардағыдай жүріп жатыр.

Біраз жұрт көмектесеміз дегесін есеп шотымызды жариялап қойған едік. Бір айда 2 185 612 теңге жиналыпты.

Бұл әрине ештеңені шешпейді. Бірақ біз тоқтамаймыз! Біз ойға алған мақсатқа жетеміз. Өзіме үш жыл уақыт беріп отырмын.

Кейбір кісілер ақыл айтыпты. "Халықтан ақша жиып жеке мектеп ашпақсыз ба? Халықтың ақшасына ақылы мектеп салып аласыз ба?" - дейді.

Айналайын, біріншіден, халықтың ақшасы - ұлт біліміне берілген садақасы деп қараймын.
Екіншіден, ұлттық мектеп-интернаты салынып болса жан басына қаржыландырумен-ақ тегін оқыту жоспарда. Ол жағы еш қиын емес.

Жалпы есеп беріп, жаңалықпен бөлісіп қояйын дегем ғой. Жұртта күмән болмасын деп.
Үлес қосамын дегендер үшін, Каспий/халық банк. 8702 931 8008 нөмірінен аударым жасай аласыз.
Ал кездесіп, сөйлесіп жобаға үлес қосамын десеңіз осы нөмірдемін. WhatsApp-пен байланыс ең тиімді. Кейде жұмыс барысы немесе сабақ кезінде телефонға жауап бере алмайтын кездер көп болады.

Қолдап жатқан әр қазағыма алғысым шексіз!
Біз мақсатқа жетеміз!

#Ұлттықмектеп
157 viewsedited  06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 19:37:26 Орамал туралы өз ойым

Таңертең орамал дауы қайдан шықты? Рұқсат берсе не болады, бермесе не болады деп бүгінгі жағдайды сараптама жасадым.

Сараптама жасап отырғасын бейтараптық сақтап өз көзқарасымды қоспаған едім. Пікір жазған аса "ақылды" қауым жазбаған көзқарасымды тоқсан саққа жүгіртіп, аузына келгенін құса кетіпті.

Айналайындар-ау, кішкене сауатты болсаңдаршы.
Ал менің жеке көзқарасымды білмек болсаңыз. Өткен жылы жазғанмын.
Тағы да қайталап айтамын.
Мектепте мектептің бірыңғай формасы қатаң сақталуы керек.
Форма жай киім деп қарауға келмейді. Ол - тәрбие, ол - мектептегі әлеуметтік теңсіздіктің, ала-құлалықтың алдын алатын басты фактордың бірі.

1. Біз - зайырлы елміз. Әр дін өз киімін білімге араластырмай, нақты ортақ тәртіпке бағынуы керек.
2. Мектеп формасы елде біртұтас болуы керек. Жалпы бірыңғай мектеп формасы деген стандарт толық сақталуы керек.
3. Адам дін ұстануын толық ақылы толғанда өзі шешуі керек. Бастауыш сыныптың оқушысына хиджап кигізуді ешқандай ақылым қабылдай алмайды екен.
4. Бала білім алу құқынан айырылмауы керек. Сондықтан қандай да жағдаймен мектепте баласын оқытпай надан еткен ата-аналарға қатаң жаза болуы керек.

Әлемдегі жағдайларды ескерсек, жалпы діни мәселе жай қарайтын мәселе емес.

Енді тағы мәселе, жалпы мектепте хиджап мәселесімен күресу елдегі діни мәселені реттемейді. Ол - елдегі идеологиялық жағдайдың салдары. Сондықтан мектептегі киіммен күрес - салдармен күрес. Бұл мәселенің осыншалық деңгейге көтерілуі - елдегі діни жағдайдың көрінісі.

Елге ұлттық идеология керек!
Елге сапалы білім-ғылым керек!
Ұрпаққа дұрыс тәрбие керек!
47 views16:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 08:27:51 Орамал мәселесі қайдан шықты?

Қатардағы адамдарға білінбес, бұл бір актуалды мәселе көрінбес. Бірақ, бүгін мектептегі ең қиын мәселенің бірі осы киім мәселесі.

Мектеп формасының бекітілген тәртібі бар. Бірақ, әр адамның діни көзқарасы, сенімі әр түрлі. Дәл осыдан қазір мектепте киім дауы өте қатты.

Өткен жылы пандемиядан шығып, оқу бастала салғанда білдім. Бұрын аса мән бермейді екенмін. Өткен күзде бұл мәселені реттеу тым ауыр болды.

Дәл қазір хиджап мәселесі неге қозғалды?
1. Хиджап киюге рұқсат бермегені үшін, өзге елге көшіп кеттік деп қағаз жасатып, бірақ, білім алмай қалып жатқан қыз балалар жылдан жылға көбейді.
2. Ресейдің немесе басқа елдердің онлайн мектептеріне тіркеліп қойып, оқыған оқымағаны белгісіз адам көбейді.
3. Кейбір құжат жүзінде қарапайым, бірақ іс жүзінде діни жеке мектептер пайда бола бастады.

Енді хиджапқа рұқсат бермесе не болады?
1. Білім алмай надан күйінде қалатын қыз балалар саны жылдан жылға көбейіп барады. Бұл мәселені елемей тастауға болмайды.
2. Мектептерде хиджап дауы өте асқынып кетті. Бұл бала құқын бұзу деген уәж екі жақтан да айтылып, балалардың сабақ процесіне кедергі келтіріп жатыр.

Ал, хиджапқа рұқсат берсе не болады?
1. Мектепте оранып жүрген оқушылар саны өте қатты көбейеді. Бұл діни мәселе оқушылар арасында қандай ықпалы болады?
2. Мектепте баланың отбасының діни көзқарасы анық киімнен білінеді. Бұл алауыздық тудырмай ма?
3. Жоғарыда шетелге онлайн кеткен, өтірік көшіп кеткен білім алмай жүрген қыз балалар мектепке оралады.

Дәл қазір қарап тұрсаң былай тартсаң арба сынады. Былай тартсаң өгіз өледі. Не істемек керек?

P.S. мектептегі кей оқушының киімнің тым қысқа болуы да бас ауыруға айналды. Бұл да көп адамның агрессиясын тудырып жатыр.

Негізі мектеп формасы ондай қысқа емес, бірақ, соның белін жымырып, қысқартып киіп алатын оқушылар көп.

Үйінен ұзын киіп шығып, жолда басқа киімге, мини юбкаға ауыстырып киіп келетін, ата-анасы білмейтін оқушылар да көп.

Жалпы мектептегі киім мәселесін қалай реттемек керек?
46 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 20:52:39
Осы деңгейге жетуі үшін қанша нерв құрттық...

Тағы бір саты оң өзгерістер...
Соңына жетсе екен бәрі...
103 views17:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 13:59:26
Дауысымды беріп қайттым.

Ешқандай сайлау учаскесінің төрағасы емеспін, комиссия мүшесі де емеспін.

Мектебімде сайлау учаскесі жоқ.

Өзім қатардағы сайлаушы ретінде, өз үйімнің мекен жайы бойынша белгіленген Нұр-Сұлтан қаласы Мұқағали Мақатаев атындағы N74 мектеп-гимназиясына орналасқан 331 референдум учаскесіне ұлымды ертіп барып, дауыс беріп қайттым.

Елдің ертеңі жарық, болашақ жарқын болғай!
91 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 22:01:40 ​Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл!

Бүгін рәміздер күні деп жазып жатқанда ойыма үш оқиға түсті.

1. Рәмізге құрметті ең алғаш оқушы кезде Қытайда көрдім. Қытайда мектепте аптасына бір рет ту шығару салтанаты деген рәсім өтетін. Ол жақтағы қатаң тәртіп қой, бүкіл мектеп алаңда қасқайып тұрып, ән ұран айтып, ту көтеретінбіз. Бірақ, аса қатты соның мәні мен мағынасын түсінбеппін. Тек тәртіпке бағыну керек болғасын тұратынбыз. Сұрақ қою мүлде жоқ еді.

2. Ең алғаш елге оралып, Кентау қаласындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті филиалында дайындық факультетіне оқуға түсіп, бардым. Қазақстанның елімнің ән ұранына қолымды кеудеме қойып тұңғыш рет сонда тұрдым.
Сол жерде дүйсенбі күні таңертең 8:00 де бірінші Қазақстанның, екінші Түркияның ән ұраны қойылады.
Кейде қандай да бір сабақтан кешігіп қалсақ, Қазақстан ән ұраны шығып жатқанда жұрт баспалдақта, ғимарат іші сыртында жүгіріп бара жатады.
Ал, екінші Түркияның ән ұраны шыққанда көшеде келе жатқан түрік студенттерінің өзі қатып қалатын қаздиып. Тіпті, есіктен кіріп келе жатса есікті ашқан жерде тоқтап қалатын. Оларды ән Түркияның ән ұраны шығып жатқанда қозғалту мүмкін емес еді. Сол кезде қатты таңғалып ем, не деген құрмет деп.

3. Біз мектепте әр дүйсенбі мектепте ән ұран қосылып, сабақты бастаймыз. Жыл басында оқушыларды үйрету қиын болды. Жүріп бара жатқандар тоқтамайды. Әйтеу жыл бойы үрйеткендей болдық.

Өткенде 24 мамыр үздіктерді марапаттау және 25 мамыр соңғы қоңырау іс шарасында ән ұранмен бастаған сәтте біраз ата-аналардың ән қойылғандағы әрекеттерін көріп, таңғалдым.
Мектеп ауласында іс шара басталып, ән ұран қосылды. Оқушылар, ұстаздар, біраз ата-анлар кеудесіне қолын қойып тұр.
Бірақ, кейбір ата-аналар мектеп ауласындағы орындықта отыр, кейбірі телефон шұқылап, кейбірі сөйлесіп тұрды.
Мен біз кімді тәрбиелеп жатырмыз деп таңғалдым.

Жалпы рәміздерге құрметіміз қаншалық?
Ту оранып суретке түсу үшін, әнұран спортшылар жеңіске жету үшін ғана керек секілді қарайтындар азайып, елдің символы деп құрметтейтін ел қалыптасуы керек.

Жалпы мемлекеттік рәмізі жоқ, әлі отар қаншама жұрт бар, әлі отар қаншама ұлт бар. Тәуелсіз ел болуды аңсайтын қаншама қауым бар.
Бақытымызды бағалайық!

Елдігіміз мәңгілік болсын!
Көк туымыз мәңгілік желбірей берсін!
57 views19:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 13:04:41
Қазақ мектебінің мұғалімі нашар ма?

Орыс мектептері мықты, қазақ мектептері әлсіз деген түсінік бар ғой біздің қоғамда кеңестік заманнан мұраға қалған...

Соны 2017 жыл бір зерттеп, "орыс тілінде оқитын Қазақстандықтарға жаным ашиды" - деген мақаламда қазір мүлде басқа екенін нақты дәлелдеп ем...

Биыл соны кеңірек таратқым кеп жеке-жеке талдайын...

Орыс мектептерінің мұғалімдері үздік, қазақ мектебі нашар дейтіндер үшін, төмендегі ақпарат сіз үшін!
Қателеспеңіз!
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Соңғы 10 жылда «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсынан 36 педагог жеңімпаз болған екен.

Олардың ішінде қазақ тілінде білім беретін 25 педагог, бұл жалпы санының 70% - ын құрайды.

Орыс тілінде білім беретін - 7 (20%).

Қазақ және орыс тілінде білім беретін 4 педагог бұл (10%).

Енді кім әлсіз жарандар-ау. Балаларыңызды ойласаңыздаршы!

P.S. сурет Қайым Мұхамедханов атындағы N90 ұлттық гимназия ұжымының жартысы)

#балаңдықазақмектебінебер
#қазақмектебі
618 viewsedited  10:04
Ашу / Түсініктеме