Get Mystery Box with random crypto!

Негізі қазаққа құрылымы, синтаксисі қазақша, бірақ сөздері бас | Жергілікті аудармерия

Негізі қазаққа құрылымы, синтаксисі қазақша, бірақ сөздері басқа тілде болған сөйлемді түсіну қиын емес.
Мыс: "Фоловерлеріме взаимная подписка жасайын десем, екі күн тек "подписатьсяны" басып отырады екем."

Түсінікті ғой, иә? Қайта сөзі қазақша, бірақ құрылымы орысша сөйлемді ұғу қиын.
Бейсана деңгейінде солай.
Себебі, түркі тілдерінің қуаты — лексика емес, морфологиясы мен грамматикасының икемділігі. Кезінде осы қасиетінің арқасында түркі тілдері ат тұяғы жеткен басқа нәсілдің бәріне жұғысып, иран, моңғол тілдерінен озып, олардың сөздік қорын қабат-қабатымен жұтып алса да, фонетикасын (өзбек тілі) солайымен жұқтырса да, құрылымын, қаңқасын сақтап Евразияға жайылған.

I don't like him - Мне он не нравится. Қазақшасы қалай?

Осы тұста қай тілді негіз еткеніңе қарай екі нұсқа ғана бар деп ойлауыңыз мүмкін.
1. Маған ол ұнамайды. (Орысшадан)
2. Мен оны ұнатпаймын. (Ағылшыншадан)
Бірақ бірдеңе нетолау боп тұр. Бұлардың қайсысы орысшадан, қайсысы ағылшыншадан калька деп бас қатырмай-ақ қой. Екеуі де тілдің белсенді сөздік қорында әжем заманнан ойқастап жүр. Оған қоса, бұны қазақша айтудың бірнеше дұрыс жолы барын ұмытпауымыз керек. Яғни "ұнамау, ұнатпау" ғана емес.
"Нетолау" деген сезік әлдебір тіркес калька болғандықтан ғана емес, оған қоса, оның мағынасы сезімге, ситуацияға мейлінше тәуелді болуынан да туады.

Нақты осы тіркесте шетелдіктер бұлай айтатын ситуациялардың көбінде орысшада ұқсас конструкция қолданад, ал қазақтар мүлде басқа конструкция, тіпті мүлде басқа сөздерді қолдануы мүмкін.

Қараш өзің:
- This guy talks too much. I don't like him.
- Бұ жігіттің аузы жабылмайды. Жақтырмаймын өзін.
- Oh, for God's sake! I don't like him either! That is not the point!
- Ой, қасқа десейш! Менің де емешегім үзіліп тұрған жоқ. Мәселе онда емес қой!

Әрине, "ұнайд, ұнатпаймын, ол, оны" деп аударсаң да қате емес. Алайда тілді екі әлем арасындағы шекара емес, жалғаушы көпір деп ұқсаң, формализмнен құтылып, бірнеше көпірді қатар қоюға болатынын байқайсың.
#контекст #ситуация #аударма