Get Mystery Box with random crypto!

Жергілікті аудармерия

Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия Ж
Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия
Арна мекенжайы: @audarmeria
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 842
Арнадан сипаттама

Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударудың сәтті мысалдары

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-02-01 20:15:35 Құрметтеу, қадірлеу, сыйлау, ардақтау - осы сөздердің барлығы синоним сөздер.
Сезім тұрғысынан да ұқсас. Тек реңкі бөлек. Қай сөзбен тіркесетіні ғана емес, нақты іс жүзінде нені білдіреді?
Сыйлау - ым, ишаратпен уважуха таныту. Яғни сыпайылықтың жемісі. Сыйлап төрге шақыру. Сыйлап орын беру. Ырым жасау. Қоғамдық әдеп талабынан туады. Жұрттың сенен алдын-ала күтіп тұратын, ренжітіп алмайыншы деген сезімің.

Құрметтеу - Бұл жай этикет пен құр әдептілік шаралары емес, одан артықтау әрекет жасау. Мысалы, құрметтеп, көше атын беру. Құрметтеп, ат-шапан кигізу. Құрметтеп, кітап сыйлау. Яғни, тек сыйлағаннан емес, ұзақ уақыт жеке тірлігіне, еңбегіне тамсанғаннан, ілеу де біреуге жасалатын амал. Талап жоқ, бірақ неге жасап, мәз қылмасқа деген ойдан туады. Жақсының жақсылығын айтып елеп қою деген әлеуметтік ниетіңнен туады.

Қадірлеу - бұл әлдебір заттың не жақын адамның парқын біліп, күнделікті әрі лайықты амалдар жасау.

Құрметіңді, паш етіп бір үлкен есте қалар әрекетпен жеткізер болсаң,
қадірлейтініңді керісінше, көпке көрінбейтін, бірақ тұрақты әрі нәзік амалдарыңмен білдіресің. Қадірлеу - ол сол заттың/адамның тап сенің үшін (қоғам емес, сен үшін) маңызын түсінуден туатын сезім. Талап та, міндет те жоқ, әлеуметтік парыз сезімі де жоқ, бұл елгезек адамның таза көңілінен туатын сезімі.

Ардақтау - құрметтеу мен қадірлеудің қосындысы. Алақанға салып жүру. Бағалап, әлпештеп, аялау. Ардақтау көңілден туатын қадірлеу мен санадан туатын кұрметтеу сезімінің қосындысы. Күнделікті қадірлеу мен кей-кейде құрмет көрсетіп атын асқақтатудың қосындысы.
350 viewsAskar Bazarbay, edited  17:15
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 14:12:26 Ағылшын тілін өз бетімен үйреніп, сөйлеп кеткендерің бар ма?



179 viewsAskar Bazarbay, edited  11:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 16:30:45

98 viewsAskar Bazarbay, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 16:20:49 Өткен жолы алғаш ресми түрде синхронды тәржімә жасауға барғанда ғой, әріптестерге "будкада бірінші рет" десем, "кабина переводчика" деп айт, будка не үшін екенін өзің білесің дейді, кейіп.
Соған дер кезінде жауап бере алмай қалдым да, кабина деп әрі қарай айта бердім.
Кәсібімді құрметтеймін, бірақ будканы "будка" деп атаудан анау айтқан қорлық көре алмадым.
"Телефонная будка" деп те айтады ғой. Түрмеде, әскерде, жаңа түскендерді сөзден ұстап қалатын трюктар бар ғой. Типі, "Когда вставать?" десең, "встает хуй, а я просыпаюсь" деп сөгіп тастайтын. Құдды сол сияқты.
Мутургановтың "мен циркач емес, цирк әртісімін" дегені сияқты.
По мне шо то хуйня, шо это.
"Кабина" дегеннен өзімді зымыран капитаны сезініп кетпесім анық.
"Емшек емес", "омырау" деп айт дегендей ғой. Содан размері өзгерсе қанеки. Кейде осылай политкорректілік қуам деп, асыра сілтеп жіберетініміз бар.
#будка #кабина_переводчика #эвфемизмдер #ауызекі_тіл #кешенғо
215 viewsAskar Bazarbay, edited  13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-08 00:28:51 Термин сөздерді аударудағы көмекші құралдар жайында

Терминдер саласы Республика деңгейінде реттелген жоқ әлі. Біріншіден, бұл үздіксіз процесс, жылдан жылға терминдер ескіріп, жаңарып жатқан салалар көп.
Екіншіден, терминкомға ренжи де алмаймыз.
Мен болсам бүйтер ем, үйтер ем дегендердің көбі мәселе масштабынан бейхабар.
Әрине, дербес мекемелер мен өнеркәсіп салаларының деңгейінде терминдер күнделікті қолданыста қажет болғандықтан, өз терминологиясы тәп-тәуір қалыптасып жатқан салалар бар. Мысалы, медицина саласы, банк пен қаржы терминологиясы, жол-көлік пен тасымал саласы т.б. қысқасы, неғұрлым көпшілікке қызмет ететін салаларды айтуға болады.

Құрылыс саласымен жіті таныс емеспін, бірақ қазақша сөйлейтін мамандары басым салалардың біразында ішін-ара жолға қойылып келеді.
Сондықтан, терминді жалпақ жұрттың талқысына салып емес, асылында сол саладағы қазақ тілін жақсы білетін маманнан, ал одан да жақсысы сол саладағы аудармашыдан сұрап білген абзал.
Терминком.кз - сайты үлкен свалка.
Ол жерде тәуір нұсқа да бар, көзжұмбайлап ақпарсыз ұра салған баламалар да жеткілікті.
Сондықтан бір терминкомға қарап қалмай, сол сала бойынша түпнұсқа тілдегі энциклопедия,, (википедия да жарайды), бірнеше қазақша түсіндірме (sozdikqor.kz - әзірге ең үлкен онлайн ресурс), синонимдер сөздігі (гуглда тегін нұсқасын табасыз) және бірнеше қостілді салалық сөздіктерді көмекші құрал ретінде пайдаланған жөн.
Бастысы, "қазақ тілінің иесімін ғой (Абай жолын оқығам тіпті!), менен артық ешкім білмейд" деген алдамшы түйсіктен ада болып, мұқият ізденуге, тақырып бойынша өзеуремей үздіксіз сауат ашуға ерінбеу керек.
Әрине, қазақи ортада өсу немесе қазақ тілін тіл иесі деңгейінде білу аудармашыға бұлжымас талап, әйтсе де, бұл жайттың жалғыз өзі сапалы аударма жасауға жеткіліксіз. Тек, түсініксіз сөзге тап болғанда ғана емес, жалпы да үнемі ізденуге іштей дайын болған аудармашы кәсіпті игерудің дұрыс жолында деуге болады. Қанша жерден білімдар болсаңыз да, нетворкинг, яғни басқа өзіңіз мойындайтын, немесе сізге шала таныс сала аудармашыларымен тығыз байланыста болудың пайдасын ескеріңіз. Кез келген заманауи тіл — өз алдына үлкен мұқит іспеттес. Ол мұқитта "жалғыз мен ғана жол білем" деген пайыммен алысқа ұзамайсыз. Тілдің орташа шартты жасы 500 жыл*, әрі ол тілді миллиондаған халық пайдаланып, ондағы жаргонизмдерден бастап, термин сөздерге дейін өзінің азды-көпті үлесін қосып жатқанын, ал оның қасында сіздің, яғни бір түйір жеке адамның орташа жасы (сәйкесінше, сол тілде сөйлеу, оқу, жазу тәжірибесі, әрі кетсе, 70-80 жыл ғана екенін ұмытпаңыз.

--------
* яғни шамамен 500 жыл бұрынғы қазақ тілін түсіне аласыз, әрі қарай қиындайды, басқа тілге ұқсап кетеді)
#қазақша_терминология #аударма #сөздіктер
38 viewsAskar Bazarbay, edited  21:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-06 20:29:46 Автобус не жүк көлігі тегіс жолда неғұрлым көп нәрсені жылдам жеткізуге жақсы. Ал қиын-қатпар, ойдым-сойдым, батпақ жолда жылдамдығы төмендеу, сыйымдылығы аздау, бірақ жол талғамай алып шығатын көлік орынды.
Сол сияқты аудармашының бір түрі аударманың негізгі тәнімен айналысса, екінші түрі "тар жол, тайғақ кешулерде" іске қосылса игі еді.

Аудармашының бәрі не автобус, не вездеход емес әрине. "Трассада" да, "балшықта" да өнімділік танытпағанымен, "қала ішінде" жүріп тұруға жарайтын,
яғни бір кішкентай мекеменің қажетін өтейтін, үнемді "кроссоверлер" де бар.
Екі қасиетті бір адам бойында шексіз дамыту қиын, себебі шынықтыру принциптері бөлек. Көп ұзамай екі жол екі жаққа айырылып, алшақтай бастайды. Таңдауға тап боламыз.
Өнімділік, әрине, бізге барлық салада қажет боп тұр.
Алайда тіл эстеттері мен рухы нәзік "гурмандардың" пікірін есепке алмай, объективті қарауға тырысқан күнде де, қазақша аударма "алдымен сан, сосын сапа" деуге болмайтын сирек саланың бірі секілді. Қазақша, бірақ түсініксіз мәтіннің күрт көбеюі қазақшаны әрі қарай жетілдіру мақсатынан түңілдіруі мүмкін. Керісінше, аудармасы сәтті шыққан бір ғана кітап сымсыз телефон арқылы жалпақ жұртқа тарап, қазақша аударма мәтінге сенім отын қайта тұтатуы мүмкін деп ойлаймын.
141 viewsAskar Bazarbay, 17:29
Ашу / Түсініктеме
2021-12-06 20:10:35 Аударма ісінің сіз үшін қызығы неде?

Мен үшін бұл — (табыстан бөлек) танымның бір түрі. Пафостылау шықты, иә.
Жалпы, аудармашылардың екі полюсін байқадым, бірі — қабат-қабат мәтінді тонналап аударудан жалықпайтын, тіпті әр бетіне алатын ақысын ойша есептеп, түпнұсқа тілінің неғұрлым қарапайым, аударма процессінің неғұрлым жеңіл болғанынан кайф алатын аса өнімді аудармашылар, аударма ісіндегі қара жұмыстың едәуір бөлігін солар жасайды.
Екінші түрі — шығармашылыққа жақын, қиялшылдар, өнімділігі төмендеу. Бірақ жалқаулықтан емес. Жалыққыштықтан. Бұлар кіржуғыштың он бет нұсқаулығын аударғанша немесе елу беттік келісім-шартты аударғанша, аналитикалық қауқары мен пайымдық ресурстарын сан-саққа жүгіртетін, миының өзі білмейтін түкпірлеріне күш салатын санаулы беттен тұратын танымдық дүниелерді аударғанды құп көреді. Жұмыс үшін жұмысты емес, ізденісті жақсы көреді. Таным саяхаты еліктіріп әкетеді.
Біріншілер үшін екіншілердің көзқарасы — көрсеқызарлық, әурешілік, "қара" жұмыстан қашу амалы.
Ол да рас болар. Ой еңбегімен айналысуды таңдағанда, аудармашының көбі геморррой болуды, көзі көт болғанша мониторға безірейіп, омыртқасына килограмдап тұз жинауды армандамағаны анық. Бірінші кезекте миыммен жұмыс істесем деп ойлайды ғой.
Ал сіздіңше аударма кәсібін адамдар не үшін таңдайды?
#аударма #сан #сапа #өнімділік
166 viewsAskar Bazarbay, edited  17:10
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 14:32:41 Негізі қазаққа құрылымы, синтаксисі қазақша, бірақ сөздері басқа тілде болған сөйлемді түсіну қиын емес.
Мыс: "Фоловерлеріме взаимная подписка жасайын десем, екі күн тек "подписатьсяны" басып отырады екем."

Түсінікті ғой, иә? Қайта сөзі қазақша, бірақ құрылымы орысша сөйлемді ұғу қиын.
Бейсана деңгейінде солай.
Себебі, түркі тілдерінің қуаты — лексика емес, морфологиясы мен грамматикасының икемділігі. Кезінде осы қасиетінің арқасында түркі тілдері ат тұяғы жеткен басқа нәсілдің бәріне жұғысып, иран, моңғол тілдерінен озып, олардың сөздік қорын қабат-қабатымен жұтып алса да, фонетикасын (өзбек тілі) солайымен жұқтырса да, құрылымын, қаңқасын сақтап Евразияға жайылған.

I don't like him - Мне он не нравится. Қазақшасы қалай?

Осы тұста қай тілді негіз еткеніңе қарай екі нұсқа ғана бар деп ойлауыңыз мүмкін.
1. Маған ол ұнамайды. (Орысшадан)
2. Мен оны ұнатпаймын. (Ағылшыншадан)
Бірақ бірдеңе нетолау боп тұр. Бұлардың қайсысы орысшадан, қайсысы ағылшыншадан калька деп бас қатырмай-ақ қой. Екеуі де тілдің белсенді сөздік қорында әжем заманнан ойқастап жүр. Оған қоса, бұны қазақша айтудың бірнеше дұрыс жолы барын ұмытпауымыз керек. Яғни "ұнамау, ұнатпау" ғана емес.
"Нетолау" деген сезік әлдебір тіркес калька болғандықтан ғана емес, оған қоса, оның мағынасы сезімге, ситуацияға мейлінше тәуелді болуынан да туады.

Нақты осы тіркесте шетелдіктер бұлай айтатын ситуациялардың көбінде орысшада ұқсас конструкция қолданад, ал қазақтар мүлде басқа конструкция, тіпті мүлде басқа сөздерді қолдануы мүмкін.

Қараш өзің:
- This guy talks too much. I don't like him.
- Бұ жігіттің аузы жабылмайды. Жақтырмаймын өзін.
- Oh, for God's sake! I don't like him either! That is not the point!
- Ой, қасқа десейш! Менің де емешегім үзіліп тұрған жоқ. Мәселе онда емес қой!

Әрине, "ұнайд, ұнатпаймын, ол, оны" деп аударсаң да қате емес. Алайда тілді екі әлем арасындағы шекара емес, жалғаушы көпір деп ұқсаң, формализмнен құтылып, бірнеше көпірді қатар қоюға болатынын байқайсың.
#контекст #ситуация #аударма
339 viewsAskar Bazarbay, edited  11:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 16:51:16 #контекст #ситуация

Тіл сөз емес, тіркестен құралатынын айтып жұрт құлағын тауысам ғой.
Сәл толықтыруды ұмытып кете берем. Тіл сонымен бірге ситуациямен тығыз байланысты.
Салалық контекст өз алдына, бір саланың ішінде бірнеше контекст болатын, әрі соған қарай әртүрлі сөз қолдануға мәжбүр болатын жағдайлар да кездеседі.

Бүгін аузым күйген аударма:
"Early Oil Production" - сөзі.

Мұның жалпы анықтамасын гуглдан қарасам, дәстүрлі мұнай өндірісімен салыстырғанда мұнайды ертерек шығарып алу тәсілі екен. Яғни, өндіру жылдамдығы алға қойылады.
Орысша "Опережающая нефтедобыча" .
Сәйкесінше, "Жеделдетілген мұнай өндірісі" ұсынылды.

Ескерілмегені:
1. Early Oil Production - сонымен бірге әлдебір жоба аясында өндірілген алғашқы мұнай көлемін білдіруі мүмкін.

2. Жалпы Мұнай өндіру саласының тарихы контексінде, ертеректегі не тіпті ежелгі мұнай өндіру тәсілдерін білдіруі де мүмкін.


Сондықтан, сөздіктегі баламаны алға тартып қызыл кеңірдек болуды да, екі тілді сөздікте ондай мағынасының жоқ екенін алға тартып, баламаны жоққа шығаруды да түсінбеймін. Егер аудару мәселесінде әлдебір сөздік соңғы сөзді айту хақына ие болса, ол — түсіндірме сөздік.
534 viewsAskar Bazarbay, edited  13:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 17:08:22 #тіркес #контекст #химия
Ғылыми-техникалық аудармадан бір мысал

Ағылшын тілі көбіне аналитикалық тіл болып есептеледі, яғни қабысу жолымен байланысқан тіркестер өте көп. Сондықтан кей тіркестерден, контексін білмесең, қарадай отырып шатасуың оңай.

Release compositional analysis -
-дейді.

"Анализ композиционного состава выброса" депті орысшасын.

Қазақшаға аударайық. Бірден ағылшыншасынан аударуға болады. Немесе түсініп алу үшін алдымен орысшасында проблем жоқ па, тексерейік.
Контексті қараймыз — атмосфераға шығып кеткен қоспаның құрамындағы заттектер тізілген. H2O, N2, СO2 т.с.с.
Демек бұл жерде "анализ" емес, "результат анализа" сөз болып тұр. Жалпы "анализ" сөзі мән қосып тұрған жоқ. Сондықтан, сөзді көбейтпей, алып тастауға болады. "Композиционный" дегенді лақтырып тастауға болады. Себебі контекст бойынша "композиция" мен "состав" бір мағына беріп тұр.
Сонымен: "Состав выброса" өз контексінде артық сөзсіз де ұғынықты.
Нақты мағынасы түсінікті болғандықтан, қазақшасын табу да жеңілдейді.
"Шығарынды* құрамы"
Контекстен түсінікті қандай құрамы екені, бірақ нақтылау керек болса, ұйқы тыныштығы үшін "Шығарындының химиялық құрамы" - деуге болады.


(*шығарынды — ауаға жоспарлы түрде немесе байқаусызда шығып кеткен көмірсутекті газ немесе газдар қоспасы)
507 viewsAskar Bazarbay, edited  14:08
Ашу / Түсініктеме