Get Mystery Box with random crypto!

AYATZHAN / Мінез!

Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез! A
Telegram арнасының логотипі ayatzhan — AYATZHAN / Мінез!
Арна мекенжайы: @ayatzhan
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.53K
Арнадан сипаттама

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-12 12:33:12 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ. "QAZBILIM" ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ!


443 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 19:25:27 ​​480 теңге + кішкентай намыс = ұлттық тек

Ең алғаш оқуға түскен кезде топтастарымның аты жөніне қарап бір түрлі болатын ем.
Себебі, Мөлдір деген әдемі ат Молдир, Әсел - Асель, Қошқарұлы - Кучкарович еді. Әп әдемі қазақ сөздерін неге сонша қорлайды екен деп ойлайтынмын.

Ал, ұлты деген жерде казашка, казах деп тұратыны тіпті намысыма тиетін. Неге қазақша жазбайсыңдар аты жөндеріңді дейтінмін. Тоқсан сылтау айтады.

Кейін үйленген кезде 2009 жылы келіншегімнің аты жөнін қазақшаладық. Біреулер айтқандай ешқандай құжаттық мәселе содан бері туған жоқ.

Содан бері жақын адамдарымнан біраз адамның құжат қазақшалауына себепкер болдым.

Кезінде Ербол Іргебай ағам дәл солай Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектепте бір күнде бүкіл ұжым құжатын қазақшалаған еді.

Ерағам салып кеткен сол үрдістің сабақтастығы болсын, 90 гимназия ұлттық мектеп үлгісі болады дегенде құжат та сай болса деген арманмен өткен оқу жылының соңында ұжымға ҚАЗАҚ болайық, сөзбен ғана емес, ісімізден, тегімізден қазақтық көрінсін дегем.

Ұжым қолдап батсап кетті, Гульзира - Гүлзира, Сауле - Сәуле болды. Хамитович - Хамитұлы болды. Ары қарай толық қазақ болсақ деген ниет бар.

Абай күні дегенде өзімізге сынай қарап есіме түсіп жатыр...
Қазақ болайық, ағайын!

Ол үшін алғашқы қадамға 480 теңге және кішкентай намыс керек. Атыңыз айбынды, тегіңіз атаңыздың атын қорламайтындай болады!
674 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 09:05:34 Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең жарияланады
643 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-07 14:43:41 Желбір жекен,
Желіп жүрген жайлауда мен бір бөкен...

Желмаяның үстінде желік ғұмыр өтіп жатыр...

Желмаядағы әңгімені тыңдап көріңіз...



5.0K views11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:44:13 ​​Республикалық QAZBILIM орталығы үшін жаңа оқу жылы басталды!

2016 жылы ақпанда ашылғаннан бері көз алдарыңызда өсіп, дамып келеді. Бір балаға болса да сапалы білім берсек деп ірге кеңейтіп келеді. Алғаш ашқан пақырларыңыз - мен.
Биыл 7-жыл түлек шығарып, салып, жаңа оқу жылына үлкен жаңалықтармен қадам басқалы отырмыз. 

Орталықтың негізгі бағыттары:
- Назарбаев зияткерлік мектебіне дайындық (НЗМ);
- Білім-Инновация лицейіне дайындық (БИЛ);
- Назарбаев университетіне дайындық (НУ);
- Ұлттық бірыңғай тестке дайындық (ҰБТ);
- тіл курстары т.б.

1 тамызда 10 қаладағы 14 бөлім:
- Нұр-Сұлтан қаласы;
- Алматы қаласы;
- Шымкент қаласы;
- Ақтөбе қаласы;
- Ақтау қаласы;
- Қызылжар (Петропавл) қаласы;
- Қарағанды қаласы;
- Қызылорда қаласы;
- Семей қаласы
- QAZBILIM онлайн бөлімі;
- QAZBILIM кітап бөлімі @qazbilim.book өз жұмысын бастайды.

20 тамызда үш қалада:
- Ақтау лицейі;
- Қостанай лицейі;
- Атырау лицейі өз жұмысын  бастайды деп жоспарлап отырмыз.

Қазақтың әр баласы дарынды, дұрыс бағыт беру -  бізге парыз. Әр оқушы - әр отбасының ғана емес елдің болашағы. Сондықтан әр оқушының ертеңі үшін сапалы білім, ұлттық тәрбие беруге барымызды саламыз.

Суретте 12 қаладағы QAZBILIM офистерінің мекенжайы мен телефондары көрсетілген.

Кез келген сұрағыңыз бойынша 8707 831 8008 онлайн бөлім нөміріне хабарласуыңызға болады.

Дәл қазір 2022-2023 оқу жылына курсқа жазылу жүріп жатыр. Орын саны шектеулі. Себебi бiз үшін сан емес сапа маңызды. Сондықтан үлгеріңіздер.
490 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:59:52
Республикалық QAZBILIM орталығының қай қалада ашылғанын қалайсыз?
Anonymous Poll
4%
Өскемен
7%
Қонаев
9%
Талдықорған
14%
Тараз
14%
Атырау
14%
Орал
7%
Жезқазған
9%
Павлодар
9%
Көкшетау
14%
Жауабымды пікірге жаздым.
57 voters38 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:44:03 Баланың логикасын қалай дамытуға болады?
Қарым қабілетті дамыту үшін не істеу керек?

Логика деген не?
Баланың логикасын дамытуды қай жастан бастаған ең тиімді?
Осы тағы басқа біраз сұрақтарға жауап алыңыз!


49 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 10:20:07 ​​Демалыста саясат соғалық...

2022 жылы ел үшін бір қатты өзгеріске толы жыл болды ғой. Қаңтарда басталған саяси оқиғалар жазғы уақытта біраз саябырсығанмен, күзде қайта қызады-ау.

Күзде партия құратындар саны әлі де біраз артатын секілді. Бірақ партия құрам дегендердің тіркеуден өткенін көргенім жоқ.

Өмір ағам: ұстаз ешқандай саяси партияның мүшесі болмауы керек,- деп үнемі айтып жүр. Бірақ елдегі ұстаздардың басым бөлігі - бір партияның мүшесі. Соның кесірінен сайлау кезінде ең көп сын біздің әріптестерге арналады.

Өз басым өмірімде ешқандай партияға мүше болмадым. Кезінде мұғалім болып жүргенде бір рет ұсыныс түсті, бас тарттым. 2020 жылы директорлық лауазымға келгеннен екі айдан соң тұңғыш президент күнінде арнайы мүшелік билет алу ұсынысы болды, тағы бас тарттым.

Өткенде жаңадан құрылатын бір партия лидерлері кездесуге шақырып, партия құрылтайшыларының қатарында болып, бірлікте жұмыс істеуге шақырды. Одан да бас тарттым.

Бастысы екі себеп. Біріншіден, біздің басты жұмыс - ұрпақтың білімі, тәрбиесі, сол бағыттағы зейінді шашыратпай сонымен айналысу.

Екіншіден, мен кез келген уақытта партияға кірсем, ұлттық демократиялық партияға кіремін деп ойлаймын. Басқа бағыттағы партияларға ұстанымым сәйкес келмес.

Жалпы “сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады” деген сөз бар ғой. Бірақ бәріміз әр түрлі деңгейдегі саясатпен айналысып жүрміз.

Біздікі елдің білім беру саясаты. Сол дұрыс болса деп барымызды саламыз, ол үшін елдегі бүкіл саясат дұрыс бағытта болуы керек. Себебі бәрі бір-бірімен қатысты. Бірақ бүкіл саясат ұлттық демократиялық бағытқа жақында бұрылмайды-ау деп қорқамын.

Мектеп жиналғанда парламент қоса жиналады. Бірақ оқушылар бірінші тоқсанға тарамай жатып, парламент тарап кетеді-ау... Сосын қысқа таман тағы сайлау болып жатса таңғалмаймын. Сол үшін қыркүйекте жұмысқа кіріскенге дейін әріптестер партия мүшелігі туралы ойланып алсын деп жатқаным ғой. Келесі сайлауларда күйе жағылмас үшін қыстың қамын жаз ойласын деп жатқаным ғой.

P.S. тамыз айында жұмыс қызып кетеді. Бос кезде саясат соғып қалайық)
161 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 07:50:50 Қазақстан бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.

"Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар.

Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалды.

Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова
43 viewsedited  04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:59:31 10-11 сыныпқа өткен, әлі болашақ мамандығын таңдап үлгермеген, оқушыларға арналған кермет кеңес!
Сіз болашақта кім боласыз?
ҰБТ-дағы таңдау пәндеріңізді таңдадыңыз ба?

"Мамандық таңдау және болашақ" мотивациялық тренинг Аятжан Ахметжанұлымен!


138 views11:59
Ашу / Түсініктеме