Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-04-30 14:39:45 Кешелі бері орыс сыныбы, орыс мектебі туралы біраз әңгіме айттық қой. Қазір жаңа ашылып жатқан және бұрыннан келе жатқан орыс мектептері, аралас мектептегі орыс сыныптары азаймай тұр. 2017 жылға дейін беті бері қарап келе жатқан үрдіс одан кейін қарқынды түрде ушығып кетті. Бұл анық.

Енді дәл осы кезеңде тіпті таза орыс тілінде білім беретін жеке мектептер тіптен көбейіп кетті. Қазір Қазақстаннан орыс тілінде, басқа тілде білім беретін мектеп ашып жатқан өзге ұлт бизнесмендері өте көп. Тіпті ақша үшін таза орыс тілінде білім беретін мектептерді өзіміздің қазақтар да көптеп ашып жатыр. Дәл қазір елде жеке мектеп ашу науқаны.

BINOM секілді танымал мектептердің бәрі аралас, өкінішке қарай...

Жеке мектеп ашылмасын деп айта алмаймыз. Жеке мектептер керек, себебі біздің балалар үш ауысымды түгіл екі ауысымды мектепте оқудан арылуы керек. Барлық бала бір ауысымды, қолжетімді ортада білім алуы қажет.

Дәл осы кезде қазақтың шын патриот бизнесмендері, қалталы азаматтары сөзден іске көшетін кез келді. Бізге жеке қазақ ұлттық мектебін де ашу керек. Әйтпесе ертең кеш болады.

Өзім биыл Республикалық QAZBILIM орталығының Ақтау қаласындағы бөлімшесін 5-11-сынып арасында таза қазақ тілінде оқытатын мектеп жасаймын деп шештім. Қазір жөндеу, жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Арманым - елде бір ұлттық мектептердің желісін қалыптастыру. QAZBILIM орталығының білім сапасын, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның білімі, тәрбие беру үрдісін ұстанған шынайы бәсекеге қабілетті қазақ ұлттық мектептер желісін қалыптастыру.

Біз бүгін қимылдамасақ, ертең мүлде кеш болады. Біз ана орыс мектептеріне, орыс тәрбиесіне тәуелсіз Қазақстан заманында жұтылып кетеміз.

Сол үшін олармен иық тіресе алатын ұлттық мектептер керек. Әрине, оның шешу жолы - қаржы. Егер мені қолдаймын, біз де қимылдайық деген қазақ байлары болса, кешегі Алашты қолдаған меценаттар секілді бізді де демейтін азаматтар болса, аянып қалмас ек.

Жағдайды зерттеп отырып, бізде қазір уақыт тым қысқа екенін ойлап жаным қысылып жүр...

Мектептер туралы соңғы бір айдағы зерттеулерім мен кез болған оқиғаларым ұйықтатпайды...

Бізде сондай сөзден іс дейтін, білімге қаржы салғысы келетін байлар бар ма? Әлде...
Ұсыныс болса, жеке сөйлесуге дайынмын.
178 views11:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 18:05:20 Бүгін бір мектепті қазақ етіп сақтап қалу үшін жиналыс болды. Мәжіліс депутаттары қатысты.

Бұндайға ысылдық қой, заңдық тұрғыда біраз ата-аналарды орнына қойдық.

Тіл жанашырлары біраз лекция оқыды. Қырғын дау болды. Әлім келгенше бала құқы бұзылмайтынын заң бойынша түсіндіріп, басқа мектепке барасыз. Бұл мектеп таза қазақ боп қалады деп кесімді сөз айттым. (Бір ресми мен шешетіндей)

Ең өкініштісі орыс сыныбын талап етіп отырған кілең қазақ. Сол қазақтың бірі жиналыстан шыққасын есік алдында тұрып, бүгінгі сөйлеген сөздердің бәрін түсіріп алдым. Толық видео жасадым. Ресейге, Путинге тіке жіберем, - дейді. (қазақ әйел).

Депутаттарымыздың көзін бақырайтып қойып, Путинмен қорқытты. Баратын жеріңе бар дедім күйіп кетіп...

Не дейін...
110 views15:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 09:50:55 Баладан үш тілді талап еткенде, ПЕДАГОГТЕН неге мемлекеттік тілді талап етпейді, - дейді Дана Рау әріптесім.

Менің ойым:

Мемлекеттік мектептің директоры мемлекеттік тілді білуге міндетті!

Мектеп директорын тағайындау конкурсына осындай талап қосылуы керек.

Директор қай тілде сөйлесе, мектеп сол тілге басымдық береді.

Өкінішке, қазақ тілін білмейтін, керек етпейтін мемлекеттік мектеп директорлары бар!

Орыс тілінде түйіндеме жазған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін алғаш көргенде жылап жібере жаздағам. Қазір етім үйреніп барады... Себебі, көөп...
94 views06:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 09:58:07 Оқушының үш жұрты

Бүгінгі мектептегі ұрпақ - осы елдің ертеңі. Баланың мектептегі әр минуты - сол елдің болашағы!
Образды түрде айтқанда, оқушының үш жұрты болады. Олар: отбасы, мектеп және қоғам. Жігіттің шаңырағы биік, керегесі берік болу үшін үш жұрты қандай тату болса, оқушы тұлға болуы үшін үш жұрты ынтымақты бірлесе жұмыс істеуге міндетті.
Бүгінгі бала тәрбиесі мен кешегі бала тәрбиесі арасында ара қатынас мүлде өзгерді. Әкем, мен және балам. Үш буынның арасындағы бала тәрбиесін сәл салыстырып көрелік.
Біздің әкелеріміз заманында бала тәрбиесінде жоғарыдағы үш жұрттың үлес салмағы шамамен былай болған шығар. Баланы шамамен 90 % ата-анасы, 5 % қоғам, 5 % мектеп тәрбиелеген шығар.

Ал бізге келгенде ата-ананың үлесі 50-60 %-ға түсті, қоғам мен мектептің үлесі артты, себебі 11-12 жылдық мектеп біздің өмірімізді өзгертті. Ал теледидар секілді ақпарат құралдарының келуі қоғамның бала тәрбиесіне үлкен әсер етті.
Ал біздің балалардың заманы мүлде басқа болды. Керуен кері айналса, ақсақ түйе алға шығады дегендей, жоғарыдағы баланыс кері айналды. Баланы туа сала телефон тәрбиелеп, тілі телефонмен бірге шығып жатыр. Үйде бір ауыз басқа тілде сөйлемейміз, бірақ менің 5 жасар ұлымның орысшасы мен ағылшыншасы кейде мені шатастырады.
Ал жұмыс деген желеумен екі жасқа жетер-жетпес бала бақшаға береміз. Ондағы әр алуан баланың тәрбиесі, меңгерушінің тәрбиесі әсер етеді. Ал мектепте тағы мектептен гөрі ортасы көбірек тәрбиелейді.
Образды түрде айтсақ, бүгінгі бала тәрбиесінде ата-ананың үлесі 5-10 %-ға, мектептің үлесі 5-10 % ,ал қоғамның үлесі 80-90%-ға жеткен секілді. Яғни бала тәрбиесі баршамыздың уысымыздан шығып барады. Бұл - ойлантарлық дүние, әрине.

Ұлттық мектеп арманымен мектепке келгелі осы ұрпақ тәрбиесіне қалай әсер ете аламыз? Қазақ мектебі, қазақ отбасының баласы, бірақ күнделікті өмірде орысша ойлап, орысша сөйлейді, бұған қалай әсер етуге болады?
Қазақ мектебінде балалар орысша сөйлеп жүреді, - деп жатады жұрт. Қазақ баласын, елдің болашағына мектепте отырып қалай әсер ете аламыз?
Бәрі жоғарыдағы үш жұрттың қолында. Қоғамды дұрыстайтын мектеп пен отбасы һәм билік. Отбасы дұрыс ұрпақ тәрбиелуге барын салса, мектеп білімді һәм тәрбиелі оқушы тәрбиелесе, билік ұлтқа дұрыс көзқарас қалыптастырып, қазақ тілінде қағазын сөйлете алса, болашақта қазақ тәуелсіздігі шынымен орнайтын ба еді, - деп армандайсың ғой шіркін...

Осы армандардың жетегінде мектепте ата-аналармен байланысты, тек баға үшін жасалатын ата-аналар жиналысы секілді форматтан бұзып, біраз дүние жасағымыз келді. Ата-анамен тоқсан соңында баға талқылап жиналыс жасамайтын әдет қалыптастырып келеміз.
Ал керісінше әр түрлі ашық есік күнін өткізіп, ата-ананы мектеп өміріне мейлінше жақындатып, мектептің ұстанымын түсіндіріп, мектеппен бірлесе жұмыс істеуге шақырып келеміз.
Өткен екінші тоқсанда тоқсан үзілісінде мектепте ашық есік күнін өткізіп, ата-ана әр кәбинетке барып, әр пәннің жағдайын ұстаздарымен жеке талқылаған еді.
Осы тоқсанда ата-аналар мектептегі сабақ барсын көрсе деп шештік. Кешелі бері мектепте ашық есік күні. Әр сыныпта сабаққа ата-аналар қатысып отыр. Олар баласының сабаққа қатысуын зерттеп, мұғалімнің, мектептің бағытын бағамдап отыр.
Үзіліске шыққанда сабақ туралы мұғаліммен, мектеп әкімшілігімен жеке талқылау да жасап жатыр. Кешелі бері сабаққа қатысқан ата-аналардың ықыласы жауып тұр. Тіпті мұғалімдерді әлденеге кінәлаған, мектепті кінәлап келген кей ата-аналар кешірім сұрап жатыр.

Баламыз енді кешікпейді, баламыздың киіміне, жүріс-тұрысына мән береміз, сіздерге мың алғыс деп сабақта отыр.
Мектеп жабық болған сайын, ата-ана мектептің жауына айналады. Әкімшілік проблемалы деп ата-анадан қашқан сайын шағым жоғарыға барады, ол - тексеріс пен негатив. Ол - жұмысқа қол байлау.
Сондықтан ата-анаға қолдан келгенше ашық болып, мектеп өмірімен біте қайнасуға әрекет жасап жатырмыз.

Сіз балаңыздың сабағына қатысып көрдіңіз бе?
151 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 18:31:21 Алматыдағы тес кезінде қайтыс болған әріптес туралы, және Ұлттық біліктілік тесті туралы вице министр кеш те болса пікір білдіріпті, отбасы мен жақындарына көңіл айтыпты. Ресми жауапты тұлға ретінде дұрыс қадам.
Жалпы оқиға кезінде біраз әріптестер пікір білдіруімді сұрады. Шыны керек пікір білдіргім келмеді. Біреу қайтыс болып жатса, қазадан ұпай жинап, немесе жеке мүддесін тықпалап жатқан қауымды көріп қарным ашты.
Жалпы ұстаздар ҰБТ-сы болмасын, ұстаздар тест тапсырмасын деу ұстаз үшін ұят, - деп ойлаймын. Білікті ұстазға өз пәнінен біліктілік тесті әңгіме емес.

Ал, сұрақ сапасы (өте мөте педагогика-психологиядан) ол бөлек әңгіме. Бұл жерде біз талқылайтын, дұрыстауды талап ететін дүниенің бірі сұрақ сапасы.

Екіншісі тест өтетін жердің техникалық, қауіпсіздік шарт жағдайы. Соны дұрыстауды талап ету керек деп ойлаймын.

Жалпы мұғалімдердің және оқушылардың ҰБТ-сындағы біраз мәселені бірге отырып, ашық талқылау туралы Ұлттық тестілеу орталығы директоры Ruslan Yemelbayev мырзамен USTUDY компаниясының басышысы Olzhas Kuspekov мырзаға қаңтар айында ұсыныс тастағам. Олжас мырза дайын екенін айтты. Руслан мырза ай сайын шегеріп келеді. Негізі жараны асқындырмай мәселені уақытында ашып талқылап шешіп тұрған дұрыс.

Себебі, білім саласы елдің болашағының мәселесі. Ал, екі ҰБТ-да сол болашақты сапалы маманмен қамтамасыз етудің қадамы. Сондықтан, ол мінсіз болмақ керек.
https://kazbilim.kz/?p=12282
430 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 11:41:54 ҰБТ-ға небәрі 2 ақ ай уақыт қалды. Қалған екі айда не істеу керек, білімді қалай жүйелеу керек? Дайындықтың сапасын қалай арттыруға болады?
Уақытты қалай жүйелі пайдану керек?
Тестпен жұмыс істегенде неге мән беру керек, - деген секілді маңызды сұрақтарға жүйелі жауап беріп, тікелей эфирде түлектер үшін тренинг өткізген ем.
Сіздермен бөлісіп қояйын. Сіздерге де бір пайдасы тиер...


730 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 09:12:52 Бердібек Сапарбаевпен халық жылап қоштасты, еңбегіне ел сүйініп, көзіне жас алып жатыр ғой...

Жалпы әкімдер еңбегі дегенде мен көбінде білім саласына қатты қарайды екенмін. Себебі білім саласы - ертеңгі болашақ. Кейбір әкімдер облыстың білім саласының не боп жатқанында шаруасы жоқ. Себебі ол салада жұмыс нәтижесі бірден көрінбейді. Ұзақ уақытты алады. Ал әкімдердің көбі өзін уақытша сезінеді.

Ал елдің болашағы, адами капиталдың сапасы - елдің ертеңі. Бүгінгі мәселені емес, болашақтың мәселесін шешу керек. Себебі болашақтың мәселесі шешілсе, ертеңгі күн жарқын болары анық.

Кеше орын алмасқан үш әкімнің жұмысын біраз зерттедім. Қайсысы білім саласына қатты көңіл бөлген екен деп. Әрине, әр облыстың өзі жақсы білер, бірақ сырт көз сыншы ретінде жаңалықтарын біраз ақтардым. Бақсам бақа екен дегендей, білім саласына ең көп көңіл бөлген Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов секілді.

Облыста төмендегі ауқымды іс-шаралар жүзеге асты, - дейді облыстың білім басқармасының ақпаратын ақтарып отырсам.
1. Ауыл мектептерінің 800-ге жуық мұғалімі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған курста біліктілік арттырды;
2. 40 тренер АКТ құзыреттілікті дамытуға байланысты арнайы курстан өтті. 40 тренер арқылы облыстың 3600 мұғалімі АКТ құзыреттілігі курсымен қамтылды;
3. 40 педагогтен тұратын кадрлық резерв жасақталды.
4. "Зияткер" облыстық мектебі ашылды. Озық халықаралық тәжірибелерге негізделген бұл мектепке ауыл балалары көптеп тартылды;
5. Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жолға қою, қиын өмірлік жағдайдағы оқушыларға көмек көрсету, өз - өзіне қол жұмсаудың алдын-алу, т.б. өзекті мәселелер бойынша 16 мектепке халықаралық "Берік отбасы" бағдарламасы енгізілді.
6. Халықаралық стандарттарға және ұлттық заңнамаға сәйкес оқушылардың саулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 7 НҚА құжаттың жобасы жасақталды;

7. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша 50 сертификатталған тренер даярланды. Бұл іс-шаралар оқушыларға қосымша білім беруді қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік бермек.
8. 2020-2021 оқу жылында 470, ал 2021-2022 оқу жылы 386 жас мұғалімді жұмысқа тартып, пәтер беруден бастап түрлі әлеуметтік қолдау жасалды. Олардың біразы қазір ауылдық жерде жұмыс істеп жатыр.

9. Педагогтерге берілетін облыс әкімі грантын 178-ге жетті. 2021-2025 жылға арналған облыстың даму кешенді жоспарын жасатып, былтыр қабылдатты. Сол бойынша 2025-ке дейін 48 мектеп салынып, үш ауысымды мектеп, апатты мектеп проблемасы толық шешіледі, - дейді егер ақпараттарын ақтарсақ. Егер шын іске асса, үлкен жұмыс.

Қазіргі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ретінде ашылып жатқан BINOM мектептерінің облыстарда, ең алдымен, ашылатыны да осы Атырауда, - дейді.

Жақсы жұмыс, нәтижелі жұмыс. Білім саласы шулап жататын, дау мен ырың-жырың емес, осындай жұмыс болса, қуанып қаласың ғой, әрине.

Атыраулық әріптестер, сырттай бағама нақты ойын айтар, қаншалықты іске асып жатқанын. Мен алмасқан үш әкімнің жұмысынан білім саласына салмақты мән бергені Махамбет Досмұхамбетов деп бағаладым. Мүмкін мен қателестім, келіспеген жұрт өз облысының жұмысын көрсете жатар.

Әкімдер білім саласына қатардағы сала деп емес, N1 сала деп қарағанда ғана біз болашақта шын дамыған елдер қатарына кіре аламыз. Әйтпесе, тек "өрт сөндірумен" өмір өтеді.
704 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 12:52:51 Ресейдің идеологиялық әлемінен тысқары жүрген орыстар өзінің орыс екендігін айтуға намыстанды.

Орыс тілінде сөйлеуден қашатын күйге түсті.

Ал біздің қазақтар баласын орыс тілінде оқытады. Не деген қауым, ә?

Биылғы мына жағдайдан кейін есі дұрыс адам баласын орыс сыныбына бермес, ә?
619 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:24:42 Балалардың қазақ тіліндегі сыныпқа бару көрсеткіші 2017 жылға дейін қатты жоғары болды. Оған дәлел қазіргі бітірушілердің статсикасы. Мысалы биылғы наурыз айында ҰБТ тапсырған түлектердің үлесі мынадай:
✓ қазақ тілінде — 78,2%
✓ орыс тілінде — 21,7%
✓ ағылшын тілінде — 0,2%

Ал, қазіргі 1 сыныпқа барған көрсеткіш мүлде басқа, кері кету ауқымы өте қатты. Қазір орыс сыныбына беретіндер көбейіп кетті. Мына цифрлар он жылдан кейін мүлде басқа болады. Неге?
Мәселе, себебіне қатты үңілу керек. Ең үлкен кінә 2016 жылы басталған үш тілді оқыту реформасы. Екіншісі мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, құжаттағы қазақ тілінің рөлінің әсері...

Тағы қандай себептер бар деп ойлайсыз?
743 views06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 16:40:59 Жалпы ұлтпен қатты ауырған адаммын ғой, кейде қолымнан келмейтін үлкен жүкті мойныма артып алдым ба, - деп қорқамын. Бірақ, білім саласында жасайтын ұлттық бағыттағы шаруалар өтеееее көөп. Уақыт, кадр, қаржы, білім ресурсы жетсе ғой...
Талпынамыз...
Мынау кеше Әсер Сарқыт қарындасқа берген сұхбат еді.... Негізі айтар бұдан көөп...

https://informburo.kz/kaz/elaynasy/zartylai-kitapxana-zartylai-murazai-qazaq-mektebinin-ulttyq-modeli-qandai-boluy-tiis
792 views13:40
Ашу / Түсініктеме