Get Mystery Box with random crypto!

Университетті өз туған облысыңыздан басқа қалада оқуға кеңес б | AYATZHAN / Мінез!

Университетті өз туған облысыңыздан басқа қалада оқуға кеңес беремін. “Балам адам болсын десең, сыртқа айда”, – дейді біздің қазақ. Рас, университетті басқа қалада оқып, сәл де болса ыстық-суықты бастан кешіңіз, “ақ алақан” маман болып шықпас үшін. Үйдің қасында оқу – жан қинамаудың тамаша әдісі, бірақ үйіңіз қасыңызда мәңгі тұрмайды.

жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың шәкіртақысы көтерілді, мұғалімдер жалақысы көтерілді. Бұл осы бағыттағы мамандықтарға түсуді армандайтындар санын арттырды. Бұрынғыдай "тым құрыса мұғалім бола салам" дейтін ой енді жоқ. Педагогикалық мамандықтар балы көтеріліп кеткен. Ескеріңіз.

2020 жылдан бастап грант конкурсы орыс тобы, қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етті. Енді орыс тобы мен қазақ тобында айырмашылық болмайды. Сондықтан орыс тобы төмен болады деп орыс тобына талпынбаңыз. Енді бәрі бірдей.

Айтпақшы, медицина немесе педагогика мамандықтары таңдайтындар психологиялық тесттен өтуі міндетті, оны конкурсқа құжат өткізгенге дейін тапсырып болу керек. Тапсырып қоймасаңыздар, ертең ол мамандықты таңдай алмай қаласыздар.

Баршаңыздың грант иегері болуларыңызға тілектеспін, сәттілік болсын!
Сұрақтарыңыз болса, комментке жаза беріңіздер, бас-аяғын қосып тағы бір пост жазармын.

Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы