Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-01 17:59:43 Президент білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсыныпты...

Иә, көп елде солай, бірақ, жан саны 50 миллионнан асатын ел мен жан саны 20 миллионға жетпейтін елді салыстыруға келмес...

Бізде бұл бөлу аса пайда бермейді деп ойлаймын.

Министрлік көбеюі бюрократияның көбеюі.

Ертең орта білім мен жоғары білім арасында шешілетін дүниелер екі министрліктің арасында шаршатады.

Шенді шекпендіні көбейтеді...

Жалпы біздің елдегі 30 жылдары ең үлкен "жетістіктің" бірі сол министрлік ашу мен жабудан рекорд шығармыз...

Қай заманда қандай министрлік ашылмады, бөлініп, қайта қосылмады...
Аты өзгеріп, комитеттер көшпеді...

Бірақ содан дамып кетпедік...
213 views14:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 15:31:45
Балаларды қорғау күні - деген ұғым бір түрлі емес пе?

Кімнен, неден қорғаймыз?
Қауіп төніп тұр ма?

Неге 1 маусым ғана қорғаймыз? Қалған күні бәрі бір ме?

Немесе былай:

8 наурызды әйелдерді қорғау күні деп атасақ...
Ұстаздарды қорғау күні;
Журналистерді қорғау күні деп атасақ бір түрлі емес пе?

Сондықтан, халықаралық стандарт бойынша қарасақ, өзге жұрттың атауына қарасақ онда
Бүгін балалардың халықаралық мерекесі!

Яғни, халықаралық балалар күні!

Құтты болсын!
Балалар бақытты болсын!

P.S. ұлымды "аюдан" қорғап тұрмын))
76 viewsedited  12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 10:12:59
ХХ ғасырдың алғашқы алғашқы жартысындағы жоғалған адами және интеллектуалдық ресурсты XXI ғасырдың алғашқы жартысында толықтай алсақ қана тәуелсіздіктің жемісі болар еді...

Орнында бар оңалар деген сөз орындалатын еді...

Қасіретті тарихты қасірет ретінде өзіміз де толық сезініп, мойындай алмадық.
Әлемдік қауымдастыққа да мойындата алмадық.
Әттең, 1921-1923, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық болмаса, 37-38 нің қырғыны болмаса бүгінгі қазақтың саны мен сапасы қалай болар еді...

Қазаққа сан керек!

Қазаққа сапа керек!

Біз баба рухына тағзым етеміз!
Қасіретті тарих қайталанбасын!
124 views07:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 21:02:18 ​Адамның арманы шексіз, мақсаты көп болады ғой. Сол арман-мақсатына қарай әрекет етеді. Ниеті қалай соған қарай нәтижесі болады.

Мақсаттарыңды орындап, арманға жету оңай нәрсе емес. Жалпы жетістікке жету үшін де көп нәрсе керек.

Ең маңыздысы - саған жан-жағыңнан қолдау болуы. Адам жетістікке жетуі үшін міндетті түрде үш бағыттан қолдау керек.
Біріншісі, отбасының қолдауы;
Екіншісі, ұжымның қолдауы;
Үшіншісі, қоғамның қолдауы.

Бұл үшеуі болмаса, ешқашан жетістікке жете алмайсың. Қазақ оны жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас, - дейді.

Біздің қоғамда осы қолдаудан тысқары қолдаулармен таныс-біліс, пара, көке дегендермен жетістікке жеткісі келеді. Оның бәрі уақытша. Ондай жетістіктің табаны тайғақ, ғұмыры қысқа болады. Олай жетістікке жеткен адамның өмірі тыныш болмайды да.

Ал жоғарыдағы үш қолдауға қол жеткізу де көбінде өзіңе байланысты. Тазалық пен іскерлік болса, 2-3 қолдайды. Әрине, кейде ішкі-сыртқы факторлар әсер етеді.

Ал үшеуінің де қолдауы болмаса, қанша талантты, қанша іскер болсаң да, жетістікке жету мүмкін емес...
Онсыз ерік-жігерің қанша мықты болса да бір күн сыр беретіні анық...

Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз, сіздің қолдау қай жақтан, қаншалық?

P.S. Бүгін мен ұлттық мектеп құруда жетістікке жетеміз деп сенсем, дәл осындай берекелі ұжымға сеніп келемін.
P.S.2. Суретте Ақмола облысы Зеренді көлі бойында демалыста жүрген Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия ұжымы.
163 views18:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 12:33:58
ҰБТ тапсыратын сәт жақындаған сайын қобалжып, уайымға салынып жүрсіз бе?

Алдымен қай пәннен бастау керек, нені ескеру керек?

ҰБТ-ға берілетін 240 минутты қалай тиімді пайдалану керек, уақытты жеткізу не істеймін?

Осы сияқты сұрақтар әрбір тест тапсырушыны мазалайды. Уайымсыз, қобалжусыз, өз-өзіңе сенімді боп, концентрацияны жоғалтпай сәтті тапсырудың жолдарын бүгінгі тренингте 15 жылға жуық ҰБТ-ға дайындап жүрген орталығымыздың құрылтайшысы Аятжан Ахметжанұлы @aiatjan тренингте айтады.

Осындай керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Тренинг бүгін 20:00-де QAZBILIMTV youtube арнасында тікелей эфирде өтеді.

Олай болса:
30 мамыр
сағат 20:00
QAZBILIM TV тікелей эфирде күтеміз.

БІЛІМ ШЫҢЫН БІРГЕ БАҒЫНДЫРАЙЫҚ!

#ұбт #ент #2022 #дайындық #тест #qazbilim #аятжан #химия #биология #грант #физика #тренинг #мотивация
74 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 12:50:54 Сандар сөйлесін!

Елімізде ертең 11(12)-сыныптарды - 170 857 оқушы;
9-сынып - 302 078 оқушы бітіреді.

Оның ішінде "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлер саны - 8139 оқушы.

Ал, 1-сыныпты - 393 532 оқушы тәмамдайды.

Биыл еліміздегі алғаш рет жалпы оқушы саны 3,5 миллионнан асты.
Ал қазіргі таңда елімізде барлығы 7569 мектеп бар. Ең көп оқушы бар мектепте оқушы саны 5,2 мың шамасында. Ең аз оқушы саны мектептегі оқушы саны 10-15 оқушы.

Тілдік жағдай бойынша 11 сынып түлектерінің 76% қазақ, 23% орыс, 1% өзге тілді сыныптардың түлектері.

Ал, жалпы оқушы саны бойынша 70% қазақ сыныбы, 28,5% орыс сыныбы, 1,5% ға жуық өзге тілді оқушылар.

Ал, мектептердің және 1 сыныптар мен 9 сыныптар үлесін таппадым)
495 viewsedited  09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 14:17:23

61 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 11:14:35 Баланы мектепке неше жастан берген дұрыс?

Жылда осы уақытта өте көп адам қоятын сұрақ. Менің берер кеңесім баланы 6,5 жастан аспай, 1-сыныпқа бермеген дұрыс. Адамның миының даму кезеңі болады. Адамның миы толық 12-13 жасқа дейін даму кезеңін бастан кешіреді.
Қазір балаңыз қағылез, бәрін алып кететін секілді көрінеді. Бірақ мидың көтеру салмағы бала үлкейе келе белгілі болады. Қазір алып кеткен балаңыз үлкейе келе шаршағанын сезесіз. Мидың даму кезеңдері болады, бұл даму кезеңдерінде қатты салмақты салу - қателік.
Әр пәннің қиындық дәрежесіне қарай басталады ғой пәндер де. Мысалы, биология 6-сыныптан, физика 7-сыныптан, химия 8-сыныптан деген секілді.
Яғни адамның әр жасындағы қабылдау мүмкіндігіне қарай зерттеп енгізілген педагогикалық шешімдер. Ал баланы ерте мектепке бергенде, осы зерттеулердің бәріне қайшы шешім шығарасыз.

Тіпті қазір 5 жастан жаңа асқан баланы мектепке бере салатындар көп. Неге десе, кейбірі балам алғыр дейді, кейбірі баламды қарайтын адам жоқ дейді. Екеуі де - балаға жаны ашымағандық.
Ол баланың тікелей болашағына қатысты. Сондықтан балаңынызды кемінде 6,5 жастан асырып, 7-ге толтырып мектепке беріңіз. Бала ештеңеден кешікпейді, ойнап, балалығын толық қандырып, мектепке барсын. Бөпе кезінен балалығынан айырмаңыз.

Аятжан Ахметжанұлы.
1.7K viewsedited  08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 12:34:04
93 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 12:33:37 Бір жылдан бері ұлттық мектеп жасаймыз деп жанталасып келеміз. Осы арманның жетегінде мектепте "Ұрпақтар сабақтастығы" деп аталатын үлкен жоба жасап ек. Жоба аясында, "Ұлы дала рухы дәлізі", "Абай кітапханасы", "Мағжан дәрісзалы", "Алаш тарих кабинеті", "Шоқыр спорт залы", "Мұхтар мәжіліс залы", "Ербол қазақ тілі кабинеті", "Тарих баспалдағы", "Тұлғалар дәлізі" секілді жұмыстар жасалып еді. Соның соңғы түйіні һәм ең ауыры ол "Қайым Мұражайы" болатын. Біз сол нүктені 6 мамырда қойып, бір тыныстап алсақ деп шештік.

Осы мақсатта 6 мамыр болатын "РУХЫ МЫҚТЫ ЕР ҚАЗАҚ" атты іс-шарамыздың бағдарламасымен танысып,рухани кештің қонағы болуға шақырамыз!

БАҒДАРЛАМА:

9:00 Қонақтарды қарсы алу,тіркеу
9:30 “Қайым және ұлттық болмыс” атты жалпылық сынып сағаты
10:30 Орта оқу орындарындағы білім үдерісі және ұлттық мектеп моделін қалыптастыру мәселелеріне арналған “Ұлттық мектеп- ұлт болашағы” атты ғылыми-тәжірибелік семинар
13:00 Кофе-брейк
13:30 Ғалым,ұстаз Қайым Мұхамедханұлының құрметіне арналған қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы “Алтын Белбеу” республикалық турнирінің ашылуы
14:00 “Қайым және ұрпақтар сабақтастығы” мектеп ішіне экскурсия сағаты
15:00 “Қайым мұражайының” ашылуы
16:00 Қайым Мұхамедханұлын еске алу концерті
17:30 “Ұлылар есімі ұрпақ жадында” атты Алаш арыстарының атындағы аллеяның ашылуы (тал отырғызу шарасы)
18:30 Қайым рухына арналған ас

КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР!
102 views09:33
Ашу / Түсініктеме