Get Mystery Box with random crypto!

“Ағаш көркі - жапырақ” дегендей, әр нәрсенің өз сәні, өз көркі | AYATZHAN / Мінез!

“Ағаш көркі - жапырақ” дегендей, әр нәрсенің өз сәні, өз көркі болады ғой.

Мектептің көркі - бала. Балалар демалысқа кетіп еді, мектеп тып-тыныш. Бір үңірейіп, аңғай-даңғай болып қалды.

Біз үшін әдеттегідей жұмыс кезеңі ғой, таңертең барып, кешке қайтып, келген ата-аналардың сұрағына жауап беріп, бұзылған, бүлінген жерлердің жөндеу жұмыстарын жасап, қыстың қамын жаз ойлайтын шақ.

Бірақ бір рахаты осындай кезде жазу-сызу жұмысы өнімді болады. Мазалайтын ешкім жоқ, бір шығармашылық кезең етіп пайдалануға болады.

Еңбек демалысы қалай өтіп жатыр, әріптестер? Мектепті сағынып жүрген жоқсыздар ма?