Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-24 13:29:30 Келесі жылғы түлектер үшін, ҰБТ-ға дайындықты енді бастаған түлектер үшін керемет кеңес!

ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің жеті жолы!


121 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:43:39 ​​Қостанай!

Қазақтың ең бір ғажап далаларының бірі!
Қазақтың даналарын тудырған мекен!
Бүгінгі Қостанай облысы ретінде қарасақ арғы бергі тарихта алтын әріппен аты жазылған тұлғаларды тудырған мекен, Тобыл-Торғай тұңғыштар мекені...

Ал, қазақ білімінің қарашаңырағы!

Алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин, Ұлт ұстазы Ахаңдардың өзі бұл даланың иесі һәм киесі!

Сондықтан да, QAZBILIM лицейін Қостанайдан ашу өте көп жауапкершілік жүктейді, үлкен символдық мәнге ие!

Біз ұлттық мектеп туралы айтқанда Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлынан алыс кете алмаймыз! Олар сол ұлттық мектептің өзегі.

Бір аптадан бері Қостанайда мектеп тірлігімен жүрсек те, біз білмейтін тарихымен танысып, ғажап мәліметтерге куә боп жатырмыз! Біздің жауапкершілікті еселеп жатыр!

QAZBILIM QOSTANAY лицейі жұмыстары қызу жүріп жатыр. Дәл осы қарбаластықта қостанайлық азаматтар атымызды байлап, шайын дайындап, пікірлесіп үлгеріп жатырмыз.

Қазақтың дархандығы қайда болса да көрінеді . Осы әлеуметтік желінің бір жақсы жері де осы қазақтың әр өңіріндегі жігіттермен танысып, ойы ортақ достар тауып жатырмыз.

Рахмет, жігіттер!
193 viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:16:15 ​​Әкем айтқан бір әңгіме...

Біздің ауылда бір қатты бай кісі болған екен. Үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы болған. Ауылдағы барлық бәйгеде соның аттары келеді екен.

Бірақ, әлгі бай қатты мақтан қуған екен, барынша ел істемегенді істеп, не түрлі астамшылық жасайды екен. Баяғыда жұрт темекі орап шегетін заманда ел газетке орап шексе ол темекіні кәдімгі ақшаға орап шегеді екен. 2,5, 10 тиындық қағаз ақшалармен ғана темекі шегеді екен. Ол кезде ол едәуір құнды ақша болса керек. Неге, - десе газетпен шегетін көптің бірі емеспін, - деп шалқаяды екен.

Өкінішке, сол байдың бір жұтта малы қырылып, екі баласы өзінен бұрын қайтыс боп, өмірінің соңына таман кәдімгідей қайыр тілеп қалған деңгейде қайтыс болыпты. Әкем, астамшылық жасауға болмайды. Әр нәрсенің обал, сауабы бар дейтін. Бос мақтанның пайдасы жоқ деп үнемі айтып отырады.

Бүгін қара қыз жеңіл атлетикадан бас жүлде алды. Біздің қоржынға алтын түсті дегенде сол әңгіме есіме түсіп жатыр. Біздікі де сол байдың тірлігі секілді.

Ақша төледік. Біздің туды көтеріп біреу жүгіріп берді. Біз алтын алдық деп жыртылып жатырмыз. Дәл содан біздің жеңіл атлетика дамып кетпейді. Біздің балалар жүгіріп келмейді. Ол қара қыз тіпті біздің балаларға лекция да сөйлей алмайды. Шабыт та сыйлай алмайды. Біздікі тек сасық мақтан.

Дәл сол алтын түспей қалса, Қазақстан дамымай қалмайды. Кеше халықаралық пәндік олимпиадада алтын алған балаларымыз туралы жазбаған талай адам қарақыз туралы сүйсініп отыр. Арасында депутаттарымыз да бар. Айналайындар-ау, бұл не сырапшылдық, жүгіре алмаса да біздің балалар барсын жарысқа, көрсін, тәжірибе жинасын, ертең жаттықтырушы болар да өзіміздің мамандар керек, шыңдалсын, - демейді.

Оо, біздің қарақыз жүлде алды, - деп мақтанады. Ал ауылдың балалары түгіл қаладағы 4 мың бала оқитын мектепте жалғыз спорт залмен сабақ өтіп, бағдарлама орындап жүр...

Тіпті, бір спорт залы жоқ, бір стандартты алаңы жоқ қаншама моноқалалар бар, ауылды айтпағанда...

Ғылымда оза шабатын өз қаракөз балаларыңды емес, ақшаға жүгіріп беретін қара қыздар мақтаныш болса ... Жыртыл қазақ! Көк ту желбіреді.
102 viewsedited  12:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 11:28:47 ​​Оқу жылын ұзарту туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жатыр.
Бұл туралы 2016 жылы 6 күндік оқу аптасынан 5 күндік оқу аптасына көшу кезінде жазған едім. Себебі, сол кездегі министрлік сабақты 5 күнге сыйғыза алмағанда шыдамай оқу уақытын 45 минуттан 40 минутқа қысқарта салды. 5 минут ол сабақ уақыты үшін өте маңызды. Ол өткен жылы қалпына келді.

Менің 2016 жылығы ұсынысым 6 күндіктен 5 күндікке қысқарғанда жоғалған күнді толықтау үшін мектептерді тоқсандық оқудан семестрлік оқуға көшіру болған. Себебі, бір тоқсанның соңы мен бір тоқсандықтың басы кәдімгідей сабақтың берекесін кетіріп жіберетін жағдай көп болады. Балаларын демалысқа ерте алып кететін ата-аналар көп.

Жалпы өзім мектепті қатаң тәртіпте күні бойы оқитын елде оқығасын ба, біздің балалардың оқу уақыты тым қысқа деп үнемі айтам.
34 (апта) × 5 (күн) =170 күн. Бұның ішінде қаншама мереке демалыс күндерін алып тастағанда бір жылдың 365 күнінде небәрі 150 күн шамасында оқиды... Яғни жылға шаққанжа үш күннің 2 күні демалыс 1 күні оқу. Тым аз әрине.
Тағы бір жағдай, қосымша білім саласында қызмет еткесін байқаймыз. Ата-аналар маусым және тамыз айында балаларын ақылы қосымшаға жаздырып жүреді. 3 ай демалыста қарайып кетеді деп. Бірақ, бұл да ата-ана үшін шығын ғой. Министрлік өткен жылдан бері шыдамай жазғы мектеп дегенді шығарған. Бірақ, ерікті дегесін, бағдарлама болмағасын берекесі кетті.

Сондықтан, оқу жылын біраз ұзарту туралы шешімді іштей қолдаушылар қатарынан едім. Себебі, мен ата-анамын, ұстазбын. Мен білім сапасының артуына шынайы жанашыр адаммын.

Бірақ, бүгін министрлік ресми шешім шығарыпты. Оқу аптасы екі аптаға ұзарып 36 аптаға созылыпты. Бір апта тоқсандық демалыстар есебінен, бір апта 26-31 мамыр есебінен. Енді соңғы қоңырау 31 мамыр болады. Өгізді де өлтірмеген, арбаны да сындырмаған шешім деп қабылдадым. Енді оқушылар 36 апта оқиды.

Шіркін, мектептердің бәрі бір ауысым болса ғой, - деп осындайда армандап кетесің...
Біраз, мәселе өздігінен шешілер еді.
820 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:49:13 ​​Міне біздің жұлдыздар!
Міне біздің мақтаныш!

Химиядан 1 алтын 3 күміс!
Биологиядан 3 күміс 1 қола!
Географиядан 1 алтын 1 қола!
Керемет қой, бұған дейін
Математикадан 3 күміс, 3 қола!
Физикадан 1 алтын 4 күміс алғанын жазған едім.
Таратып айтайық:

Қытайдың Тиан жин қаласында өткен халықаралық химия олимпиадасында (IChO-2022) химиядан ұлттық құрамамыз 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құрамада Астана, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынап, 4 оқушымыз да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Химиядан еліміз 5 жылдан бері алтын алмаған еді. Сол бостықты Мадияр Қасымалы толтырды. Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс алды.

Ал, халықаралық биология олимпиададасында (IBO-2022) ұлттық құрама 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама былтыр 1 күміс, 2 қола медаль алған еді.
Арменияның Ереванда қаласында өткен олимпиадада еліміздің намысын Астана, Алматы және Өскемен қалаларының оқушылары Ерасыл Темірбеков, Дінмұхамед Омар және Әлихан Жұмағалеев күміс, Бақдәулет Ерназаров қола медаль алды.

Ал, Францияда өткен халықаралық географиядан олимпиадасынжа (IGeO-2022) 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Ақтөбелік Санжар Хамитов, қола медалді Шымкенттік Еркебұлан салды.

2009 жылдан бері қаралай дәл осы пәндік олимпиаданы спорттық олимпиада секілді марапаттауды көтеріп келдік. Сол арманға биыл жеттік. Бұл тқушылар елліміздің ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ түсе алады.
Сондай-ақ, Алтын медаль алған оқушы шамамен 4,5 млн теңге, күміс медаль 3 млн теңге, ал, қола медальға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Бапкерлеріне де ақшалай марапат беріледі.

Халықаралық пәндік олимпиаданың әлі екі-үшеуі өтіп жатыр. Қоржын әлі де тола түседі. Біздің нағыз мақтаныш осылар!

Ұрпағымыз дарынды болсын! Сіздердің балаларыңыз да осындай жетістіе жетсін!
128 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:33:53 ​​Біздің қазақтың балалары шетінен дарынды!

Халықаралық пәндік олимпиадада екі пәннен 1 алтын 7 күміс 3 қола!
Алда қалаған пәндер бар!
Біздің қазақтың дарындары әлі талай топ жарады!

Халықаралық математика олимпиадасы IMO-2022 да Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл - еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.

Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;
Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Олимпиадаға 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар.

Біздің құрама осы көрсеткішпен әлемдік есепте 17-орынға ие болды.

Ал, Швейцарияның Цюрих қаласында 10-15 шілде аралығында өткен халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрамада еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Еліміз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл бір сатыға көтерілді.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс салды.

Айтпақшы биылдан бастап дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне қаржылай сыйлық беріледі. Сондай ақ, ол оқушылар ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына грант беріледі.

Осындай додадан жүлде салған оқушыларымыз мақтауға, мақтануға әрине тұрарлық!
Білім, ғылым бәсекесінде оза шаба берейік!
136 views05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 07:33:55 ​36 жас...

Өмір артымдағы теңіздей толқып, толқындай жағаны ұрып қайнап жатыр...

Біз жеткен мақсаттармен жете алмаған армандар арасында дәл сол толқындай ала сұрып келе жатырмыз...

Артыңа бір қарап, алдыңа бір қарап азаматтық жауапкершілік аласың...

«Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Әйтпесе, болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар», - дейді, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан.

Біз де өзімізге артылған жүкті жетер жеріне жеткізе алып жатырмыз ба, жоқ па? Оған уақыт - таразы!

Бастысы қазақ деген ұлттың мынау ғасырда өз ұпайын жоғалтпауы үшін, оның ұрпағы білімді һәм тәрбиелі, ғылымға бет бұрған, өнеркәсіп пен өнердің тізгінін қатар ұстай алатын сегіз қырлы бір сырлы жеткіншек тәрбиелей алсақ арман не?

Осы арқылы бүгінгі дәуірде қазақ мектебінің жаңа ұлттық келбетін қалыптастыра алсақ, ұстаздық жолда текке жүрмеген болар ек. Әттең арман көп, біз ақырындап жылжып келеміз, уақыт жағынан ұтылмасақ болғаны...

Осылай әр жаста артқа қарап есеп алып, алдыға қарап мақсат қойып жылжимыз...

Жаңа жастағы мақсаттарымыз орындалғай деген тілек сол!

Кешелі бері құттықтап жатқан барша желідегі, өмірдегі достар, жанашыр жақындарым, жақсыларым баршаңызға басымды идім. Рахмееет!!!
Алла тілеулеріңізді берсін!

#36жас
#86ныңбаласы
24 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 13:31:52 Abai TV да Ұстаз деген бағдарлама бар еді...

Сол бағдарлама біз туралы, біздің мектеп туралы бір сюжет жасапты...
Көріп шығыңыздар, ұлттық мектептегі шаруамыз туралы қызығушылық боп жатса...


94 views10:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:26:56
Жаз көп адамдар үшін еңбек демалысы шығар. Бірақ, мен жетінші жыл QAZBILIM-ді жаңа деңгейге көтеру мақсатында тың жоспарлар құрып, жаңа бағыттарды дамытуға арнап келемін.

Биылғы еңбек демалысы QAZBILIM лицейлерінің жұмысын жүйелеу боп жатыр.

QAZBILIM Ақтау лицейіне бірінші кезекте оқушы қабылдау конкурсы жүргізілді. Қалғаны 25 шілдеден бастап келесі кезең болады.
QAZBILIM Қостанай лицейіне қабылдау кешеден басталды.
Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік.

Лицейлердің ерекшелігі

- Лицей таза қазақ тілінде тереңдете білім береді.
- Лицейге іріктеу емтиханы негізінде қабылданады.
- Лицей 5-11 сынып арасындағы оқушылары
- Ұлттық тәрбие;
- Пәндік олимпиадаға бағдарлы дайындық;
- ҰБТ-ға кешенді дайындық;
- Қазақстандық және шетелдік үздік
университеттерге түсуге кепілдік;
- IELTS-қа дайындық;
- Шахмат, тоғызқұмалақ, интеллектуалды ойындар;

Мекенжайы:
Ақтау қаласы 29 шағын аудан, Толқын-2, 121/2. Тел. 8701 762 8008.

Қостанай қаласы, 5 декабрь 100 А ғимарат.
тел: 8701 754 8008.
8708 830 3589 (Назерке Бөрібайқызы)
143 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 19:42:21
Тағдырым биік Хантәңір,
Талабым таудай сонша дүр,
Талғамым өр-ді талайдан,
Тағы боп кетсем, сәл сабыр.

Еңсемді тіктер құзар шың,
Тарихым дүр Ер Тұран.
Теңізден ғана ұғарсың,
Өр толқын мінез толқыған.

Еейй, асқар таулар,
Асқақтығыңды сағынам,
Басыңда жатса да ақ қар,
Биіктікке ғана бағынам.

Көңілі көкке ұлыған,
Бөрі тағдырға ұрынам,
Екі ұртының бірі қан,
Жыртқыштық көрме мұнымнан.

Тағы боп кеткен тағдырым,
Шыңдарда ғана түнеген,
Таусылмас сірә мағдұрым,
Бассам да қасат тізеден.

Ақбас шың қадірлі, ізі жоқ,
Хантәңір - сағыныш, сызы жоқ.
Еңсесін бастырмас ешкімге,
Екеуінің кетем ұлы боп.

Бассам да ғұмыр жалғанын,
Табиғатымды өзім талдадым,
Періште боп келдім өмірге,
Пенде боп кетпеу арманым.

Аятжан Ахметжанұлы
08.12.2018ж
234 views16:42
Ашу / Түсініктеме