Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-03-08 07:13:09 Қайырлы күн!

Аяулы аналар, гүлдей жайнаған арулар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Көктемдей құлпырып, гүлдей жайнап жүре беріңіздер!

Отбасыларыңыздың берекесі, сұлу да ел еркесі болып жүре беріңіздер! Әлем тек сіздердің сұлулықтарыңызға тамсанып, мейіріміне бөлесін!

Алла баршаңызға тек қуаныш сыйласын!
922 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 16:56:36 Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ деген осы шығар...

Әлем жабыла қарсы боп жатса да...
Тіпті өз халқы шерулетіп қарсы боп жатса да, өзі территориялық келісіміне қол қойған елінің тұтастығын бөлшектеп осы ғасырдағы ең үлкен бір соғысты бастаған Путин бастаған Ресей биілігі тәуелсіз дербес бір елді бомбалап жатыр...

Екі күннен бері Украина жұртына қарап жүрек ауырады. Қаншама бейкүнә халық, бейкүнә бала, бейкүнә сәби қайтыс болды?!

Ол елде қазір тек тыныштық, елінің бірлігі, елдігі арман. Білім, ғылым, денсаулық, экономика емес, бастың амандығы - басты арман.

Украина бізге, біз секілді ұсақ елдердің біразына сабақ болуы керек. Ресей секілді агрессор мемлекетпен көрші отырған жұрт қашан да мемлекеттік қорғаныс пен ұлттық идеологиясын мықтамаса ертең не боларын кім білсін?

Соғыс басталғалы Ресейді ашық жақтап, Путин еркек деп отырған талайды көзіміз көрді. Құдай басқа соғыс салмасын. Ертең сатқын, ең алдымен, іштен шықпасына кім кепіл? Сондықтан нақты идеологиялық тұтастық та маңызды.

Бірақ елде қаншама Ресей телеарнасы сайрап тұр, өз идеологиясын тықпалап...
Қаншама БАҚ тек орыстардың дереккөзіне сүйеніп ақпарат таратып жатыр...

Бұның бәрі ойлантатын дүние...

«Біреудің қойын біреу ысқырып жүріп бағады» дегендей, бір елде соғыс боп жатса, басқалар ары кетсе санкция сап отыра беретінін де көрдік. Бұл тек өзіміздің жағдайымызды тек өзіміз ғана шешетініміздің дәлелі.

Дәл осындай соғыс болса Ресейдің ішіндегі тәуелсіздік аңсап жүрген ұлттар тәуелсіздікке ұмтылатын шығар десем кейбірі алғы шепте жүр... Өкінішті...

Украинаға жеңіс тілейміз. Дәл қазір біз үшін Ресейдің жеңілгені маңызды. Соғыстың тоқтап Украинаның территориялық тұтастығы маңызды.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс барысымен келіп едім, жан-жағыма қарасам біз істейтін, біздің ел істейтін тірлік өте көөөп екен...

Уақыт күтпейді, Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетін көтеріп, ішкі-сыртқы көші-қонды солай бағыттау - кезек күттірмейтін шаруа....

#Слава_Украине
1.3K views13:56
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 09:02:42 Ұлтымыздың төл мерекесі тәуелсіздік күні құтты болсын!

30 жылды артқа тастаған қасиетті құндылық қазақ ұлтына өте үлкен мүмкіндіктер берді. Тарих ағысында жаңа бір серпінмен түлеуге, дамуға ерікіндіктен асқан құндылық болмақ емес.

30 жыл!
Аз да көп те уақыт емес. Біздің ендігі бағытымыз елдің ғылым, білім, ақпараттық, экономикалық юағыттарда шынайы тәуелсіздігімізді орнықтыруға жұмсалуы керек. Ол бір ғана адамның емес баршамызға аса үлкен жауапкершілік!

Тәуелсіздік елге көп нәрсе берді, маған одан көп нәрсе берді. Ең үлкен бақытым ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ атану! Сондықтан да ел алдында өзімді әркез борыштар сезінем.

Әрбіріміз өз жауапкершілігімізді толық ада ете алсақ, онда елдің ертеңі туралы тәуелсіздіктің 50 жылдығындағы, ғасыр тойындағы елдің деңгейін елестеуге болар еді.

Иә. Ұлттың ұлы мерекесі, еліміздің басты құндылығы тәуелсіздік баршамызға құтты болсын!
Жер бетін аттың тұяғымен дүбірлетіп, әлемді өз әлінше уысында ұстаған бабаларымыздың рухын берсін!

Мереке құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Аятжан Ахметжанұлы
1.8K views06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 19:16:38 Құрметті оқырмандарым:
Бұл каналымда көбінде басқа еш жерде жарияланбаған мотивациялық жазбаларым мен қызықты өмір естеліктерім жарияланған.

Оқып пікір алмасып отырыңыздар. Басқа жаққа көшіріп жарияламауларыңызды сұраймын.

Белсенді оқырман көп болса, шабыттанып отырамыз.

Құрметпен Аятжан Ахметжанұлы.
1.9K views16:16
Ашу / Түсініктеме