Get Mystery Box with random crypto!

Мамандық және университет таңдау, грант туралы (1) Күнде жеке | AYATZHAN / Мінез!

Мамандық және университет таңдау, грант туралы (1)

Күнде жекеме жүздеген оқушы мамандық, университет, грант туралы сұрақ қояды. Жауап беріп үлгеру мүмкін емес. Сол үшін жалпы ескертейін:

Асықпаңыздар. Әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі шықсын. Шықса, міндетті түрде жариялаймыз. Жақсылап қараңыз сол кезде, kazbilim.kz сайтына, телеграмға саламыз.

Тағы асықпаңыз. ҰБТ толық аяқталсын. Сосын еліміз бойынша ҰБТ орташа балы, жалпы статистикасы шықсын. Соларға жақсылап талдау жасаңыз.

Педагогикалық немесе медициналық мамандыққа барғысы келетіндер сол бағыттағы арнаулы емтихандарыңызды тапсырып, сертификатын алып қойыңыздар.

Дәл қазір ешқандай сәуегейлік жасамай-ақ қойыңыз. Ешкімге жүгінбей-ақ қойыңыздар. Алаңдамай демала тұрыңыздар. Не гранттар тізімі шыққан жоқ, не ҰБТ жалпы статистикасы шыққан жоқ. Сондықтан қазір болжауға тым ерте.

Мамандықтар мен әр түрлі квоталар туралы кеңесті Гүлбану Бақытханқызы күнделікті жазып жүр. Парақшаларын оқи жүріңіздер.

Жоғарыдағы екі ақпарат шықса, толық талдап өзім де жазатын боламын. Қазірге жалғыз жауап "асықпа". Ақыл айтқан қауымға ұрынып қазір шаршама.

Тұрақты пайдалы ақпаратты біздің телеграмға https://t.me/kazbilim каналына да салып жатырмыз тұрақты түрде...

Өткенде QAZBILIMTV арнасында университет және мамандық таңдау туралы эфир жасағанбыз. Соны көріңіздер. (

)

Қазірге сабыр!

2-3 шілде көсіліп әңгіме айтып, мамандықты бірге таңдаймыз. Оған дейін ұйықтай тұрыңыздар. Конкурсқа құжат қабылдау 13 шілде басталады. Үлгересіз бәріне!!!